152
153
1215 — Байқа, ұлым! — дейді Айтолды тағы да,
Халімді көр, ал ғибрат жаныңа!
Сенсің — қайғым, өкінішім, арманым,
Қаршадайдан жетімдікте қалғаның.
Менсіз нендей боласың сен, қарағым,
Одан басқа жоқ уайым, алаңым!
Ата еңбегі
сіңсе ұлына біртуар,
Білінеді ол ұлдың мінез-құлқынан.
(Ата жолын көрген оттай жанады;
Құс не көрсе, соны ұшқанда алады.)
Жаны жұмсақ — қатты ұстаған баланың,
Жүзі жарқын ата менен ананың.
1220 Қолдан, егер шығарсаңыз сіз егер,
Ұлдан қайыр жоқ, үмітті үзе бер!
Ұл өсіргің келсе дана, жүректі,
Қатты ұстап: үйрет білім, ізетті.
Сөзін тыңда ұл өсірген атаның,
Жасы келген, иесі ақ жол батаның:
«Ерке-шолжың болса кімнің ұл-қызы,
Өзі егіліп, солар мұңнан нұр жүзі.
Бейбастақ
қып өсірсе ұлдың қылығын,
Кінəлі — əке, жазығы жоқ ұлының.
1225
Ұл-қыз кесір, болса ессіз, парықсыз,
Жаман қылған бір атасы, қанықпыз...
(Кір болса ұлдың көкірегі, қолдары,
Атасынан, тегі сондай болғаны.)
Қатты тұтып, үйретсе ата баланы,
Ұл-қызым деп, бақ — барқадар табады.
(Тезге салып өсір ұлды, сүйгесін,
Кейін жауың күліп, досың күймесін!)
Ата болсаң, ұлан лағып жүрмесін,
Қолдан шығып, кейінгілер күлмесін.
Ұл-қызыңа өнер, білім танытқын,
Өнерімен жақсы құлқы қанықсын!
Достарыңызбен бөлісу: