І
Бісміллəхи-р-рахмани-р-рахим!
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!
1. Шын — Солтұстық Қытай.
2. Хакім — қазіргі қолданылып жүрген «əкім» мағынасында емес, контекске қарағанда
бұл сөздің мағынасы білікті, озық ойлы, «парасатты, білімді адам» (интеллектуал,
интеллигент) дегенге саяды.
3. Машын — Оңтұстық Қытай. Машынды Табғаш деп те атаған. Ортаңғы Шынды
«Хытай» деп атаған, ал Қашқар — төменгі Шын. (В.В. Бартольд. Сочинения. М., 1966.
Т. 5. С. 87).
4. Мəшрық (көне түркі тілінде) — Шығыс.
5. Бұғрахан — Түркістан өлкесін 840—1212 жж. билеген Қарахандар əулетінің аты. ( Бұл
шығарма сыйға тартылған ханның толық аты: Тауғаш — Бұғра Қарахан Əбуəли-Хасан,
Сүлеймен Арслан — Қарахан ұлы.)
6. Мəлік (арабша) — əкім, хан, патша. Бұл жерде түпнұсқа мəніне сүйеніп мемлекет
деген мағынада қолданылды.
7. Бұл аталған шығармалардың бұл күнде елге кеңінен танылғаны «Шахнама» ғана.
(Фердоуси, 940 — 1030 жылдар шамасы.) Қалғандары белгісіз. Сондықтан да, бұл бір
шығарманың əртүрлі атаулары емес, сол кезде мұндай жанрдың кеңінен таралғандығын
білдіреді деген де болжам бар. (Академик Кононов А.Н. Слово о Юсуфе из Баласагуна
и его поэме «Кутадгу билиг!» — Советская тюркология, 1970, №4.) Əйтсе де, түрлі
елдердің ғалымдары қабыл қылып, бұл кітапқа «əрбірі əртүрлі лақап ат берді» деген
түпнұсқаның өз сөзіне сенген дұрыс...
Достарыңызбен бөлісу: |