68. КҮНТУДЫ ЕЛІКТІҢ ОДҒҰРМЫШҚА ҮШІНШІ ЖОЛЫ
ШАҚЫРТУ ЖІБЕРУІ АЙТЫЛАДЫ
Шақырды Елік Өгдүлмішті бір күні:
—
Саған бір іс істеу лəзім, біл мұны.
4935 Туысыңды шақырғанда келмеді,
Менің арыз-тілегімді бермеді.
Ол тілеген тілегімді тастадым,
Тілегімнің жөні енді басқа-дүр.
Көр, бүгінгі менің тілер тілегім,
Бір көрейін өзім оның жүз-өңін.
Зийарат үшін, ей, шырайлым, гүлжүздім,
Мен барайын, не ол келсін, білгізгін.
Ақыл-кеңес берсін, түссін түстеніп,
Қайтсын сонсоң, жасай берсін істерін.
4940 Зияным жоқ, тигізсін ол пайдасын,
Былғаныштан тазарайын, жайғасып.
Достарыңызбен бөлісу: |