«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары



Pdf көрінісі
бет56/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   247
Байланысты:
2 5188235762453185852

Айтолдының Елікке сауалы

 

Айтолды айтты: — Ұқтым мəнін, бұл да шын,



 

Жария етті Елік сөздің турасын.

 

Ізгілікті білетін тек ізгілер,



 

Пайда іздеген бере бер деп үздігер.

 

Күллі пенде дүние іздеп, қуады,



 

Дүние қуған түбі не боп шығады?!

 

(Дүние-боқты аңсамайтын адам жоқ,



 

Оны қуып, жұмсамайтын амал жоқ.

 

Адам сондай, шындық, түңіл-түңілме,



 

Дүние қуған не болады түбінде?!)



Еліктің Айтолдыға жауабы

 

Елік айтты: — Бұл ізгілік — шын асыл,



 

Асылға үйір шын асылдар туасы!

900  Не асыл болса, сол ерекше қымбатты,

 

Оны істеген жандар сара, сымбатты.



 

Қасиетсіз жамандықты қуғандар,

 

Нағыз жауыз жаманшылық қылғандар.



 

(Ессіздіктен тек жауыздық туады,

 

Ал жауыздық ізгілікті буады.)



 

Қадірсіз зат шеттеп, жерде қалады,

 

Жібек, торқа  төрден орын алады.



 

Ізгі іс етсең — өрге өрлеп жүргенің,

 

Жауыздығың — көрге тірі кіргенің.



 

(Өр секілді — ізгі іс, қиын шығуға,

 

Сұм нəрсе — ылди, оңай құлап құруға.)



 

Мұны меңзер есті сөзді оқып көр,

 

Ойлы сөздің пайдасы көп, тоқып көр:




 130

905 «Бұл жақсылық өр секілді,   кез келген

 

Шыға алмайды — жан ұшырып кезгенмен.



 

Қасиетті істің ауыр тегі, жолы да,

 

Келмейді əсте біліксіздің қолынан».





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет