«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


 ЖЕТІ ЖҰЛДЫЗ, ОН ЕКІ БҰРҰЖ ТУРАЛЫ АЙТЫЛАДЫ



Pdf көрінісі
бет17/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   247
Байланысты:
2 5188235762453185852

5. ЖЕТІ ЖҰЛДЫЗ, ОН ЕКІ БҰРҰЖ ТУРАЛЫ АЙТЫЛАДЫ

 

Кешірімді ием, жаратқан һəм өсірген, 



 

Сөз  бастадым Алла атымен өзім мен.

125    Күллі əлемді қалауынша ол жаратты, 

 

Күн мен Айды жағып, нұрын таратты.



 

Жаратты, көр, шыр айналған ғарышты, 

 

Бірге онымен тағдыр тынбай жарысты.



 

Жасыл көкке шоқ жұлдыздар қадапты, 

 

Қара түнді, жарық күнді жаратты.



 

Зер сияқты көкте олардың қайбірі,

 

Бірі — жолбасшы, шолғыншыдан ал бірі.



 

Халайыққа жарық берер жарасып, 

 

Жол көрсетер кейі, кетсең адасып.




 74

 

(Бірқаншасы, біл, халайық — шырағың, 



 

Бірқаншасы, жолдан шықсаң — құлабыз*.)

130  Қайсысы — бері, жоғарыда — қайбірі,

 

Бірі — жарық, көмескілеу — қайбірі.



 

Секəнтір* бəрін ең үстінен айналар, 

 

Бір бұрұжда екі жыл, сегіз ай қалар.



 

Сонсоң Оңай* болар екінші орында, 

 

Он жəне екі ай уақыты бар оның да.



 

Үшіншісі — Күрүд*, көк мұз қасарған, 

 

Жақындасса — құрыр, жасап, жасарған.



 

Төртінші — Күн  жарық  шашқан  ғаламға, 

 

Жылу, жарық төгер жақындағанға.



135     Бесінші — Сəбит*, нұрлы жүзін бұрғанда, 

 

Сүйінерсің,  тыншып қандай мұңнан да!



 

Одан кейін Арзу*,  тілек  келеді, 

 

Жақындаса, тілегіңді береді.



 

Бұлардың алдын  Иалшық* жүріп,  шолады, 

 

Күнмен қарсы  келсе, жайнап толады.



 

Бұдан басқа он екі Өкəк* көрінер, 

 

Бірі жұп боп, бірі тақ боп бөлінер:



 

Жаз жұлдызы  — Қозы*, сонсоң Үд*  келер, 

 

Əрəндір*,  Құшық*  жақын, жуық жіктелер.



 

(Жаз жұлдызы — Қозы, сонсоң Ұд тұрар, 

 

Ерəндізбен Құшық бірге жұп құрар.)



140    Арыстанмен* Бұғдай басы* қос болар, 

 

Сонсоң Үлгі*, Шадан*, Иа* дос болар.



 

Келер сонсоң Оғлақ*, Көнəк* һəм Балық*, 

 

Олар туса, болар көгің  жап-жарық.



 

Үші — көктем, үші — күздің жұлдызы, 

 

Үші — қыстың, үші — жаздың  жұлдызы.



 

Үшеуі — су,  үшеуі — жел, үшеуі — от, 

 

Үш топырақ; жаһан туған түгел боп!




 75

 

(Үш от, үш су, үш жел түгел таралды, 



 

Үш топырақ — ғалам солай жаралды.)

 

Бір-біріне жаулар бұлар мың жылдан, 



 

Жауға жауды салып, шоғын тындырған.

 

(Бірі-біріне жаулар бұлар өлгенше, 



 

Жауды жауға салып қойған сөнгенше...)

145    Қатыспайтын жаулар еді, жарасты, 

 

Көріспейтін жаулар кегін таратты.



 

(Жаратушы хақ жаратты апарып, 

 

Жаратты да, жарастырды қатарын.)



 

Жаратушы жарылқады, жасады, 

 

Жарастырды тұзын, түзді қатарын.



 

Адам жайлы баяндайын енді мен, 

 

Қадір тапқан ақыл, білім, есімен.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет