«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Өгдүлміштің Елікке жауабы



Pdf көрінісі
бет225/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   247
Байланысты:
2 5188235762453185852

Өгдүлміштің Елікке жауабы

 

Жауап беріп, айтты Өгдүлміш: —  Түгел сөз,



 

Ақылды, шын, көкіректе жүрер сөз.

 

Қылық, құлқы аждаһадай ысқырған,



 

Сұм дүние кім-кімді де ықтырған.

 

Өзі өсіріп, өзі баптап семіртер,



 

Өзі сорып, əлсіретіп, жем етер!

6390  Ұқсаң қарап бұл жаһанның айбатын,

 

Басылады тасып тұрған қайратың.



 

Адам, Хауа бұл жаһанға түсті де,

 

Ұрық шашты дүниенің үстіне.



 

 Содан бері кімдер келіп —  кетпеді,

 

Өтті талай ерлер, бектің бектері.



 

Бірі —  алып, бірі —  ғалым боп туды,

 

Бірі —  асқақ, бірі —  залым боп туды.




 503

 

Бірі — дана, бірі — ойлы, зиялы,



 

Бірі — жынды, бірі — еріншек, қияли!

6395  Туды қанша елшілер һəм пайғамбар,

 

Жол көрсетіп, Алла үкімін жайғандар.



 

Қайсысы аз, қайсысы көп жасады,

 

Қайсысының артты сөзі, атағы.



 

Қайсыбірі жаратқанды жау санап,

 

Жауласып — оқ атты, күнə арқалап.



 

Бұл бəйітті оқып, əбден қанарсың,

 

Мағынасын ұғып, пайда аларсың.



 

«Данышпан бол, қаласаң —  мың жасағын,

 

Жаһан құтын көр, шалқысын атағың,



6400  Өлім тұтса, өкінішпен ақыры,

 

Анық, өліп қара жер боп жатарың!



 

Қанша ғалым, хакім, дана жүрмеді,

 

Тілеп — ұзақ, баянды өмір сүрмеді!



 

Бүгін көрсең — тумағандай өмірде,

 

Жатыр өліп жер астында, көрінде!



 

 Қанша кісі не түрлі ер келмеді?!

 

Көр құшты да, шеттерінен жер жеді!



 

 Орда, сарай қалып, талай қамығып,

 

Жатыр жерді төсеніп һəм жамылып.



6405  Ұйқыда ма, үні де жоқ, тілі жоқ

 

Халі қандай? Білгізетін түрі жоқ!



 

Бұл күн мұқтаж ізгілікке өздері...

 

Киінерге, жеуге жоқ қол, көздері...



 

Өкініштен жатыр жүнжіп, күйініп,

 

Жақсылыққа сусап, жердей түйіліп.



 

Бұл күнді хақ берді бізге, сыйынған,

 

Құр жіберсе болмас сəтті бұйырған.



 

Заң түзуші — ай, жақсылықтың бəріне,

 

Тауфиқ берсін бүгін қолдап тəңірім!



*   *   *

6410  Көр, Өгдүлміш, мақтап, тілін тербеді:

 

«Ұзақ жаса, ай, білікті ер! —  деді.




 504

 

Сенсіз қалып жаһан аза тұтпасын,



 

Тəңір сенің тұқымыңды құртпасын!

 

Саған тəңір ашсын күллі қақпасын,



 

Бар тілегің келсін, кері бақпасын!

 

Тағы қандай болса тілек, үмітің,



 

Хұда түгел бергей, сақи жігітім!

 

Сүйініште баянды өмір сүргейсің,



 

Рахаттың ішінде, ерім, жүргейсің!

6415  О, дариға, сендей асыл азамат,

 

Қара жерде жататыны жаман-ақ!



 

Дүние ісі, тəңір солай жасаған,

 

Ай, ел басы, не қыласың, не шара!



 

(Жаһан ісі —  хақтың ісі, не етеміз,

 

Жаратылыс заңы солай —  кетеміз!)



 

Егер өлсең, сені өлдіге санамас:

 

Жүректерден жақсылығың тарамас!



 

Ұзақ жаса, дəм тауысып өл, мейлі,

 

Жақсы сөзің,  жақсы атағың өлмейді!



 

Сүйінсін көп, досың жерге сыймасын,

 

Жерің кеңіп, дұшпандарың қирасын!»



*  *  *

6420  Жерді өпті, шықты сөзін аяқтап,

 

Атқа мініп, кетті үйіне аяңдап.



 

Жетті үйіне, тамақтанды —  марқайды,

 

Белін шешіп, тыныс алып  жантайды.



 

Ерте тұрып ісін қайта жалғады,

 

Пұрсат берді, істеді, ісін барлады.



 

Таза  жүрек, тілмен істі күзетті,

 

Жөнін —  «жөн» деп, қисықтарын түзетті.



 

Жайнап жаһан, жақсы дұға көбейді,

 

Құттың күні туды, тыныс кеңейді!



6425  Олар кетті, қалды жақсы аттары,

 

Ат, құрметі жоғалмасқа сақталды!



*  *  *

 

Көріп барла, енді кісі тініне,



 

Кісі ме əлде періштенің бірі ме?!




 505

 

Кісі десек, өткендерді бұрынғы,



 

Кімдер дейміз айтшы, жұртты бүгінгі?!

 

Өлімізді кісі десек егер де,



 

Шəксіз, олар шын періште тегінде!

 

Қылық, құлқы, сөзі —  құтты олардың,



 

Естіп, ұқсаң қолыңа ырыс қонар мың.

6430  Ақылды —  ұғар, біліктілер біледі,

 

Дүние шəксіз, қалар,  тірі —  өледі.



 

Енді қалған күнің зая кетпегей,

 

Қайтып келмес, қызмет қыл шеттемей.



 

 Мұның ұлы ғибраты  бар  əуелден,

 

Сенен бұрын жасағанның бəрі өлген.



 

Қалар орда, сарай, қала тізіліп,

 

Ғибрат  қылмай, кетер адам үзіліп.



 

Қанша берік бекет, орда қаланы,

 

Жермен жексен етіп ажал талады!



6435  Қанша шаһар, қаншама бау жайнаған,

 

Қалған қурап, бағын өлім байлаған.



 

Қалар саған сарай, орда, қара орман,

 

Аларсың сен мұра ғой деп, уа, жалған!



 

Қайда қолың қол бастаған қаһарман?

 

Жерге кірді, əскер қалды жасанған!



 

 Ашкөз қайда, елім аз деп жылаған?

 

Көп елді алды —  билей алмай құлаған!



 

 Күшпен алған қайда жерін басқаның?

 

Жатыр енді құлаш жерді жастанып!



6440  Мұсылманның қанын төккен қайда екен?

 

Күші қайда? Жерге енгені жай ма екен?



 

(Қайда, қане, қанын төккен мұсылман?

 

Күші қайда? Көрге неге қысылған?)



 

Қатыгездер қайда адамды қорлаған?

 

Қорлағандар неге жер боп сорлаған?!



 

Қайда пенде дүние үшін қандасқан?

 

Өзі өлді, қалды дүние, алдаспан!




 506

 

Қайда пасық тауар  жиған қиырдан?



 

Оған да тек, екі кез бөз бұйырған!

 

Қайда кісі жердің жүзін аңсаған?



 

Жерге кірген, айырылып баршадан!

6445  Дүние халі, білсең, міне осындай,

 

Ұғып түгел, құт қақпасы ашылғай!



 

Шаттығы —  мұң, ал лəззаты —  азабы,

 

Қадірі —  қорлық, рахаты —  ажалы.



 

Не  бұйырса, көтер жүгін түңілмей,

 

Рахат-бейнет өте шығар білінбей!



 

Ай, сабырмен көп бейнетке шыдаған,

 

Ерді тыңда, білік беріп сынаған:



 

«Құт иесі, шүкірлік қыл, сүйін де,

 

Сор иесі, сабыр қылып күйінбе!



6450  Сабыр етсең, сорың құтқа айналар,

 

Шүкір етсең, өсер құтың, күйің де!»



*   *   *

 

Ай, білікті, бақсаң заман сыңайын,



 

Бəрі өзгерген, өзгерткен ел райын.

 

Біліктіге есе бермей қорлады,



 

Ақылдылар  тілін ашпай сорлады.

 

Көбейді елде қорлаушы да, зорлар да,



 

Бас көтермес сорлы болды қорланған...

 

(Зұлымдардың қолы елді жайлады,



 

Момындардың жолын жоқтық байлады!)

 

Намаз қалып, жүзін жуған шарапқа,



 

Ер атанып, аты шықты алапқа?!

6455  Пасықтарды ерен десті, жаратты,

 

Сараң десті татпайтынды шарапты.



 

Ораза, намаз ұстағанды жақтырмай,

 

Жəдігөй деп жаманатты тақты ұдай...



 

Адалдықты түгел арам таптады,

 

Арам ниет жердің жүзін қаптады.



 

Адалдықтың аты қалған, көзі жоқ,

 

Қарақшы —  арам, əттең, тоқтау, тезі жоқ!




 507

 

Қане кім бар арам деген арамды,



 

Арамнан бір қорғап қалған адалды?!

6460  Жаны таза адал қайда, ақ қайда?!

 

Қияметте адалдыққа жақ қайда!?



 

Арам біткен жапты жұрттың көңілін,

 

Адалдықты қайдан таптым, ей, ұлым!



 

Сөз кезегі келді мұны  мегзеген,

 

Тыңдап, ай  ұл, түйіп алғын зердеге:



 

«Көңілім кір, қара болды араммен,

 

Білімді іске қоспадым бір амалмен.



 

Сырымды ашсам, иілмеген жан-тəні,

 

Құлшылықсыз нəпсі құлы,  арам мен!»



6465  Жаһан құлқы мүлдем бөлек болды, көр,

 

Кісі жаны тілден бөлек болды, көр!



 

Опа кетті, жұртты жафа жалмады,

 

Сенетін бір кісілікті ер қалмады.



 

Опа кетті, елде жафа сүйреді  із ,

 

Сүйенерлік, сенетін жан сиреді.



 

Бауырынан бауыр безіп суысты,

 

Жатбауыр боп сөкті туыс —  туысты!



 

Кішіде —  əдеп, қалмады ақыл ағада,

 

Сыйластық жоқ, бөктік дау-шар, жалаға!



6470  Жақындықтың бəрі пұлға сатылды,

 

Адал адам таппай жаным ашынды!



 

Қане, кім бар аманатты  ақтаған?!

 

Өсиеттің сөзін кім бар сақтаған?



 

Қайда, қане, қайырымды асыл ер?!

 

Қане арамдық жолын қиған жасын ер?»



 

Саудагерлер аманатты ұмытты,

 

Ұста* өнеге, мұрагерін құрытты!



 

Білікті айтпай ақиқаттың ашығын,

 

Ұят кетті, əйел беті ашылып!



6475  Кетті əділдік, сұм-аярлық арбады,

 

Құдайшылық сұрар кісі қалмады!




 508

 

Ел ақшаның құлы болды, табынды:



 

Күміс кімде болса, соған жағынды!

 

Мешіт аз да, жамағаттар көп еді,



 

Мешіт көп те, жамағат аз келетін.

 

Не дегенін тыңдап ойлы кісінің,



 

Ай, жақсылық иесі, алғай түсініп:

 

«Бар ма əділдік жолын қуған, қанеки?!



 

Бар ма хақтың ісін қылған, қанеки?!

6480  Күллі жаһан бастан-аяқ бүлінді,

 

Таңданған бір пенде болса, қанеки?»



 

Мұсылмандар бір-бірімен жауықты,

 

Тыныш жатып кəпір рахат тауыпты.



 

Мұсылманның күллі малы таланды,

 

Қане, ерің, тыйған арам аранды?!



 

Зинақорлар ұйықтатпас түнімен,

 

Қане, тыйса құран, ілім үнімен.



 

Діл қатайып, тіл мүлəйім боп алды,

 

Қалды иісі, шындық өзі жоғалды.



6485  Атасына, көр, аталық етті ұлы,

 

Ұлы —  бек те, ал атасы бек құлы!



 

Тірлік қысты, өршіп-өсті қайғы-мұң,

 

Сұғанақтық өрді, жүрек шайлығып!



 

Кейде жетім, тұлды демер пенде жоқ,

 

Азды жаһан, таңырқайтын ер де жоқ!



 

Жақсы айтыпты білімі кең, ғалым жан,

 

Жаһан кезіп, жомарттықпен танылған:



 

«Заман ақыр келді, жарғы бұзылды,

 

Жамандарды көріп жақсы бұзылды...



6490  Ақылды ұғар, біліктілер біледі,

 

Жыл, ай, күн мен заман түгел құбылды!»



 

Ұмытты ұл-қыз ата-анаға құрметті,

 

«Қария» аты ерді қорлау іспетті.



 

Заң-жосықтың бəрі өзгеріп, құрыпты,

 

Ақ-қараны айырмастай былықты!




 509

 

Мұның бəрі ақырзаман белгісі,



 

Белгі берді, келер келген  келгісі.

 

Иманды бір Алла сақтап, кешіргей,



 

Бітнə-бəле сұмдық ізін өшіргей!

*   *   *

6495  Төрт жүз де алпыс екінші жыл еді бұл,

 

Мен түйгенде үлгілеп сөз өрімін.



 

Ақылым жеткен сөзді түгел түсірдім,

 

Оқушы,  өзің үлгі аларсың, түсінгін!



 

Қандай болмақ жосық, жолың,  айналаң,

 

Айтып бердім, аз да болса пайдалан.



 

Дүние жолы бұл өзі əрі дін жолы,

 

Жөн-жобадан жаңылмағын біл де оны!



 

Қаласаң бұл дүниені, жолы осы,

 

Ақырет жолын қусаң, егер, ол да осы!



6500  Құлқыңды оңда, қуат берер бір Алла,

 

Үшінші жоқ, таңда бірін құп ал да!



 

Бұл сөздерді бастаудағы тілегім,

 

Не екенін  өзің, Алла, білесің.



 

Қызықпадым атақ-даңқ, атқа да,

 

Пайдам тисін дедім жақын, жатқа да.



 

Оқушы оқып ұқса, мені түсінер,

 

Дұғасында есіне бір түсірер.



 

Тілегім де, үмітім де осы еді,

 

Оқып, маған дұға қылса — жетеді.



6505  Тілім сөйлеп, қолым жазды бұл сөзді,

 

Қол да, тіл де семер — өлер, біл, өңдім!



 

Қол мен тілдің нышаны осы жазғаным,

 

Бітіп енді, ерім, саған арнадым.



 

Мен жалғаннан озып жерге кіргенде,

 

Оқып, мені еске ал, тірі жүргендер!



*   *   *

 

Ай, ұлы ием, мəңгі мұңсыз, ғұмырлы,



 

Жарылқай жүр, мендей мұңлық құлыңды!




 510

 

Кінəлі бір құлыңмын, көп жазығым,



 

Күнəмді кеш, ием, шықсын қарығым!

6510  Өзің —  ием, мен —  құл, құлдың аты — құл,

 

Ием сенсің, иелік ет, рахым қыл!



 

Ием өзің, мен құлыңмын, есірке,

 

Жарылқағай, жазығымды кешір де!



 

Алып жатқан  шығыс —  батыс арасын,

 

Момындарды жарылқағын, ей, асыл!



 

Күнəһармын  күнəліден —  көп жала,

 

Күнəмді кеш, түзет, мені қолда да!



 

Жұпардан тек жұпар иісі шығады,

 

Пəледен* тек сасық аңқып тұрады.



       

6515  Үмітім сен, өзің үміт —  сенерім,

 

Үмітімді үзбе, ай, үміт, елегін.



 

Жазықтымын, құлмын құлқы жафалы,

 

Опалы ием, өзің маған опа қыл!?



 

 

Жафадан тек жафа келер, көнгемін,



 

Опадан тек —  опа, өңгені көрмедім.

 

Жарылқағай күллі момын пендеңді,



 

Жүрсем кешір, арасында мен де енді!

 

Пайғамбарға мың-мың сəлем жолдадым,



 

Дұрыс жолға бағыт беріп, қолдаған!

6520  Сəлем бердім серігіңе төрт  бірдей,

 

Уа,  Алла, мұны толық жеткізгей!




 511



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет