«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Өгдүлміштің Айтолдыға жауабы



Pdf көрінісі
бет49/161
Дата19.05.2023
өлшемі1,69 Mb.
#95066
түріБағдарламасы
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   161
Байланысты:
5 том Құтадғу білік толық түсіндірме

Өгдүлміштің Айтолдыға жауабы
Айтты Өгдүлміш: — Ата, қалай қалармын!
Қайғыңды жеп, күйінермін, жанармын!
1230 Қалай тірі тұрам, өзің өлгесін,
Азабыңды сенің көзім көрмесін.
Мейірлі ием орыныңа алсашы,
Қайғы салмай, мəн-жайыма қансашы.
Ажал жетіп, тілегімді бермесе,
Пешенеге жазғаны сол, ендеше.
Неге егіліп, неге еңіреп, күйіндің?
Алла əмірі: — Көз жасыңды тый енді!
Дүние, дəулет қалғаны үшін егерде,
Жыласаң да, қайта айналып келер ме!?
1235 Егер қалған берекеге тағы да,
Егілсең де, еңіреме — жаңылма.
Бұл дүние рахатын қия алмай,
Өткен талай ащы жасын тия алмай.
(Егілме сен, өмір-өлім арбассын,
Тіршілікті күшпен ұстай алмассың.
Қаншама адам қабырғасы сөгіліп,
Саған дейін өткен жасы төгіліп.)
Білдің енді опасызын жаһанның,
Зоры да осы-ау шеккен зəбір-жапаңның.
Қанша мүлік жиғаныңмен көз толар,
Тиер нəсіп екі құлаш бөз болар.
Тірлік үшін өкінішке көмілдің,
Қайғыр, өкір, сақта майын көзіңнің.
1240 Кеткен күндер оралмайды қасыңа,
Өткен — өтті. Төнді түнің басыңа.
Ал мен болсам бар қайғыңның себебі,
Сүйін енді, күйінгенің жетеді.
Жаралған жан бір күн ажал табады,
Жаралған — сен, ал жаратқан қалады.


 154
155
Мейірімді ең, əке, жұртты қаратқан,
Сенен де асқан мейірімді жаратқан.
Жаратты да, берді ырыс-құт өзіңе,
Маған да өзі берер. Сенгін сөзіме.
1245 Əлсіздерге қуат берер, дем берер,
Ұлықты да, кішікті де тең көрер.
Бұл туралы есті жанға құлақ қой,
Дана сөзі — ақылсызға шырақтай.
(Дана сөзін түсінерсің ақылмен,
Бар кеселді ұқтырған ол нақылмен):
«Əзіздерге ізет болған əзіз ол,
Ізет тиер, сол үшін аз қазір ол.
Кішікке — ұлық, қадірсізге — қадір ол,
Əлсізге — əл, биіктерге — тəңір ол!»
* * *
Айтолды ұлдың естіп сөзін жайланды,
Көзін көкке тігіп, қолын жайған-ды.
1250 Шүкір қылды, ес тоқтатқан ұлына,
Жаратқанға, ақыл берген құлына.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет