Өгдүлміштің Одғұрмышқа жауабы
Сүйінішпен айтты Өгдүлміш жауабын:
Тым əдемі болды, аларсың сауабын!
Барайын мен енді Елікке, тұрайын,
Келеді деп қуанышты қылайын.
Менен кейін сен сөзіңді жасытпа,
Жеткін өзің уағдаласқан уақытта!
* * *
5010 Екеуі бір сөздің ұстап астарын,
Сүйінішпен шықты, жазып қастарын.
* * *
Жəне түйіп қайталады ол: — Қандасым,
Сөзді қима, келгін, көңілім қалмасын!
Жүзін жауып, күн жерге еніп жатқанда,
Дүние жүзі көмір түске батқанда.
Күтем сені, кел үйіме жайланып,
Отырамын күтіп сені сайланып!
* * *
Атын мініп, келді Елікке оралып,
Түсіп кірді, құзырына жол алып.
5015 Айтты түгел болған сөзді жаңағы,
Сүйінді Елік, ашылды көз, қабағы.
Достарыңызбен бөлісу: |