Адамдар бар, араласар керексе.
Қадірлесең қонар құт пен дəулеті.
Нəрсе сыйлап, жақсылық қыл барыңмен.
Айтқан сөзін еш қайтармай тыңдағын.
Ілім беріп, халық жолын саралар.
Көп пе, аз ба білімдерін үйренгін.
372
Олардан сен ілім үйрен, білім біл,
Жақсылықты жаса, тартып тіліңді.
4345 Хақихат, дін зердеге сап жаттары,
Білімдері — шын шариғат шарттары...
Ғылым, дана болмағанда жаһанда,
Жерде игілік* өнбес еді қашанда.
Шырақ болды елге олардың ілімі,
Адастырмас — жанса түннің түнегі.
Шырын сөзбен үлесіп тұр мүлкіңнен,
Қызмет жасап, дəм бер жылы күлкіңмен.
Именіп* тұр, тілмен текке есілме,
Ғайбат сөзді удай сақтар есінде.
4350 Тіліңді тый, тұз-дəміңді келтіргін,
Қадір тұтып, сыйла оларды, желпіндір.
(Тұз-дəм татыр, сөзден қуырдақ қуырма,
Қадірле де, көтер сыйлы тұғырға.)
Істе айтқанын, білімін ұқ, жатта да,
Қылық-құлқын жамандама, даттама.
Ілімі ғой олардағы керегің,
Айтып берсе тура жолдың дерегін.
Олар — серке, қой ішінде бастаған,
Бастаса, қой түзу жолдан қашпаған.
Бұларменен араласып, сыйлас бол,
Екі дүниеде құт дарытар, қимас бол!
Достарыңызбен бөлісу: