Үйіңде өсір, бөтен жерде қалдырма.
Ұл-қыз жақсы, таза болып өседі.
Қос жалғанда нəсіп көріп, күлімдер.
Ол өнермен дүние табар түбінде.
Бейбастақ боп кетер бекер жүргесін.
383
4510 Қызыңды үйде бексіз ұзақ ұстама,
Ауырмай-ақ өлерсің сен құсадан.
Ағайын, дос, кесіп айтам, тыңдасаң,
Қыз тумаса иə тірі тұрмаса!
Туа қалса — жердің қойны жайлырақ,
Үйі өліктер жайы болса сайлырақ.
Əйелді үйде қатты күзет, қорғанда,
Əйелдің іш-тысы бірдей болған ба?!
Əйелді үйден шығарма, жат кіргізбе,
Жолдан таяр, жаттың көзін тигізбе.
4515 Көз көрмесе, көңілің де тілемес,
Көзің ауса, көңіл ауу түк емес.
Көзді бақсаң, көңілің де аңсамас,
Көңіл жоқ па, жоқ жүректе — жанталас.
Жеп-ішісте ерге əйелді қоспағын,
Егер қоссаң, бұзылмақты тосқаның.
Əйелді үйден ұзатпа алыс, жүгін ер,
Егер шықса, тура жолдан сүрінер!
Қыз да бір ет, сақта, бапта қалайда,
Сақтамасаң, ет бұзылар, не пайда?!
4520 Қадірле де, не қаласа — бер тауып,
Жуытпа еркек, жүр есікті бек жауып.
Ежелден бұл опасыз ғой ауаны,
Көзің қайда түссе, көңілі ауады.
Жафаменен өсіп, өнген ағаштың
Жемісі — у, татпа, улайсың — жанастың...
Неше мың мəрт ерлер даңқты, құзырлы,
Əйел үшін бұзылды һəм үзілді.
Талай сұлу, даңқты ерге шер қонды,
Əйелдерден жарық жүзі жер болды.
4525 Талай мың ер, бəһадүрді ірі, дөй,
Бұл əйелдер жерге көмді тірідей!
Оларды кім қалай сақтап, ақтасын?
Тəңір өзі көз қырын сап, сақтасын!