«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


 СӨЗДІҢ ҚАДІР-ҚАСИЕТІ ҺƏМ ТУРАШЫЛДЫҒЫ



Pdf көрінісі
бет59/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   247
Байланысты:
2 5188235762453185852

19. СӨЗДІҢ ҚАДІР-ҚАСИЕТІ ҺƏМ ТУРАШЫЛДЫҒЫ, 

ШЫНШЫЛДЫҒЫ ЖАЙЫНДА

955  Елік бір күн Айтолдыны шақырып,

 

Орын берді ыммен  меңзеп ақырын.



 

Отырды ол, құрметпенен жүгіне,

 

Көзін жерге тікті, абай боп тіліне.



Еліктің Айтолдыға сауалы

 

Елік айтты: — Сөйле, Айтолды, сөзіңді,



 

Неге отырсың үнсіз, бұрып көзіңді?!



Айтолдының Елікке жауабы

 

Айтолды айтты: — Білсең, ай, бек, жайды ұғар,



 

Бектің жүзін көрсе, құлы қаймығар.

 

Елік ерік бермей, қалай бастайын,



 

Сауал болмай қалай жауап тастайын?

960  Білікті сөз — тіні барлық дауаның:

 

«Шықпасын тез сауалынан — жауабың!»



 

Кім шақырсын — болғаны бір керегің —

 

Айтпай ма екен дерегі мен себебін.




 134

 

Жөн-жосықсыз сөзге кірмеу — білгенім,



 

Ай, мал! — десе, — жерге тірі кіргенің.

 

Бек сөйлемей,  тіл ашқан жан, білерсіз,



 

Бір көргенсіз, ақымақ һəм жүгенсіз.

 

Ғұмырыңды қысқартатын — қызыл тіл,



 

Есен болғың келсе, тірлік құнын біл.

965  Не дер екен,  тыңда тілін баққан ер,

 

Тірлік үшін  өзін-өзі  басқан ер:



 

«Қара бастың қарақшысы қызыл тіл,

 

Қанша басты жұтты үзіп ұзын тіл!



 

Басты ойласаң, тыйып ұста тіліңді,

 

Басың жұтар тізгінсіз тіл түбінде!»





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет