«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары



Pdf көрінісі
бет41/161
Дата19.05.2023
өлшемі1,69 Mb.
#95066
түріБағдарламасы
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   161
Байланысты:
5 том Құтадғу білік толық түсіндірме

Еліктің Айтолдыға сауалы
995 Бəрін ұқтым, — деді Елік жайғасып, —
Біліп алдым сөздің мəн мен пайдасын.
Қайдан шығып, бұл сөз қайда барады,
Мұны да айтып бергін, зерек қарағым!
Қашан тиып, қашан тілді шешеді,
Бұл жөнінде естілер не деседі?
Айтолдының Елікке жауабы
Сөз — сыр, сиқыр, — деді Айтолды, — жүгін, ер! —
Ойға — оны, тілге бірі ілінер.
Бірін айт та, тый тоғызын, қашпайды:
Қажетсіз сөз қажеттісін ластайды.
Еліктің Айтолдыға сауалы
1000 Сөздің пайда, зияны не, нақтылап
Айт та, Айтолды, түсіндіргін жақсылап?
Айтолдының Елікке жауабы
Айтолды айтты: — Жүйелі сөз — ұлылық,
Өсірер ол құлдың-дағы құзырын.
Сөз қуаты шығарар ел төріне,
Қара жерден самғатар ен көгіне.
Сөзің ессіз шықса, басты тіге бер,
Биік көктен — жер түбіне жіберер!
Еліктің Айтолдыға сауалы
Айтты тағы: — Білдір, сөздің өлшемін!
Азы қандай! Көбі қандай? Мөлшерін?..
Айтолдының Елікке жауабы
1005 Айтолды айтты: — Көп сөз, білгін, тегінде,
Айтпасты айтып зеріктірсе көңілді.
Біл, аз сөз сол, сұрағанда — байыптап,
Сөзге сөзбен жауап берсе лайықтап.
(Сары алтындай салиқалы сөз деген,
Бұлтақтамай тиер жерге көздеген.
Дəлдігімен бермес есе мірге де,
Ақылды сөз — алысқа атар сұр жебе!)
Бұл жөнінде ақын былай жырлапты,
Ажарды ашар жырдың сөзі қымбатты:
«Жақсы сөйлеп, сақта өзіңді, бағамда,
Сұраса — айт та, сөзді қысқа тамамда.
Көп сөйлеме, көбірек сөз тыңдағын,
Ақылмен айт, білікпен сөз түз-дағы.
(«Айтар сөзді сайлап алғын ақылмен,
Жауабың дөп, қатар түссін нақылмен.
Көп тыңдай біл, аз сөйлеп, тез түсіндір,
Ниет қойып, ой мен сезім күшін біл!»)
Еліктің Айтолдыға сауалы
1010 Мəнін ұқтым, — деді Елбасы, — бəрінің,
Айт жасырмай, сауалым бар əлі бір:
Кімді тыңдау дұрыс? Кімнің сөзі шын?
Кімге бұрған жөн бұл сөздер өрісін?


 138
139


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет