Жарлық етсе, шақыруға шығайын.
Келтірейін, Елік өзі бармасын.
411
Жарылқасын* Елік тағы хат жазсын,
Жақсы кісі, мұнда сеніп аттансын!
Еліктің Өгдүлмішке жауабы
4945 Елік айтты: — Қайтесің хат дегенді,
Хаттан толық ендігі хат сен енді!
Хатты сенбес адамдардан берісер,
Сенен өзге кім бар бізге сенісер!
Бүкіл істі ақылменен істеген,
Иағма бегі не дегенін естігін:
«Елшіге бек сенсең, хатың не керек?
Болар іске əзірленіп не керек?
Тіліңмен айт, есті сөзді тілінен,
Тағы бір хат, ай, ақылдым, не керек?!»
4950 Онша қиын іс емес бұл, сасарлық,
Белең алып, шошып одан қашарлық.
Неге керек мұнша сөзге хат жазып,
Сенерім сен, хатым да өзің, мақтаным!
Маған келсін, жүздессін де тез қайтсын,
Ерік бердім. Күштемеймін... сен де айтқын.
Қажет үшін жұмсадым мен, жасырман,
Ізгілікпен шақыр, күштеп шақырма!
Мен барайын, келе алмаса ол бері,
Көріп өңін, оралайын тез кері.
Достарыңызбен бөлісу: