Одғұрмыштың Елікке жауабы
5040 Айтты Одғұрмыш: — Өзіңді, Əмір, ғұрыптым,
Көзім көріп, бейнетімді ұмыттым.
Келсем енді, мен өзіңе тіленіп,
Не машақат болушы еді біл, Елік!?
Жүріп-тұрса, адам тілеу, ниетпен,
Арып қалмас, жетер тездеп тілекке!
Не дегенін, аңда, ердің қаһарман,
Ақылымен даңқын алыс апарған:
«Жырақ жер де жақын — көңіл қаласа,
Жетер анық ол тілекке тамаша.
5045 Тілегіне ұмтылса ер көңілмен,
Тез жақындар үмітке алыс көрінген.
Аяқ бассаң көңілің соқпай, тегінде,
Қашық болар, қанша жақын жерің де!»
Аяғыңмен жүрсең михнат жетеді,
Көңіліңмен жүрсең михнат кетеді.
418
Көңіліммен келдім саған ей, Елік,
Қалай бейнет тисін маған сен, Елік!
Бақсаң, көңіл кімді сүйіп, қаласа,
Қанша жырақ болсын, жақын сол аса!
Достарыңызбен бөлісу: |