Көріп, күтіп алды оны Өгдүлміш.
Екі ақылды үйге кіріп барысты.
417
Ас, ішімдік шығарды ол құрметтеп,
Кісі кетті ханға хабар бермекке.
Естіді Елік жауап берді ашылып,
Жақын тартып, алды оларды шақырып.
70. КҮНТУДЫ ЕЛІКТІҢ ОДҒҰРМЫШПЕН КӨРІСУІ
АЙТЫЛАДЫ
5035 Барды екеуі таяп жақын əмірге,
Көріп Елік, қарсы алды қадірлеп.
Ең əуелі көріп сəлем берді Елік,
Захид тұрып, сəлеміне деді: — «Əлік!»
Хан Захидпен қол алысты жайдары,
Хал сұрады, күлім қағып жайнады.
Орын беріп, өзіне аса тақады,
Мейіріммен құрмет-ізет жасады.
Айтты: «Мұнда өзің жаяу келіпсің,
Ей, Одғұрмыш, көп машақат шегіпсің!»
Достарыңызбен бөлісу: