Үйден шығып, туысқанын бетке алып.
Аттан түсіп, əрі қарай жүгірді.
301
Жетті ақыры, есік қақты қолымен,
Шықты Одғұрмыш ізет қылып оңымен.
Есік ашып, тағаттарын тауысты,
Жүз көрісіп, есендесті, қауышты.
Қолын алып, бастады үйге, төріне,
Орын беріп қан жүгірді өңіне.
Көзайым боп қуанышқа бөленді,
Аллаға көп шүкір қылды ол енді.
3295 Қандай жақсы туғаныңмен қауышқан,
Айырылып — саламатпен табысқан.
Қандай жақсы бауырыңмен алыста —
Жақындасып, сағынысып қауышсаң!
Жарасып бір тұрар еді, қарашы,
Көңілі жақын болса ағайын арасы.
Қандай көркем, егер бауыры — бауырын,
Жандай жақын көрсе езіліп бауыры!
Не дегенін тыңда ердің мейірлі,
Жақын тұтқан жатырқамай көңілі:
3300 «Күллі ғайып* — көз көріссе, ғажайып:
Шаттық шалқыр, сағыныш-мұң азайып!
Айырылысқан суыныспай, өзгеріп,
Қандай жақсы сау қауышса, көз көріп!»
Достарыңызбен бөлісу: