«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Өгдүлміштің Одғұрмышқа жауабы



Pdf көрінісі
бет174/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   247
Өгдүлміштің Одғұрмышқа жауабы

 

Өгдүлмішті көзі көріп түнерді,



 

Айтты: — Інім, істі ұзатып жібердің.

 

Өзің күштеп, неге бейнет шегесің?



 

Неге  маған қарысасың, егесіп?




 413

4975  Жүр, келген соң, сөйле, үйге кірелік,

 

Қайта айналып  неге келдің, көрелік...



*  *  *

 

Екі туған жүріп, кірді үйіне,



 

Захид қасын түйіп алды ініге!



Өгдүлміштің Одғұрмышқа жауабы

 

Келгені айтты: — Сенің басың асыл-ды!



 

Сөзді тыңда, түйме ашумен қасыңды.

 

Сенің айтқан сөздеріңді айнытпай,



 

Елікке ұзақ баяндадым қаймықпай.

 

Есітті Елік, сөзді түгел тыңдады,



 

Сөзіңді естіп  таңдады, көп  таңданды.

4980  Қоя берді, сені қақпай бетіңді,

 

Бұдан бөлек бір тілегін өтінді.



 

Сол іс үшін сөзші болып келемін,

 

Мені ұятқа қалдырма сен, ей, ерім!



 

Əр нəрсенің, аян, бар шек-шамасы,

 

Істің сəтін алма өткізіп, ағасы.



 

Тыңдап алғын, ақылды тіл не деді,

 

Бұл сөз мəні бар нəрсеге келеді:



 

«Алма өткізіп əр істің сəт, шамасын,

 

Өткен екен, істен қашық қаласың.



4985  Əр нəрсенің бар  түр, түсі, жосығы,

 

Бар нəрсені сақтар солар қосылып!»



 

Қойды Елік ол тілегін ақыры,

 

Түсін, отыр бір зийаратқа шақырып.



 

Не сен барғын, не өзіңе ол келсін,

 

Ай, мейірбан, дидарыңды бір көрсін.



 

Бұдан саған еш зиян жоқ, ағайын,

 

Ай, тас бауыр, илан, мойныма алайын.



 

Елік — асқан ізгі сұлтан, жаны асыл,

 

Кедей, кемтар, жамандарға жанашыр!




 414



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет