304
3335 Жанашырлық жылы сөзің жайдары,
Туыстықтың, жақындықтың айғағы.
Қандас қамын қандас жемей, кім жейді,
Ол болмаса, жат жаныңды білмейді.
Өзім қимас туғандардан кетісіп,
Мына жерге келдім неме жетісіп!?
Дінім — əлсіз, біліп, қайғы жеп едім,
Игілікті осы жер ме деп едім.
Содан келіп, мекен тептім бұл жаққа —
Жалғыз қалып тəу етсем деп бір хаққа.
3340 Шырмалса адам бұл дүние ісіне,
Ол дүние қамы кірмес түсіне...
Бұл халыққа бар қақпаны жапқанша,
Сиынбассың жаратқан бар хаққа онша...
Тəннен — нəпсі, құмарлықты сығарсың,
Сонда ибадат дəмін татып шығарсың.
Не дегенін есті ойшылдың ірісі:
«Нəпсіменен үйлеспейді дін ісі.
Нəпсі, құмар — жауы ұлықтың, жандырар,
Осы екеуі ісші құлды аздырар.
3345 Құмарға ерген көрер нəпсі тұтқынын,
Тəн тояттап, алар мені құл қылып.
Нəпсіге ерме, ақылмен кес түбірден,
Бас көтерсе — тəніңді бас біліммен!»
Осы іс үшін ұлыс, кентті қалдырып,
Мұнда жеттім ауыр бейнет талдырып.
Егер жұрттан болмаса алыс тұрғаным,
Құрғақ сөйлеп, иə ғайбат қылмадым.
Жалғызсың! — деп, кінəлайсың, туысқан,
Алла менің досым еді ұғысқан...
(Жалғызсың деп арттың міннің ауырын,
Алла жалғыз — мен жалғызбын, бауырым!)
305
3350 Ет жақыннан жырақ кетіп жатқаным,
Оларға аш-тоқтығымды артпадым.
Ел көңілі жұқа, қиын алмағың,
Көңіл сынса, əділдік тап Алладан,
Елге қанша пайдам тимей кеткесін,
Ел соншалық менен зиян шекпесін.
Пайда-зиян, жақсы-жаман — барлығы,
Хақтың ісі, соның берген тағдыры!
Бұл ғарыш пен жер астының арасы,
Бəрі бірдей хаққа мұқтаж, қарашы!
3355 Ел ішінде не боп жатыр, ей, күлік,
Пайда, зиян — бəрі саған белгілі.
Табынғаннан пайда не? — деп сұрарсың,
Құлдық — құлға есік ашар ұғарсың.
Күндіз-түні құлдық ұрып, табынды —
Құл аты оның атағы боп таңылды.
Қабыл алсын, Алла қабыл алмасын,
Құлдық аты тілде аталсын, қалмасын.
Жазығы жоқ жалғыздықтың бұл маған,
Болды содан тəн мен жаным дін аман.
3360 Бəйітшінің, есті айтқанын, түсін ер,
Тысын көрме, мəнін байқа, ішін көр:
«Жалғыз кісі, саған төрің, көрің құт,
Жалғыз жүріп, өз сөзіңді өзің тұт!
Табынушы табынса өзі қамалып,
Елге қалай тисін жалғыз залалы?!»
Кісілермен қатыс дейсің, қандасым,
Қалай жүрем, арбасып һəм жалғасып?!
Сен келгелі бүгін, міне, қарағым,
Құлшылықты қойдым үзіп, қарағын!
3365 Қатысқаным үшін тек бір сенімен,
Зиян шектім, күштемегін тегінде!
Өзім кірсем енді елдің ішіне,
Қашан тиер қолым құлдық ісіне!