Жауап бердің, ойыңды айттың ұнаған.
Сөгем несін, сөзіме мəн бермесе.
Шақырып бір көргім келді кескінін.
Одан да əрмен жаға түсті жаныма.
292
3165 Білімді, ойлы адам əркез адам да,
Малдан аумас надан аз ба ғаламда!?
Істі білсе — білер зерек, білікті,
Істі істесе — істер зерек, білікті.
Мұны мегзер ойлы сөз бар тараған,
Ай, ержүрек, тыңдап соны қарағын:
«Бар тас түйін шешіледі білікпен,
Білік біліп, ақыл ұққын тірліктен.
(Тас түйіннің бəрі ақылмен шешілер,
Ақылды ұққын, білік білгін, есіл ер!)
Білімді біл, тұтар күнін біл тағы,
Үйрен тағы, жетесіздік құртады.
(Білім — кілті, күллі берік қақпаның,
Білімді біл, білген құлды қақпағын.
Тура сөйлеп, білімді іске арнағын,
Үйрен тағы, бүгін қапы қалмағын.
Білім үйрен, керексізден жирен де,
Білгеніңді қор қылма құр күйбеңге!)»
3170 Жалғыз маған пайда ма оның білгені,
Саған да бір себі тиер ілгері...
Қандас болса, қандасыңмен мұңдасқын,
Қандас жоқ па, достар тауып, сырлас қыл!
(Бауыр жоқ па, достарыңды бауыр қыл,
Еңсең биік сонда алдында жауыңның.)
Көр, елбасы жақсы айтып, байлапты,
Туысты жан барлығынан қайратты:
«Қайраты зор туысы бар кісінің,
Айбаты зор достары бар кісінің!
Туыс жоқта — туыс болсын ер, жолдас,
Ізгі досың бауырыңнан кем болмас.
(Қарындасты ер қалың жаудан қашпайды,
Қарулас ер — досын ойлап, саспайды.
Туыс болса — мығым, берік тұрарсың,
Досың болса — бейне ордалы шынарсың!)»