289
Себепкер сен, ізгілікті жебегін,
Заңды түзеп, залымдықты тежегін!
Алла күллі жақсылықты қаратты,
Сені өзгеден он есе артық жаратты!
Бектің өзі тырысқанмен сіресіп,
Құлсыз, жалғыз, ісі өнбейді білесің!
Бек өзі — ішті, құлы тысты шолады,
Жанашыр құл көз де, сөз де болады.
3125 Көзім де — сен, тілім де — сен, қолым да,
Атым ізгі, оңым да — есен, солым да...
Не дер екен естіп, байқа Қаһанды,
Билеп көрген елді, жерді, жаһанды:
«Жанашыр құл тапса бектер, түрлі іске,
Оны ұстасын көміп алтын, күміске.
Адал кісі тапса, бектің бағы асар,
Тыным тауып, құт тірлігі жарасар.
Сара ісші — мейірімді. Адам, шын
Құтты құлды қайдан іздеп табарсың?!
3130 Бауырмал һəм сара жоқта жаһанда,
Кісілік те толық болмас қашан да!»
Есіркеймін, ай, Өгдүлміш атаңнан,
Маған қалған — жалғыз өзің, бата алған.
Тағы бір ер ерсе саған, қарасып,
Оң-солыңда жүрмес пе еді жарасып.
Бір өзіңсің, ай, ақпейіл, сенімді,
Сен жоғалсаң, таба алмаспын теңіңді!
Жалғыздығың жанға батып тұр тосын,
Өсіп-өнгір, болса тағы бір досың.
3135 Саған дағы түспес еді бейнет көп,
Дұға тиіп, өтер едім зейнетпен.
Іздеп көргін қандастарды аралап,
Бар ма, сұра, саған ерер саралар!