Естідім мен, сөзімді есті менің де.
Мың-мың түмен ырыс, ізгі ат берсін.
303
Өгдүлміштің Одғұрмышқа жауабы
Айтты Өгдүлміш: — Сөзімді əрі созайын,
Сені көріп сергіп, болдым көзайым.
Жорыса кім өз жөн-жолын, тілегін,
Опық жемес, ей, біліктім, білерім!
Не дегенін есті сыншыл кісінің,
Ай, кеңпейіл, ал мəнісін түсініп:
«Қай іске де шапса ықылас, тілегің,
Аяқ бассаң, сол тілегің — тірегің!
3325 Тілектессе — жақын болар алысың,
Жүз көріссе — жаныңды ұғар танысың!
(Тілек болса, жақын тартар қашық жер,
Жүзді көрсе, жан бір өлік асыл ер!)»
Айтты Өгдүлміш: — Өзің үшін күйініп,
Үзе алмаймын айтар сөзді үйіріп.
Бездің — ұлыс, қала, ағайын, туыстан,
Жолдас, жораң, білісің жоқ ұғысқан.
Аш, жалаңаш, бейнет шегіп, күйзеліп,
Иен тауды жалғыз кезіп, күйредің...
Бар туыстың көңілі — шер сен үшін,
Сені көрмей қалай шері ерісін?!
3330 Жалғыздықтан азар адам баласы,
Дауасыз зар — жалғыздықтың жарасы.
Күйінішім шаңырағымды тербеді,
Сағынышым жанға маза бермеді!
Жаратпаған саған деп хақ тозақты,
Сен шексін деп айтпаған бар азапты.
Неге мұнша өзіңді өзің торлайсың?!
Неге мұнша өзіңді өзің қорлайсың?!
(Неге мұнша өзіңді-өзің қинадың,
Мен білейін, айтқын сөзді тыймағын!)
Достарыңызбен бөлісу: