Туран ( түркілер елі) бертінгі аталуы — Түркістан.
8. Мəшрық мəлігі — Шығыстың əкімі. Нақтырақ айтсақ: Шығыс мемлекетінің бегі.
9. Хас Хажыб — ( Хажыб, араб сөзі), ханның ең жақын, ең сенімді кеңесшісі. Махмұд
Қашқаридың ұғындыруына сүйенсек, бұл сөздің түркіше мəні «Тая аңу», «Таяныш»,
яғни хан тірегі, мемлекет таянышы. («Диуани-лұғат-ит-түрік».)
10. Зүлжəлəл — 1) Бір өзіңе аманат; құрметті; 2) Алланың бір сипаты.
11. 6232 сілтемені қараңыз.
12. «Əнисул Мəмəлік» бұл атауды қарасөзбен жазылған алдыңғы кіріспеде «Əйинул
Мəмлəкəт» дейді. Ташкент, Шыңжаң басылымдарындағы түпнұсқа мəтін
транскрипцияларында да осындай екі түрлі болып жүр.
13. Мүлк (мүлік) — түпнұсқадағы тұлғасы сақталды. Қазіргі «мүлік» мағынасымен
үйлескенімен, байырғы мəні — «мемлекет, ел басқару» дегенді білдіреді. (ДТС.,
стр. 352)
14. Мəлік — үкім етуші, əкім, шах.
15. Мүлкəт — иелік ету (ДТС., стр. 352);
Мүлүк — иелік етуші, билеуші (ДТС., стр. 352).
521
16. Құз орда — Баласағұн қаласының бір кездегі аталуы. Жетісу өлкесіндегі (Шу
өзені, Талас өңірі) көне қала. Көне түркі сөздігінде «Құт орда» деп те жазылған
(ДТС., стр. 588).
Достарыңызбен бөлісу: |