Мəжүн — іш тиятын;
Чұрны — іш жүргізетін тұнба дəрілер.
2904. Жүлəңбін, жүлəб — шырын, тұнбалардың аттары.
Жүлəңбін — бал тұнбасы, балдан əзірленген сөл.
Жүлəб — қызғылт сусын. Балды немесе шекерді қызғылт шырынға араластырып
əзірлеген тұнба.
Құрғатылған, кептірілген жеміс.
2970. Тариқат — діни тəлім, ілім сатысы.
2971. Мүрруəт — имандылық. Бұл атаулар сопылық ілімнің сатылы тармақтары
саналатын — шариғат, тариқат, хақиқат, муариқат атауларынан алынған секілді.
3002. Сарт, сарттар башы — саудагер, саудагерлер басы.
3083. Мəңгі жарық елге — ол дүниені мезгеп отыр.
3173. (жəне 3485). Қадаш — қандас, туыс, ал «адаш» «дос-жар», «жолдас» деген сөз.
Өзбек аудармашылары «қадашты» «қарындас» деп ұтымды қолданған (қарын-
дас, құрсақ-тас, бір құрсақтан шыққан бауыр). Бізді «қарындас» сөзінің мағыналық
астарының құбылысы қызықтырғанын жасырмаймыз. Сондықтан да, бірнеше жерде
солай қолдандық та. Əйгілі «Қарындастың болғаны қандай жақсы...» деген халықтық
тіркестің мəнін де осындай кең мағынада түсінген жөн сияқты.
3181. Қара — қара халық.
3197. Тетік — Осы сөзді алғашқы басылымда «дана» («бөгу») деп аударған едік, бұл жолы
түпкі тұлғасын қалдырдық; зерек, сергек, түсінігі бар саналы (адам) деген мағынаны
береді.
3229. Зəхид — Бұл дүниеден бəз кешіп түңілген, дүние қызығынан безген жан. Кісікиік.
3251. Мұңлық — Бұл жерде мұқтаж, зар деген мағынада.
3275. Түріп — түру мағынасынан. Орады, бүктеді мағынасында. Түпнұсқаның «бітік
(жазба, хат) түрібі» де түсінікті.
3284. Зүлфі — шаш;
Достарыңызбен бөлісу: |