«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Еліктің Өгдүлмішке сауалы



Pdf көрінісі
бет117/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   247
Байланысты:
2 5188235762453185852

Еліктің Өгдүлмішке сауалы

 

Елік айтты: — қазіргі арыз-тілегім,



 

Оны тауып, көріп, сенсе жүрегім!

 

Істің қалай келтірерсің амалын,



 

Маған жақын табыстырсаң, саналым!

3155  Не деп, қалай шақырамыз осында?

 

Кім шақырсын, ақылыңды айт,  тосылма.



 

Хат дұрыс па, жаушы жөн бе? Өзің шеш!

 

Қайсысы жөн, аңда да атқар, төзім — кеш!



Өгдүлміштің Елікке жауабы

 

Айтты Өгдүлміш: — Шағылмасын тауаның,



 

Айттың өзің сауалыңның жауабын.

 

Айттым ағам бар екенін, есімін,



 

Келер, келмес айта алмаймын кесімін.

 

Келсе, жақсы — сөзді қадір тұтқаны,



 

Келмесе егер — сөздің құны ұшқаны.

3160  Елік қапа болып қалып ғайыпта,

 

Бұйырмағай келіп мені айыпқа!





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет