«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Еліктің Өгдүлмішке жауабы



Pdf көрінісі
бет191/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   247
Байланысты:
2 5188235762453185852

Еліктің Өгдүлмішке жауабы

5610  Көп мадақтап Өгдүлмішті мақтады,

 

Айттың, — деді, — білгеніңді ақтарып.



 

Алла тауфиқ, баян берсін бүгіннен,

 

Ұстанайын сөздеріңді жүгінген.



 

Жəрдемшіге сені берген раббым,

 

Не тілесем қайтармас деп ұғамын.



 

Тəңір берсін тілеуіңді іздеген,

 

Түгел бердің тілегімді, ізгі ерім!



 

Енді маған мейіріңді себерсің,

 

Жаны жайсаң, құптап жəрдем берерсің!



5615  Саған сендім, шын иландым, расында,

 

Ай, көріктім, сөз, сырыңды жасырма.



 

Бүгін күндей жарығыңа бөлендім,

 

Енді сенің саяңда күн көрермін.




 454

 

Жақсы айтыпты ділі нұрға толған ер,



 

Қосылып діл, тілі  —  толық болған ер:

 

«Көңілің кімге сенсе, сана, айнаңдай,



 

Өзіңді одан таны, қара ойланбай!

 

(Көңілің сенсе, көзден таса қылмағын,



 

Содан таны өз бейнеңнің сырларын.)

 

Жайсаң кісі айнаң болар, қаласаң,



 

Түзер құлық — мінезіңді, қарасаң!

5620  Кімнің жаны болса өзіңе шын жақын,

 

Сеніп соған, дұрыс жақын қылғаның.



 

Сенгеніңмен еркін сөйлес, қорықпағын,

 

Сенген кісің айтса, сөзге тоқтағын!»



*  *  *

 

Өгдүлміш хан сөзін естіп, діттеді,



 

Көзі жайнап, сүйінді де, «Құп!» — деді.

 

Елік сөзін үзді, үнсіз тынды да,



 

Кетті аттанып, енді Өгдүлміш тұрды да.

*  *  *

 

Содан бері Елік тыным көрмеді,



 

Бейнет шегіп елін түзеп, жөндеді.

5625  Қалды жаман, жиды бəрін жақсының — 

 

Жақын тартты, сеніп жұмыс тапсырып.



 

Түзелді де, елі-жұрты тазарды,

 

Ай, күн, жылы, тілі тыншып, жаңарды.



 

Ел толысып, артты тірлік татымы,

 

Сүйінішпен күлді, ырысы тасыды.



 

Өгдүлмішті қолдады Елік сенді де,

 

Қадыр тұтты, іс тізгінін берді де.



*  *  *

 

Кешті Өгдүлміш уайыммен көп күнді,



 

Еңбекпенен біраз ғұмыр өткізді.

5630  Байқап көрді өзін, құлқын, істерін,

 

Сөнген шоқтай жігіттік шақ өшкенін.



 

Көзін ашып, көңілі өксіп жүдеді,

 

Жан-тəнімен тазармақты тіледі!




 455



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет