«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


 АДАМ БАЛАСЫНЫҢ ҚАДІР-ҚАСИЕТІ БІЛІММЕН



Pdf көрінісі
бет18/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   247
Байланысты:
2 5188235762453185852

6. АДАМ БАЛАСЫНЫҢ ҚАДІР-ҚАСИЕТІ БІЛІММЕН, 

АҚЫЛМЕН ЕКЕНДІГІ АЙТЫЛАДЫ

 

Адамды хақ жаратты да ескерді: 



 

Оған ақыл, білім, өнер, ес берді.

 

Көңіл берді əрі тілін тербетті, 



 

Ұят берді, берді құлық, келбетті.

 

(Ділін оңдап, ерік берді тіліне,



 

Ұят берді қылық-құлық, тініне!)

150    Білік берді — адам бүгін жетілді, 

 

Ақыл берді — талай түйін шешілді.



 

Кімге хұда берсе білім, ақылды, 

 

Қолы жетіп, алар ол  мол  асылды!



 

Ақылды — ұлы, біл, білімді — білікті, 

 

Қонса екеуі, ұлы етер жігітті.



 

 

(Ақылды — ұлық, білікті — ұлы, қарасаң, 



 

Екеуі ұлы етер құлдың сарасын.)

 

Бұл сөзіме куə мұндай сөз де  бар, 



 

Сөзді естіп, аларыңды көздеп  ал:




 76

 

«Ақыл қайда болса, ұлылық толады, 



 

Білім кімде, сол білікті болады.

155    Ақылды ұғар, білімділер біледі, 

 

Түгел болар білімді, есті тілегі!»



 

Білік мəнін біл, не дейді білген ер: 

 

Білім білсең, бəле жүрмес іргеден.



 

Білімсіздер бар кеселді көреді, 

 

Емдемесе, тектен-текке өледі.



 

(Надандарды дерт пен бəле үйірер, 

 

Емдемесе, ерте сөніп,  күйінер...)



 

Кел, ай, надан! Дертке дауа жасағын: 

 

Надан білім алса, құты тасады.



 

Ақыл — бұйда, ере түссең — жетелер,

 

Сансыз арыз-тілегіне жетер ер!



160    Ақыл болса, пайдасын ер көп көрер, 

 

Білім білсе, əзіз тірлік өткерер!



 

Ақыл күллі ісіңді алып шығатын, 

 

Бұл біліммен көрер бектер мұратын!



 

(Күллі ісіңді ақылыңмен баптағын, 

 

Уақытыңды біліміңмен сақтағын.)





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет