«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Еліктің Одғұрмышқа жауабы



Pdf көрінісі
бет183/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   247
Еліктің Одғұрмышқа жауабы

 

Елік айтты: — Білікті ұлық, білерсің,



 

Тілегім сол, жолымды ашып жүрерсің!




 421

 

Саған мұнша құлдық ұрдым, аңсаттың,



 

Осы еді, асыл тектім, мақсатым.

 

Енді ақыл-кеңес бергін, болысып,



 

Ізгілікке қолым жетсін, толысып.

5095  Кісілер көп құлқын қамын аңдыған,

 

Ай, сақи, жоқ  мейірімді, арлы жан.



 

Бектер барша тілектерін табады,

 

Көңілін демдер демеу таппай жанады.



 

Сарайда көп қалтақтаған  қалың бас,

 

Біреуі жоқ сүйеу болып, жаңылмас.



 

Бəйіт, сақи, айтар мұның жосығын,

 

Ұққың келсе, ең əуелі осыны ұқ:



 

«Кісімін деп жүргендердің саны көп,

 

Кісілерге пайдалысы, қане, жоқ.



5100  Мың кісінің ісін істер бір кісі,

 

Атқара алмас қаптап оны мың кісі!»



*  *  *

 — 


Ай, Одғұрмыш, — деді Елік тағы да, —

 

Хақ пейілін аударыпсың бағыңа.



 

Жарасады қылық-құлқың атыңа,

 

Бақ, тілеуің берсін Алла басыңа!



 

Хақ бергеннен маған үлес байларсың,

 

Тіріліп көңіл, нəпсі өлікке айналсын!





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет