64. ҚОЛ АСТЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІ ҚАЛАЙ ҰСТАУ
ЖАЙЫ АЙТЫЛАДЫ
Қызметшіні қолда, ұста күтімде,
Ішкіз, жегіз, киімдерін бүтінде.
Күшіне сай жүк арт, қинап талдырма,
Жауаптысың ол үшін хақ алдында.
Зорықтырып, артық бейнет шектірме,
Тəңір кегін алар артық кеттің бе?!
4530 Бір Алланың құлдары олар шынында,
Зұлымдық қып, тозаққа өзің ұрынба!
Сен ұлықсың, олар сенен кішіктер,
Кішіге ұлық болуы шарт кішік, кең.
Ұлық болдың, көңіліңді кішік тұт,
Ұлықтарға, ұл, жарасады кішіктік.
Тыңда, ақылды не дегенін ай, саған,
Кең білімді, ай, бұл сөзді іске пайдалан:
«Халыққа бек, ұлық болсаң егерде,
Тіл, көңілді кішік тұт, ел елер де.
4535 Өзіңді ойла, тура жолдан жаңылма,
Келер бақтың жолын кесіп, қағылма!»
Үй-мүлкіңді таза ұста, қолы ашық,
Дəулет саған келер, ойлым, жол ашып.
Ас, тамақты, тұз-дəміңді мол тұтын,
Атың шығып, келе берер мол құтың.
Кіріске сай, шығысты да санағын,
Шығыс болса, кірісті де қарағын...
Ізгі, ыңғайлы бол алымға-берімге,
Пайдаң болса, жолың ашық сенің де.
4540 Қолың қысқа болып қалса, тегінде,
Кісіге, ерім, мұңың шағып, егілме.
Сүйгенің де қол тигізбес ісіңе,
Сүймегендер күлер тынбай ішінен.
385
(Сүйгенің бермес қол ұшын,
Сүймеген күлер сол үшін!)
Сырт айналар дос, ағайын, туысың,
Зарға толар көңіл, кеуде қуысың.
Кісілікті кісілермен жарасқын,
Кісілермен кісілікпен қарасқын.
Үлес қуып, дүние жисаң — мұң даяр,
Қызыл жүзің өкініштен сарғаяр.
4545 Үлкен жолға жақын салма үйіңді,
Қатер-қауіп кетіреді күйіңді.
Қоңсы болма бек өзенге тасыған,
Алыстау жүр, ұқсаң, қамал қасынан,
Көршіліктің бұл үш түрі пайдасыз,
Зиян шексең, таба алмайсың айласын.
Үй іздесең, көрші жайын сынарсың,
Жер іздесең, судың жайын сұрарсың.
Саламат жүр, жамандарға жалынба,
Ақ көңілмен арғымақтай арында.
4550 Бек атанып, қанағат қыл барыңа,
Қайғыңды еріт тіл мен сезім балына.
Ояу жүргін — өлім барын ұмытпа!
Көз ашылар, иең барын ұмытпа.
Қайғы келмес — сөзді ойлап сөйлесең,
Өкінбессің — күнді зая бермесең.
Асқақтама — бір тосқауыл табарсың,
Сараң болма — сөгіс естіп қаларсың!
Тыңда, айтыпты нəзік жанды, кең кісі,
Кісілікке кісілік еткен ер кісі:
4555 «Болсам десең өзің жұртқа жақсы атты,
Жомарт болғын, сақилық деп мақсатты.
Сақилықпен сал мүлкіңді — қыл құрық,
Аласың сен кімді болсын құл қылып.
386
Басым көкке тисін десең сен тұрып,
Біліммен іс істе сəтін келтіріп.
Десең атың дүниеге тарасын,
Мүсəпірді мүсірке, атың жарасын.
Сүрсем десең, əзіздікпен шатты өмір,
Осалдықты сырып таста, ақ көңіл!
4560 Хаққа қызмет қылсам десең, сен келіп,
Тəн-жаныңның есігін жап, берме ерік!
Десең, егер жақсылықпен күн кешем,
Нəпсіңді тый, құмарлықты биле сен!»
Жақсы айтыпты тақуа жан білгенін,
Іске алу үшін ішке түй керім:
«Бұл нəпсіге ерме, берме тілегін,
Берсең — алар, басың болар тігерің.
Жақсылық қылсаң, ол жамандық қылады,
Жамандық қылсаң, бойын иіп, тынады!»
* * *
4565 Сөзін үзіп, айтты Өгдүлміш: — Туысқан,
Қызметшілер құлқы осындай, ұғыссаң...
Айтып бердім, құлағыңмен естідің,
Ұққан болсаң, сөзіңді енді кес бүгін!
Достарыңызбен бөлісу: |