«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Еліктің Өгдүлмішке жауабы



Pdf көрінісі
бет223/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   247
Байланысты:
2 5188235762453185852

Еліктің Өгдүлмішке жауабы

 

Елік айтты:  —  Мына сөзің  ғаламат!



 

Өзің — асыл, сөзің — кемел, жамағат!

 ......................................................................

Өгдүлміштің Елікке жауабы

 

Опасыз тəн, нəпсі жафа шектірер,



 

Жафашыға — жафа қылсаң, шет жүрер.

6360  Нəпсіге еріп,  сүйіндірсең денені,

 

Жапа сонша зұлымдықпен өреді.



 

Жақсы айтыпты ғалымдардың сарасы,

 

Бұл жафашы тəннің дауа,  шарасы.



 

«Кімге опа бердің —  күткін жафасын,

 

Жафашының жаласына қаласың!




 501

 

Кімге ізгілік етсең —  қорқып, сақтанғын,



 

Зар жылатып, тартқызар сол наласын!»

 

Үш нəрсенің жаман семіз болғаны:



 

Бірі —  тəнің, ит пен құсың —  қалғаны.

6365  Баптау үшін —  ашықтырған пайдалы,

 

Бабын тапсаң —  ұшқыр,  алғыр, айлалы!



 

Құс ширықпай —  ұшпас, дəмін қаға алмас,

 

Тоқ, семіз ит —  жүгірмес, аң ала алмас.



 

Тойынған тəн бурадай нақ шабынар,

 

Ерік берсең, тулар —  естен жаңылар!



 

Құс алмаса, бір  үйрегің кем болар,

 

Ит шалмаса, бір сусарың кем болар.



 

Ал сен өзің бурадай жын шақырсаң,

 

Еңіретіп отқа сүйрер —  тасынсаң!



6370  Тоқ жүреді, тойынбаған пақырлар,

 

Байдың байы —  қанағатшыл  тақырлар!



 

Асын ішіп, лыпа болса —  жамылып,

 

Іс тындырар тынбай,  һаққа табынып.



 

Бектік дəулет, құттан кісі есіріп,

 

Тигізеді іске, жұртқа кесірін!



 

Тəкаппарсып, Алладан да «қорықпас»,

 

Ақылдылар жолдан тайып торықпас.



 

Бай да үзілер, кедей, шіркін, қиылар,

 

Екі кез бөз,  бір қара  жер бұйырар!



6375  Кедей өлсе, жоқшылықтан құтылар,

 

Бай қысылар —  малын қимай құтырар!



 

(Кедей өлсе, михнаттан құтылар,

 

Бай қиналар —  қалар мал мен құты бар!)



 

Мұны мегзер сөз мəніне қанарсың,

 

Өнегелі ойдан үлгі аларсың:



 

«Өлім —  зейнет, ей, иесі бейнеттің,

 

Өлім — бейнет, ей, иесі зейнеттің!



 

Кедей өлсе, бар бейнеттен арылар,

 

Бай өлсе, егер, есебінен жаңылар!»




 502



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет