Өгдүлміштің Елікке жауабы
Айтты Өгдүлміш: — Елік, болсын есендік,
Істі қолға алсақ — кетпес есең де.
Елік тыншып, рахатқа батқайсың,
Бар тілегің келіп, лəззат тапқайсың.
Еңбегімді хан алтынға баламай,,
Оң көзімен, оң көңілмен қарағай!
(Хан қосшысы бейнетімді ұмытсын,
Алакөңіл болмай, жаны тынықсын.)
3140 Еңбек келсе, рахат та келеді,
Рахат пен еңбек бірге себебі!
Егер Елік ел ісіне пайдалы,
Кісі іздесе, ел басы елдің қаймағы.
Дана сөзін естіп, өзің салмақта,
Есті сөздің əр түйінін тармақта:
«Жəрдемшісі көп болса, бек ырысты,
Көңілі тоқ, өркенді елі, тынысты.
Көп болса елде берекелі, зерделі,
Ісі гүлдеп, рахаттанар ел бегі!»
3145 Жоқ емес бар, ондай кісі қандаста,
Асып туған, білігі артық, марқасқа!
Өнері көп, көңілі ояу, жайсаң жан,
Алған ісін құлпыртатын майталман.
Аты — Одғұрмыш, түзу құлқы, тəлімі,
Қол жеткізген жақсылықтың бəріне.
Бірақ безіп бұл дүниеден түңіліп,
Тауға кеткен, хақ жолына жүгініп.
Бұл дүниеден жүзін бұрып, қамыққан,
Күнəларын арылтсам деп жабыққан.
3150 Жүз есе үстем менен оның өнері,
Сарасы елдің, білген жаңа, көнені.
Сол туысым бірге болса қасымда,
Білігімен жүрер бар іс басында!
291
Ханның елі көңілі өсіп, шаттанып,
Ғұмыр кешер дүниеден бақ тауып.
(Елік, сен де кенелер ең алтынға,
Əлемді ұстап тұрар еді халқың да!)
Достарыңызбен бөлісу: |