Еліктің Өгдүлмішке жауабы
Елік айтты: — Бару міндет-парызың,
Барғаның жөн, туысқандық қарызың.
Бар, сəлем айт, көңілін сұра мен үшін,
Көңілін аула, кеселін біл, сергісін.
* * *
«Хош!» — деп, қайта жолға шықты сайланып,
Үйіне кеп, тыным алды ойланып.
Тамақтанып, атын ерттеп, түйіліп,
Жүріп кетті жұтып қайғы-күйігін.
6285 Таяғанда, жаяу жүріп келді ол,
Қағып қақпа, аш деп белгі берді ол.
82. ОДҒҰРМЫШТЫҢ ҚҰМАРЫ ӨГДҮЛМІШКЕ
ОДҒҰРМЫШТЫҢ ӨЛІМІН ЕСТІРТЕДІ
Шықты алдынан ағасының құмары*,
Сəлем беріп, сонсоң өксіп жылады.
—
Ой, бауырым! — деді жақын келгенде,
Тəңір қуат берсін, болма шерменде?!
496
Бұл жалғаннан өтті ағаң, мықты бол,
Өзің енді ұзақ жаса, құтты бол!
Өзіңді ұста, еңіреме бүгіліп,
Өлімге өзге шарасы жоқ тірінің!
6290 Туған — өлер, шырын жаның кетеді,
Бек пе, құл ма, пайғамбар ма — өтеді!
Өлім бізге даяр тұрар, қашанда —
Амал да жоқ, құрал да жоқ ажалға!
* * *
Естіді де, сорлы Өгдүлміш егілді,
Өзін өзі ұрып, жасы төгілді.
Достарыңызбен бөлісу: |