Одғұрмыштың Өгдүлмішке жауабы
4990 Айтты Одғұрмыш жауап беріп: — Бұл өзі,
Ұғымға шақ, ай, ақкөңіл, жөн сөзің!
Мүсілімге мүсілім туыс, барысып,
Зийарат қылар, ай, ақкөңіл, танысып.
Бұл сөзге мен иілдім, бой беремін,
Бүгін оған зийарат қылып келемін.
Бұдан бұрын оған өзім бармадым,
Қалар еді онда пайда алғанын.
Оны қойды, тұтты жолдың адалын,
Туралыққа көндім, тілін аламын!
4995 Мен барайын Елікке, Елік келмесін,
Маған тисін бейнет, оған тимесін.
Елік — елдің бегі, халық ұлығы,
Соған: құрмет, сый-сияпат шырыны.
Сөзін түзер, жөн жол-жосық түзілер,
Аршыр елді ессіздердің ізінен.
Білімі теңіз не дегенін тыңдағын,
Ақылымен егіз көңіл сырлары:
«Бек жарлығы бұқараға міндетті,
Үлкен-кіші қадірле естіп, бұр бетті.
5000 Үнді* болсын сатып алған күміске,
Бектің сөзін, бектің өзін құрметте!»
Бек жарлығын құрметтеймін мен енді,
Болам жақын, зийарат қылып келем де.
Жүр, қайт енді, Елікке айт сөзімді,
Келеді де, жетермін мен өзім де.
Жарық дүние жүзін перде жапқанда,
Барайын мен, дайында ескі жай жатқанға.
Күндіз мені кісі көрсе, шатағы:
Мені сөйлеп, өзін отқа атады.
5005 Аттан үйге, енді сабыр сақтағын,
Мен келгенше біраз күткін, жатпағын.
415
Ең əуелі саған барып түсейін,
Не істерімді, сонда жорып білейін!
Достарыңызбен бөлісу: |