«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Одғұрмыштың Өгдүлмішке жауабы



Pdf көрінісі
бет151/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   247
Одғұрмыштың Өгдүлмішке жауабы 

 

Жауап беріп айтты Одғұрмыш: — Сөзіңді,



 

Естідім мен, түсіндірдің, ей, ізгі!

4160  Сенен сұрар тағы бар бір сауалым,

 

Оның маған бергей дұрыс жауабын.



 

Кентке ханға қызметші боп кіргенде,

 

Баруым шарт есігіне мен күнде.



 

Білу керек, қарекетін-мінезін,

 

Тірлігі де өзге олардың білесің.




 360

 

Қатынасу керек шексіз, ерлермен,



 

Жандай болып терезесі тең келген.

 

Бүгін соның бəрін маған баянда,



 

Мен ұғайын қосылу жолын қалайда!



48. ӨГДҮЛМІШ САРАЙДАҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРМЕН ҚАЛАЙ 

ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЖАСАУ ТУРАЛЫ АЙТАДЫ

4165  Айтты Өгдүлміш жауап беріп: — Барлығы,

 

Керек саған, айтайын, сен ал біліп.



 

Енді мұны берейін мен үйретіп,

 

Қалай жүру керек ойға түй жетік.



 

Тірлікте елмен тəтті болсаң, ұтарсың,

 

Бірін — туыс, бірін — жолдас тұтарсың.



 

Сарайдағы жұртпен түгел жарасқын,

 

Барыс-келіс, қатыс əмсе жанасқын.



 

Оларменен шығыспасаң жарасып,

 

Ай, ізгі ер, оңбас тірлік таласып.



4170  Не дейді, есті, қызметкер кісіні,

 

Əділ билеп, жөнін білген ісінің:



 

«Жақын болғың келсе өзің бекпенен,

 

Сарайдағы елмен қатыс шеттеме.



 

Десең өзің ұлықтыққа жетемін,

 

Қызметшіңмен тіл табысып, жете біл.



 

Бектер сені жақын тұтса қаншалық,

 

Қызметшілермен жақындау бол соншалық!»



 

Сарайдағы ел үш топ болып жіктелер,

 

Күллі тірлік соларменен  істелер.



4175  Бірі олардың — ұлық сенен жоғары,

 

Ұлыққа қызмет етсең, құтың толады.



 

Ұлықты ұлық тұтып, сөзін қабыл ал,

 

Сені де ізгі тұтып, жүзің жадырар.



 

Жақсы айтыпты бек білікті, алғыр да,

 

Бектер сөзін текке шетте қалдырма;




 361

 

«Кішіге — ұлықтық ұлықтардан болады,



 

Ұлыққа қызмет етсең, құт та қонады.

 

Ұлық сөзін тындыр, жүгір, жұмыс қыл,



 

Сөйтсең келер бəрі тілек, ырыстың!»

4180  Құт ұлықта, құтты болғың келсе егер,

 

Қызмет қыл, құт ісіңмен өлшенер.



 

Тағы бір топ өзіңнің тең-тұстасың;

 

Сырттасаң — жау, тартсаң — досың, қысқасы...



 

Бұлар сенің қатар, құрбың, ұштасар:

 

Жауапқа тең жауап беріп, ұстасаң...



 

 Үшінші топ, сенен соңғы кішілер,

 

Сүйінсең де, күйінсең де түсінер.



 

Басындырма, кішілерді қатты тұт,

 

Əзілдеспе жөн-жосықсыз сөзді құрт.



4185  Қызмет қылса — нəрсе бер де, аяла,

 

Бос жіберме, кінəлі ме — аяма.



 

(Жазықтыны — ұр, қызмет қылса — малың бер,

 

Бос жіберме, ісін білгін, қамын жеп!)



 

Жолдас-жора, ағайынмен аралас,

 

Көп болса дос, мақтар, қырсық жоламас.



 

Білмей жатып ерді өзіңе жау қылма,

 

Шаттық болмас жауы бардың алдында.



 

Дұшпаның аз болса да бар залалы,

 

Дұшпан əркез дұшпан болып қалады,



 

(Зияны мол, дұшпанмен сəл егестің,

 

Дұшпаныңнан пайда тиер демес тіл!)



 

Не дейді ұққын ердің сөзін жиналған,

 

Дұшпанынан зиян шегіп, қиналған:



4190 «Бір дұшпаның болса, оның мың зияны,

 

Мың досың да аз, біреудей-ақ сияғы.



 

Кісі жаудан əсте пайда таппайды,

 

Пайда көрсе, өз ниеті ақтайды.




 362

 

Істесе не,  саған сенген достарың,



 

Сен де сонша қайтар, досты қоштағын.

 

Құрбы-досты туысқандай елегін,



 

Тең-тұстасың қатарың һəм сенерің.

 

Ес көрме, аулақ тұр ессіздің маңынан,



 

Ессіз доспен адам жолдан жаңылар.

4195  Қалам десең сақтап ізгі атыңды,

 

Жаманнан без, бол  жинақы, қатулы.



 

Күллі жəндік, көрдім, білер үйірді,

 

Кісі, жылқы, құрт та, құс та үйірлі.



 

Не дейді екен, тыңда елдің басшысы,

 

Жақсы-жаман, бəрін көрген бастысы:



 

«Сығыршұқты*  ұшқан қақтың* ішінде,

 

Көрдім: қара — екеуінің түсі де!



 

(Қараторғай көрдім ұшқан жарасып,

 

Жұбы екеуі бірдей қара, қарасам! )



 

Байқа аққуға жанаспайды қарға-ұзақ,

 

Қарақұс пен аққу жүрер кіл жырақ!..»



4200  Құс екеш құс  білгенде үйір,  тобырын,

 

Кісі, сен де кісіңді ізде, жолығып...



 

Екі түрлі бұл достықтың себебі,

 

Сол үшін жұрт табысады, сенеді.



 

Бір достық бар тəңірді алған араға,

 

Болмайды онда қалтарыс та, нала да.



 

Тағы бірі тек пайда үшін достасар,

 

Мұнда адамдық болмас, түбі қоштасар.



 

Достассаңдар тəңірді алып ортаға,

 

Жүгін бөліс, ашуланба, шаршама.



4205  Бұл дүниеде тілеме одан еш пайда,

 

Анда, тəңір берер, кетпес ешқайда.



 

Егер пайда үшін дос боп табысса:

 

Қатынаспа, түйінін шеш, қатысса.




 363

 

Не дейді аңда кісі сөзін досты ұққан,



 

Жаман-жақсы сырын білген достықтың:

 

«Сына досты жамандықта, пайдада,



 

Бұл жерде аяқ тірегін сен қайда да!

 

(Сына досты жақсылықта, жаманда,



 

Сына да біл, біл де тіре табанды.)

 

Дос тілегін білгің келсе, өзің де,



 

Сөйле ашумен, суыт түйіп  жүзіңді.

4210  Білгің келсе сені сүйер, сүймесін,

 

Сұра қимас, өзі сүйген дүниесін.



 

Осы екеуін ұқса, түймей қабағын,

 

Ондай жанды жан жолдас деп санағын!»



 

Өсекшіге араласпа жақындап,

 

Өсекшінің өртер тілі лапылдап.



 

Əлем содан бүлінер һəм ашынар,

 

Мəртебелім, ғайбатшының басын ал!



 

Дүниеқоңыз, пайдакөске жолама,

 

Шүбəсіз, ол — жауың, жау дос бола ма?



4215  Дүниеқоңыз шетін көрсе пайданың,

 

Сенен кетпес «шеше», «əке» деп, айналып.



 

Тілегенін бермесе егер, сұрланып,

 

Көрмегендей бойын тартар тұлданып.



 

Ақжүректі туыс, жолдас, бауыр тұт,

 

Сен соларға — болмас  қайғы, ауырлық.



 

Дос, туыс сол қуанышта қуанар,

 

Қайғы келсе, қасыңда боп уатар.



 

Сүйсін десең, көп достарың өзіңді,

 

Тұз-нан  ұсын, жарқын ұста жүзіңді.



4220  Бұл қос құлық кісі есінде сақталар,

 

Жаман, жақсы күндерде ісін атқарар.



 

Айтыпты ер келтіріп бір бабына,

 

Ай, ақжүрек, түй бұл сөзді жадыңа:




 364

 

«Тұз, нан сыйла кісілерге көңілмен,



 

Ашық жүзбен, қоштап шырын сөзіңмен.

 

Бұл қос қылық құл қылады адамды,



 

Басқа амал жоқ, сен таппасаң амалды!»

 

Екі түрлі болар жау да айырғын,



 

Жауы болса, тұзағы ердің дайын тұр.

4225  Бірі — діншіл діні бөтен  дұшпандар,

 

Бұл кəпірлер, жаулық жолын ұстанған.



 

Тағы бірі  —  пайда көздеп туады,

 

Бұл жолды адам өштікпенен қуады.



 

Кəпір — дұшпан, күрес, жұмса барыңды,

 

Пида қыл да, сал додаға жаныңды.



 

Пайда-зиян үшін туса дұшпандық,

 

Бер пайдасын, жарастықты ұстанғын.



 

Пайда көрсе, жау да жақын тартады,

 

Дұшпандығы тарап, пайдасы артады.



4230  Жарасып бақ, жауларыңмен жақындас,

 

Саламат боп жүрер аман асыл бас.



 

Жаулықтан жоқ пайда, есте жаттағын,

 

Пайдасы жоқ іске қолды артпағын.



 

Ісіңді атқар, көбейтпе жау-қасыңды,

 

Жаулық қуып дауға салма басыңды.



 

Дос тұт кісі жақсысы мен сарасын,

 

Жауыз достың бір тартасың наласын.



 

Жақындыққа жақсы кісі іздесең,

 

Екі түрлі, тыңда егер, білмесең.



4235  Бірі — асыл, ізгі, кісі сарасы,

 

Достас, келсе ондай адам баласы.



 

Тағы бірі — сақи, білген тəңірді,

 

Кісілікті берер кісі кəдімгі.



 

Жақындықпен екеуін де сүйегін,

 

Бұлардың тек жақсылығы тиеді.




 365

 

Атышулы жамандарға қарама,



 

Олардың іс, қылығы тек қара дақ.

 

Ай, əсілі  ақ, жақындаспа қараға,



 

Аққа қара тез жұғады, шамала!

4240  Білімді адам ізгі білім беріпті,

 

Білікті ұқса, ғұмырына серік-ті:



 

«Ай, жақсы ер, қосылма сен жаманға,

 

Айналарсың құлқы жаман адамға.



 

Жақындаспа жауыздарға, ей, сара,

 

Атың кірлеп, дақ қалдырар, бейшара...



 

Жақын жүрме пенделерге жарамсыз,

 

Жағадан ап жетер саған, нанарсыз!



 

Талай көрдім ізгі, атақты жандарды,

 

Жамандармен жаманатқа қалғанды.



4245  Жақсы көрдім, ессіз досқа қайырылып,

 

Кесір тапқан күш-жігерден айырылып!»



 

Бектер тұрар үйдің атын «Қаршы»* дер,

 

«Қаршыдағы» тұратындар  қарсылар...



 

Сарайда əркез өкпе-реніш жетеді,

 

Белгілі оның ұрыс-талас екені.



 

Сенен үлкен ұлық сені қорлайды,

 

Отқа салып, оттан алып зорлайды.



 

Тең-тұсың да көре алмайды, күндейді,

 

Күндеріңді қараң қылып, жүндейді.



4250  Қызғанысып кішілер де іргелес,

 

Күндестікпен жақсылығың тілемес.



 

Осындайдан қаршы-қарсы  жік туар,

 

Екі қарсы бірін-бірі жеп тынар.



 

Тырыс, күнім, кісілерді тілдеме,

 

Тура жүргін — күндеме де, үндеме!



 

Бұл күндестік дауасы ұзақ бір кесел,

 

Өзін өзі жалмап барып, бір кетер.




 366

 

Хақ үкімі — күллі жақсы, жамандық,



 

Күндестірсе, құтылмассың амал қып!

4255  Қызғаныштан жұрт не пайда табады?

 

Қызғаныштың соңы дерт бір алады!



 

Жақсылық қыл, шамаң келсе, баршаға,

 

Шүбəлəнба,  қайтар қарым қаншама.



 

Кімге шаттық келсе, бірге қуан сен,

 

Кімге қайғы  төнсе бірге жұбан сен.



 

Атың ізгі болып, жұртың сүйінер,

 

Қатыспаққа шашылар да, жүгірер.



 

Жау көбейтпе. Аш қабақты, уысты,

 

Көбейт,  жина қаншама дос, туысты.



4260  Егер, жауың торын құра бастаса,

 

Тұзағыңды сайла да, күт, саспа аса!



 

Не дегенін тыңда  ердің жау қуған,

 

Жеңіп,  құртып жауды есінен тандырған:



 

«Осал болма, жақындама шалдырып,

 

Жер жастандыр, өзін ғафыл қалдырып.



 

Сен сынама, ұлы деп біл дұшпаным,

 

Таяқтыға темір қалқан ұстағын!»



 

(Ұлы деп кіл ойла жауың жайында,

 

Таяқтыға темір қалқан дайында!)



 

Жүгін көтер, дос көңілін қалдырма,

 

Бұл сөзімді ұмытпа, ұста алдыңда.



4265  Дос жау болса, қас қылады жаныңа,

 

Көзін тігер жиған, терген малыңа.



 

Іш-тысыңды досың жетік біледі,

 

Оны білген дүниеңді іледі.



 

Нəрсеңе қол тигізеді, тілесе,

 

Жаныңа иелік жүргізеді, тілесе!



 

Өзіңді өзің қаншалықты күзетсең,

 

Досыңды да соншама сақ күзет сен!




 367

 

Сақтау қиын, дос таппағың оңай-дүр,



 

Жараспақ — күш, жау болмағың оңай-дүр.

4270  Жауың болса, жаныңды бақ дауынан,

 

Адамдар аз,  аман қалған жауынан.



 

Жолама ерге екі түрлі, қатыспа,

 

Қатыстың ба, бастар шатақ-шатысқа.



 

Бірі — өсекші, шағымшы əрі күңкілшіл,

 

Бірі — күндес,  екіжүзді күдікшіл.



 

Жəне ішкішті жолдас етпе , мəй құмар,

 

Опа қылмас, көңіліңді қалдырар.



 

Көңіл берме, досқа пайда көздеген,

 

Пайдаң жоқ па, дұшпаның боп өзгерер.



4275  Ұзақ дос боп жүрем десең, шыда да,

 

Райын бақ,  сұрарыңды  сұрама.



 

Сүйінішпен десең тірлік етемін,

 

Қастық қылма, дос қадірін жете біл.



 

Құл қылайын десең, түгел жатыңды,

 

Сақалдан ал, төк те сара алтынды.



 

Жақыныңды жат қылуды ойласаң —

 

Сұрағанын бермей, сөйлей қоймасаң...



 

Ұзақ тірлік тілесең сен, егер де,

 

Сақи бол да, нан-тұзды мол бер елге.



4280  Тілесең сен болуды елге сүйікті —

 

Тəтті сөйлеп, көңіл-тілді біріктір.



 

Десең  өзің  қадір-құрмет табайын,

 

Кісілерді  қадірлей  біл, ағайын.



 

Болам десең, белгілі əрі кемел бай,

 

Қанағат қыл, сенен аспас нелер бай.



 

Мақтан тұтсын жұртым десең өзіңді,

 

Қылығыңды — əз, жарық ұста жүзіңді.



 

Міне, осындай кісі асылы, белдісі,

 

Кісілерге кісілік — кісіліктің белгісі!




 368

4285  Білгің келсе, кісі əсілін, құлығын,

 

Сөзін тыңдап, көргін байқап қылығын.



 

Бұл бəйітті жақсы айтыпты иесі,

 

Сөзін зерлеп мағынамен тиесі:



 

«Білгің келсе, кісі əсілін анықтап,

 

Көңіл, қылық, тіл — бұл істі танытпақ.



 

Ізгі қылық, дұрыс көңіл, түзу тіл,

 

Түп-тегіңе бұлар куə тізілген!»



 

О, асыл ер, қатынаспа  аярға,

 

Беттің арын кетер төгіп, аяр ма!



4290  Заң адамы не дегенін естігін,

 

Надан ертпей тұтқан ақыл, ес, білім:



 

«Əдепсізге қосылма сен, тыныш бол,

 

Түбі  жанжал — əдепсізден, ұғын, ұл!



 

Ызақормен жақын болма, асылы,

 

Достық хақын бұзар, қысса ашуы!»



 

Көңіл сырын аша берме тектен-тек,

 

Ашсаң егер, шегерсің сен тек бейнет...



 

Үнемі үстем жақындықты ойласаң,

 

Ашкөзденбей, тіршілікке бойласаң!



4295  Шырайлы өң, шаттықты əмісе қаласаң,

 

Турашыл боп, құзырға адал қарасаң.



 

Сөзге, өзіңе ұзақ ғұмыр тілесең,

 

Қолды қысқа тұтсаң аман жүресің.



 

Сен тілесең абыройлы ғұмырды,

 

Тіліңнен құр шығарма сөз жырынды.



 

Қайда дəулет бас көтерсе, ей, ізгі ер,

 

Болысқын сен, қолдап оны пейілмен.



 

Өшікпей сен, бұл дəулетпен жарассаң,

 

Зəһар қылар асыңды ол, талассаң.



4300  Тілесең сен сөздің өткір, ашығын,

 

Сұрағанда, турасын айт, асылын.




 369

 

Шақпа жұртты, сөз болмасын ермегің,



 

Кек сақтама, ұсақ сөзді термегін.

 

Сөз борандап, қарыр, көңіл қалдырар,



 

Көңілі қалған кекпен  есің тандырар.

 

Тілді қысқарт өз бегіңе келгенде,



 

Қисық-қыңыр айтпа, жауап бергенде.

 

Ұлығыңды қадірле де, құрмет тұт,



 

Ұлықтық та келер саған қонып құт.

4305  Тең-тұсыңмен өзің келіп-барысқын,

 

Қатыс, қосыл, берісіп һəм алысқын.



 

Қадірлесе, қадірле шын, барыс, біл,

 

Ол жиренсе, сен де жирен, алыс жүр!



 

Ол не қылса, солай қайтар қылығын,

 

Шырын сөзге қосқын тілдің шырынын.



 

Күллі ізгіге арна ізгілік жолыңды,

 

Жамандыққа — жамандық қыл, орынды.



 

Жақсы айтты заң-жобаны білген ер,

 

Заң-низаммен елді түзеп берген ер:



4310 «Сіз» дегенге өзің-дағы «Сіз» дерсің,

 

Мүмкін, бұдан жақсы жауап іздерсің.



 

Жаңғырыққан қия-құздан кем бе едің,

 

«Сен!» — десе, оған қайтарып сен: «Сен!» — дегін!»



*  *  *

 

Сұхбат-сырдың шарттары бұл, адалы,



 

Қатынаспақ болсаң, дауа-амалы.

 

Айттым түгел тиген сөзді құлаққа,



 

Көңілге түй, жауабыңды ұзатпа.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет