«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Еліктің Одғұрмышқа жауабы



Pdf көрінісі
бет186/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   247
Байланысты:
2 5188235762453185852

Еліктің Одғұрмышқа жауабы

 

Жауап беріп: — Көңілі ояу! — деді Елік,



 

Құлқың қандай, сөзің қандай келелі!

 

Өзіңді қор санағаның үшін де,



 

Жақсы, сыйлы боларсың жұрт ішінде.

 

Тіл, көңілің тазарды, өзің көріндің,



 

Бір кеңес бер, себі тисін сөзіңнің.

 

Ай, ісі ізгі, қылығы шын, асыл ер,



 

Мейірім  ет, маған кеңес-ақыл бер!

5130  Алла саған бар жақсыны берді үйіп,

 

Ізгілік жолын ашқын маған, ей, күлік!*



 

Ізгі ер, енді, маған ақыл берерсің,

 

Тəңір сені, қиямет күні демесін!



71. ОДҒҰРМЫШТЫҢ ЕЛІККЕ АҚЫЛ-КЕҢЕС БЕРУІ 

АЙТЫЛАДЫ

 

Жауап беріп, айтты Одғұрмыш: — Ей, Елік,



 

Тілекке хақ қол жеткізсін, теңегін.

 

Жалған дүние, өткінші əлем əрқандай,



 

Талай бекті қартайтты, өзі қартаймай!

 

Сендей талай бекті «сүйіп» өшірді,



 

Саған қарай енді назар көшірді.

5135  Сен бұған шын пейіліңді бермегін,

 

Опа қылмас, түңіл, елтіп ермегін.



 

Тірлік сыры осы, білсең, сен елеп,

 

Менің үгіт-насихатым не керек!?



 

Сенен бұрын жаһан тұтқан болар мың,

 

Қайда кетті,  қане күші солардың?



 

Ойла, олар қанша жүрді, біл хақын,

 

Саған-дағы солай барар күн жақын.




 424

 

Саған тиді бектік енді, дұрыс та,



 

Іс жасай жүр, ұзақ тұрмас уыста!

5140  Пайда қылған болса қай іс оларға,

 

Соны жаса, дəмін тат, құр жоғалма.



 

(Неден рахат көрсе олар — соны істе,

 

Неден бейнет шексе — соған келіспе!)



 

Өлерінде неден олар өкінсе,

 

Содан қашық жүр, жақсылық — өтін сен.



 

Жақсы айтыпты, бек білікті, бақытты ең,

 

Білікті сөз тең ғой інжу, жақұтпен:



 

«Көрдің бе,  Елік, сен де тірі қалмайсың,

 

Құлқыңды оңдап, əзірленіп алғайсың!



 

Ай, қылқы осал, өлім сырын танып   қал,

 

Өтер тірлік, үлесіңді алып қал.



5145  Тілек құлы, жүрген қамсыз қарманып,

 

Бастықпа, өлім келер ақыр алғалы!



 

Байқап қара, кешкен күн мен бұл күнді,

 

Ойла: түгел көрген түстей бір түрлі...



 

Егер, өзің қылған болсаң ізгілік,

 

Өзіңе пайда жасағаның мəңгілік.



 

Зая өткізсең тірлігіңді егер сен,

 

Күні-түні өкініш, зар шегерсің.



 

Тілеуменен өткен тірлік оңалмас,

 

Жігіттіктің күші қайтып оралмас.



5150  Зая қылма дəуреніңді қазірден,

 

Ибадат қып, ақ өлімге əзірлен!»



 

Сенен бұрын, Елік, байқап біл: ерен,

 

Бек еді атаң түрік елін түзеген.



 

Қазына, əскер, қошеметке бөленіп,

 

Тілегі боп, құрды қанша төрелік.



 

Ақыры өлім тұтты жетті, сүйреді,

 

Құрмет, даңқтың еш пайдасы тимеді.



 

 Өсиетін айтты атаң кетерде,

 

Ата сөзі — тұтсаң — қант*, шекер* де!




 425

5155  Мұны мегзер, мына сөздің мəсі бар,

 

Пайдасы көп, ұқсаң көзің ашылар:



 

«Атаң өлсе, айтатыны аян-ды,

 

Қашан болсын: — Қара, ұлым, оян! — деп.



 

Өлім тұтты, кеттім. Келер саған да,

 

Жақсы ат қалдыр, қарекет қып ғаламға!»



 

Ұғып алғын, ата-анаңның өлімі,

 

Ұл-қызға үлгі, тіршіліктің тəлімі.



 

Ата-анаңды алды өлім, қоймады,

 

Уақыт жетсе, қоймас сені, ойлағын!



5160  Дүние қысып жапа қылды оларға,

 

Құлқын оңдап, саған опа қылар ма!?



 

Керек іске жұмса өмірді жарасып,

 

Сауабын ал, елге үлесіп қарасып.



 

Керегіңді ал көшер күндер ішінен,

 

Дайындал, сені текке қапы түсірер.



 

Өзің мұнша халық жүгін көтердің,

 

Қисапты біл, сақ бол, қапы кетер күн!



 

Сені қалың аш бөрілер торып жүр,

 

Ай, ел ері, қойды қатты қорып жүр.



5165  Бола қалса, біреу егер, еліңде аш — 

 

Алла оны сенен сұрар, көзіңді аш!



 

Бүгін шамдай жанып көзді қарыдың,

 

Ай, пəкзада, басқа үшін жарығың.



 

Тірлік тозып, жасың азып, сөнерсің,

 

Ешкім саған қолын бермес, көрерсің!



 

Кісі үшін өзіңді отқа салмағын,

 

Өзіңді өзің зорлап, қорлап жанбағын.



 

Қалар бəрі — ұлықтық та, ұлылық,

 

Есік ашып, салса ажал құрығын.



5170  Туралықпен адал бектік құр ұдай,

 

Билігің нық тұрар ұзақ, мызғымай!




 426

 

Білікті ұлық берген тəлім, қабылда,



 

Бұл сөзді еске түйіп, жолдан жаңылма:

 

«Келсе, бектік жөнін берік ұстағың,



 

Əділ болып, шындық жолын нұсқағын!

 

Ол дүниені қолға тұтсам десеңіз,



 

Шындықты ұстан, сөзді осымен кесемін!

 

«Бекпін» деуші кеуде керіп, күпінбе,



 

Опасыз бұл дүние түңіл, күтін де!

5175  Нанбағын бұл дүние — құтқа малданып,

 

Жафа шегіп, қаларсың  құр алданып!»



 

Ай, Елік, бұл — сарай, орда, тағыңыз,

 

Тіккен саған бір қонақ-жай, наныңыз.



 

Сенен бұрын талай түсіп өткен-ді,

 

Түстен тұрмай, көзін жұмып көшкен-ді.



 

Саған енді тиді орын да, орда да,

 

Көшті өзіңнен бұрын сайла жолға да!



 

Бүгін мұнда салма орда, үй, сарай,

 

Қоймас сені, өтіп жатқан жыл, күн, ай!



5180  Өзің жатар орныңды көр,  сайлап ал,

 

Жақсылықпен жақсы қылып жайлап ал!



 

«Бүгін сарай менікі! — деп санарсың,

 

Ақылдылық емес, шынын, бағарсың...



 

Тыңда өзің, саған қарсы не дерін,

 

Байқап көрсең, шын айтады, ей, ерім :



 

Өзеурейсің: «Менікі, — деп, — менікі!»

 

Неге айтасың? Қане, несі сенікі?



 

«Шық!» — дер саған, кейінгілер өзіңнен,

 

Кіргенше ол да: «Менікі, — дер, — менікі!»



5185  Дүние бегі, түнек, зындан бұл жаһан,

 

Зындан мұңсыз болған емес, бір қапам.



 

Тілеме артық бұл зынданнан сүйініш,

 

Жұмақта асыл уаныш та, сүйеніш.




 427

 

Рахат деме рахатты кететін,



 

Сүйініш деме сүйінішті өтетін.

 

Дəулет баста тұрмас мəңгі, қашады,



 

Жиған-терген малды түгел шашады.

 

О дүниені мəңгі орным деп сана,



 

Соған бет бұр, бұл дүниені таста да.

5190  Баянды бақ тіле, қойып лəззатты,

 

Мəңгі лəззат жолы да ауыр, азапты.



 

Хақтың пейіл, ықыласын айтамын,

 

Қанша ізгілік жасады ол, байқағын.



 

Қалың халық ұзын қылды қолыңды,

 

Тіл, тілекті берді оңдап жолыңды.



 

Саған ұқсас, өзіңдей хақ құлдарын,

 

Саған мұңлық қылды, көрдің сұрларын.



 

Шүкір қылып бүгін, Елік, ғұрпыңа,

 

Қайырымды бол Алланың бұл жұртына!



5195  Тəңір сені əділет үшін қолдады,

 

Əділ жүріп, əділ тұрсаң болғаны!



 

Күллі ісіңді ақылменен атқарып,

 

Нəпсіге ермей, жаныңды ояу сақтағын.



 

Барша елге мейіріммен қарар бол,

 

Үлкенге де, кішіге де адал бол!



 

Халық құлқы бұзылса, тез ескеріп:

 

Қатты тұтып, түзет оны тексеріп.



 

Тыңда адамды, білім-теңіз білінген,

 

Жүзің жарқын, іс істесең біліммен:



5200 «Бүгін ізгі болсын десең күллі ел,

 

Өзің ізгі болғын елдің ішінде, ер!



 

Түзетемін десең бəрін, біле бер,

 

Өзіңді өзің түзе, халқың түзелер.



 

Бұл бектер — бас. Қайда маңса ел басы,

 

Солай еріп, барар маңып баршасы.



 

Халқы азса, оны бектер түзетер,

 

Бек азса егер, оны кімдер түзетер?!




 428

 

Оңда өзіңнің қылығыңды, құлқыңды,



 

Жаның тыншыр, құлқын оңдап халқың да!

5205  Өзің тілеп, жақсылыққа бастасаң,

 

Сөзді тиып, жамандыққа баспасаң!



 

Арсыздан — без, ластан алыс қонарсың,

 

Бұл екі істен жүзіқара боларсың.



 

Жарамсыз, жауыз нəрсені өзің қумағын,

 

Жарамсыз іс қылма, ақыл қылғаным.



 

Шарап ішпе, рахат қума, көпірме,

 

Бұлар теңіз,  жоқ  өткелі, көпір де!



 

Құлқыңды оңда, қылығың соған теңессін,

 

Ақыл жолшың, білім болсын кеңесшің.



5210  Діліңді оңда, əділетке табын да,

 

Өзіңді ұстап, дұрыс жолдан жаңылма!



 

Кішік болғын, кекірейме, кекіреп,

 

Əскер, күшім көп деп керме көкірек!



 

Не əйгілі, тəкаппар, паң ерлерді,

 

Өлім жеңді. Топырақ жапты, жерге енді!»



 

Жақсы айтыпты білікті ер ұққанға,

 

Білімдінің сөзі пайда тұтқанға:



 

«Қазынам көп деп, мардымсыма, тасынба,

 

Қосын, əскер көп деп, иық асырма!



5215  Күшеншек ер күшін айтып болмапты,

 

Бір шыбынға əлі жетпей сорлапты!»



 

Азап көріп, істен жеріп, саспағын,

 

Өкпең келсе, өзіңді өзің сақтағын.



 

Діннің ісін асып-сасып атқарма,

 

Аптыққан жан істен пайда тапқан ба?



 

 Сый берерде — тез бер, созып қашыртпа,

 

Жазаларда — таяқтауға асықпа.



 

(Сүйін де, тез сыйла — сыйға келгенде,

 

Таңда, сабыр сақта — жаза бергенде!)



 

Болма ұшқалақ сөзде, істе, қауымда  — 

 

Сабыр сақта, жақсы атанар сабырлы...




 429

5220  Сақи болғын, елге үлес мал, сыйыңнан,

 

Бектер сараң болса, атағы сұйылған.



 

Қыңыр сөзге ерік берме — бол берік,

 

Қырсық сөзден суыр көңіл, тез жеріп.



 

Бар кісіге сөйле шырын сөзіңді,

 

Маңдайды ашық, жарқын ұста жүзіңді.



 

Ел сайлады — қылық, ісің сай болсын,

 

Көңіл, тіл оң, жөн-жосығың бай болсын.



 

Жақсы болса — жақсылығы қараның,

 

Өзіне болар, ай, таңдаулы ер, қарағын!



5225  Егер, ізгі болса бектер қылығы,

 

Күллі жұртқа тиер мейір, жылуы.



 

Жаман болса бектер құлқы, қылығы:

 

Жаман жеңіп — жақсы күйреп,  құрыды! 



 

Жаман болма, жаман атқа қалмағын,

 

Жаманды қыс, ерік беріп алмағын.



 

Жамандық — у, уды жеуге болмайды,

 

Уды жеген, тірі қалып оңбайды.



 

Кім ақылды болса, соны жақын тұт,

 

Білікті сөз болса, ұғып, хақын тұт.



5230  Аты ізгі шын асылды таны да,

 

Ісіңді бер, жақын тұтып жаныңа.



 

Алдамшы əлем, бойында — мың айла аңғар,

 

Осал болма, сақтан, жолы тайғақ, тар.



 

Безеніп кеп, көр, көңілді арбайды,

 

Көңіл берсең, жалт береді, алдайды.



 

Өлімді ойла, қайғы-мұңға көмілме,

 

Ай, құтты елші, ғаріп болма өлімге.



 

Ұйқы — ғафыл, ұйықтама, ей, Елік,

 

Есірме, естім, бұл бектікке сен еріп.



5235  Бір күншілік рахатқа малданба,

 

О дүние жəннатын бақ, арманда...



 

Сүйініші, лəззаты мол, тұттың ба,

 

Рахат болса, сондай болсын тұп-тура.




 430

 

Рахат қусаң — өзің жақсы, ізгі бол,



 

Мəңгі немат ішінде жүр, үлгі бол.

 

Не дер екен, тыңда, білім қонған ер,



 

Білігімен елге сыйлы болған ер:

 

«Алла берсе, рахымының шегі жоқ,



 

Рахатыңның рахметі тегі көп!»

5240  Егер  безсең, қорлығың бар табатын,

 

Ол қорлыққа кімнің шыдар тағаты?!



 

Бейне оташы, Елік, бүгін сен де бір,

 

Мұңын шағар саған бүтін ел келіп.



 

Қайсыбірі күші қайтып, қорлаған,

 

Қайсыбірі кедейліктен сорлаған.



 

Қайсысы — аш, қайсыбірі — жалаңаш,

 

Бірі қайғылы, қан мен жасы аралас.



 

Сенде, бақсаң, ем-дауасы бəрінің,

 

Дауашы бол, емдеп дару дəрімен.



5245  Егер дауа жасамасаң, обалсыз,

 

Ел-жұртыңа тірлік жұты боларсың.



 

Қияметте тəңір сұрар, қазірден,

 

Ат қалдырып, жауабыңа əзірлен.



 

 Бектік қалар, тірлігің тез көшеді,

 

Жетер саған атың қалса көшелі.



 

Дүние, Елік,  бір тарыжай,  қарасаң,

 

Нені ексең, қолға соны аласың!



 

(Дүние, Елік, бір егінжай орасан,

 

Нені ексең,  ертең соны орасың!)



 

Жақсылық қыл,  ек жақсылық ұрығын,

 

Мəңгі аялап тұрар жақсы қылығың.



5250  Не дейді аңда, ел басқарған елші бек,

 

Бектік ісін, жолды білер белді бек:



 

«Халыққа ұлық болушы бек, дер едім:

 

Көңіл, тілді кішік тұтсаң — беделің!



 

Ай, қолы үстем, басболушы, кіріссең,

 

Ең əуелі білікті істет күллі істе.




 431

 

Күллі түрлі істі істе іліммен,



 

Барлық істің келер көркі біліммен!

 

Өтер жалған, ештеңе жоқ көшпейтін,



 

Жақсылық қыл, өзің кетсең өшпейтін!

 

(Кетер бəрі, қалмас тұрып бұл жалған,



 

Жақсылардан өшпес жақсы нұр қалған...)

5255  Қалар дүние, туған өлер ақыры,

 

Жақсы-жаман атың қалар асылы!



 

Жаманнан қаш, күйіндірер-күйгізер,

 

Ізгі атың — ізгі ізіңді білгізер.



 

(Жаманнан без, жаласына жанарсың,

 

 Жақсы аттан — жақсы жосын табарсың!)



 

Ширап, Елік, қырағы бол талаптан,

 

Қаперсізді қатер қағар қабақтан.



 

Сақ, сергектік — бұлар бектік тамыры,

 

Содан болар дүние қусаң тағы бір.



 

Осал болма, осал бектік құриды — 

 

Осал улап екі əлемде ұлиды.



5260  Өзіңе жау іздеме де, төкпе қан,

 

Бұл қос күнəң ұлытады кетсе жан.



 

Арамнан без, сақ бол, ұзын құрығы —

 

Харам жеуші орны — тозақ құдығы!



 

Барша елге бауырмал бол, қарасып,

 

Жанға жаулық қылма, жолдан адасып.



 

Шарап ішпе, азғындықтан қорғанғын,

 

Бұл екеуі бұзар сарай, ордаңды.



 

Өлім үшін туар — жарық көрген жан,

 

Атымен із қалдырады өлген жан.



5265  Тұтам тірлік таусылар да, тарқалар,

 

Жаман-жақсы болсын, бақсаң, ат қалар!



 

Тербер дүние алданышпен, алданып,

 

Ғафылат күні ұйықтап ғафыл қалмағын.



 

Бұл ғафылдық ұйқымен ес тандырар,

 

Ұйықтаған жан күллі істі қалдырар.




 432

 

(Ұйқы талай ерді торға түсірді,



 

Ұйқы — өлім, өлі қайтсін ісіңді!)

 

Болмаса — адам — бұл ғафылдық қинамақ,



 

Періште боп, қылар еді ибадат!

 

Жақсы айтыпты білімді өз сөзінде,



 

Көңілі — жаз, ұғып ал, түй көңілге:

5270 «Бар ғафылдық —  сүйінішпен меңдейді,

 

Ғафылдықпен кісі азап теңдейді!



 

(Бар ғафылдық — рахат боп таралып,

 

 Адам ғафыл қалар, бейнет қадалып.)



 

Ғафыл болма, қалма ішінде мұнардың,

 

 Сақта, ғафыл ұйқысынан, раббым!»



 

Жіті ұста көз-құлақты еліңде,

 

Күллі елге мейірімді бол, тегінде.



 

Ақыры, анық, тəңір сенен сұрары,

 

Хақ сұрағы — күнəһардың тұзағы.



 

Тақуа кісі, не депті, ұқсақ оң болар,

 

Тақуа сөзін тұтсаң, ісің оңдалар:



5275 «Ай, бос жүріп, баққан жұрттың ауанын — 

 

Сұрақ берер хақ,  əзірле  жауабын!



 

Ай, кесірлі, ерген көңіл желіне,

 

Бір күн тəңір жауапқа алар сені де!



 

Ай, ішіп-жеп, текке жүрген өмірде,

 

Есеп беріп шығатығұн жол ізде.



 

Бəрін Алла жауапқа алар, саспа əлі,

 

Құтылатын жерің бар ма, қаш  кəні!»



 

Қылыш, қамшы, Елік, сенің қолыңда,

 

Қамшы ойнасын жамандықтың жонында.



5280  Жамандықтан жамандар қол үзбесе,

 

Қамшыны бас, жазаны да үзбе сен!..



 

Көнбесе — ығып, таяғыңнан жамандар,

 

Сақтан өзің,  алыс тұрғын олардан.



 

 Елік,  жаман болса, дүние қағынар,

 

Тиюшы жоқ болса, жолдан жаңылар.




 433

 

Жақсыларды құрметте, істеп  ізгілік,



 

Халық түгел жақсы болар, ей, күлік!

 

Ойынды қой, шира, тастай түйіл де —



 

Қалды аз күнің, рахатқа сүйінбе!

5285  Туралықпен, əділ заңнан жаңылма;

 

Əділдікпен тұрар бектік бабында!



 

Қатуланып, тырыс күшің жеткенше,

 

Қателессең — құзыр сұра — өткенше.



 

Не дейді екен ел басқарып кеткен ер,

 

Əділдікпен ел сыйына жеткен ер:



 

«Ай, бек, тырыс, ағат кетпе тасалап,

 

Əділет қыл, тигіз елге шапағат.



 

Егер нұқсан келсе, құзыр сұрарсың,

 

Тіліңменен күнде тəубə қыларсың».



5290  Көп қазына жима алтын-күміспен,

 

Не болса да беріп, көппен үлескін.



 

Өлім тұтса, қалар кейін өзіңнен,

 

Ұл-қыз шашар жаманатқа көрінген.



 

Мал-дүниеден тірлігіңде арыл да,

 

Сауабын ал, қисап қуып сарылма!



 

Жақсы айтыпты, халық бегі — данасы,

 

Халық бегі — кісілердің сарасы:



 

«Байлық жиған дүние бегі, талдың ба...

 

Өзіңнен соң қазынаңды қалдырма!



5295  Қызығын — жат, қисабын сен көресің,

 

Асыл текті, елесі тек — үлесің.



 

Бай болушы, ай, ел бегі, сарасы,

 

Тарат та оны, саубыңды ал аласы!



 

Опасыз сұм — жалған, көңіл бұрмағын,

 

Жафа қылар ақыры — бой ұрмағын.



 

Бұрын елге бек болушы, ойлағын,

 

Бектікті ерте беріп, орын сайлағын.



 

Ай, сұқ көзді, күйттей бермей бабыңды,

 

Өлмей тұрып таратып бер барыңды!




 434

5300  Өлім тұтса, ақыр малдан пайда жоқ,

 

Қалар нəрсең, ала кетер айла жоқ!?»



 

Асты аз же, ибадат қыл көп енді,

 

Сөзді аз сөйлеп, үйрен барлық өнерді!



 

Қарасып тұр кедей, жетім, тұлдарға,

 

Шын əділдік — соларға көз бұрғанда.



 

Жақындатпа өсекшіні қасыңа,

 

Пасықтан без, шырмау болар басыңа.



 

Мұндайлар сұм, зиянкестер тек қана,

 

Зиянкесті жаудың жауы деп сана!



5305  Сұқкөзге елде орын берме, қол берме,

 

Күмəнданба, бұзар елді ол демде.



 

Қатуланып, ауаша жүр тозақтан,

 

Ізгілік қыл, сақтар Алла жұбатқан.



 

Ізгі болсын түгел — келер түндерің,

 

Күн артынан келер түн мен күндерің.



 

Жақсы айтыпты ғалым, əділ ақ адам,

 

Күллі ісіңді хатқа жазып қараған:



 

«Бұл күнге ертең, жауап берер күн келер,

 

Ертеңді ойлап, əділдікпен тілге кел!



5310  Ұйықтап, ғафыл қалма, ұйқыға берілме,

 

Кірпік ілме, ұйқыны ұмыт, тегінде!»



 

Бұл дін «далы», дүние «далы» қабыспас,

 

Қарсы-қияс жолдары да жанаспас.



 

(Бұл дін ділі, дүние ділі кірікпес,

 

Қайшы екеуі, жолдары да бірікпес.)



 

Діл дүниемен бірікпейді табысып,

 

Біл,  екеуі қосылмайды қауышып.



 

Таяса бірі — бірі безер, əрі асар,

 

Тұтса екеуін, кісі жолдан адасар.



 

Дəл дүниені жел, жаңбырға теңесең,

 

Гүрілдеп тез, келер де — үні тез өшер!



5315  Қалың құт кеп, қақпаңа бақ кептелер,

 

Көңіл берсең, басқаларға жалт берер.




 435

 

Баймын десең, пақыр болып шығарсың,



 

Əзізбін де, жер боп ақыр, тынарсың.

 

Дүние тоқтығы, бəрі аштыққа жай болар,



 

Сүйініш,  рахат,  көр, бейнетке айналар.

 

Өз нəпсіңмен қатты күрес, ей,  Елік,



 

Берме аңсарын, зауығын тый шегеріп!

 

Жауыңның ең зұлымы осы, айырар,



 

Жақсылықты жамандықпен қайырар.

5320  Опа қылсаң, жауап берер жафа қып,

 

Жафа қылсаң, көтереді опа қып.



 

Бұл нəпсіні қорла, рахат жан табар,

 

Білімің — бек, ал ақылың хан болар!



 

Дүние — жау, нəпсің — жаудың аяры,

 

Екі жауың саған тұзақ жаяды.



 

Шалқып құтқа, көңіліңді көтерме,

 

Қу тірлікке сене берме бекерге!



 

Бек, ұлықтық көшеді де құриды,

 

Күллі дəулет оты өшіп, суиды.



5325  Ай, асыл бек, бұл жөнінде не дейді,

 

Мейірбанның сөзі, тұтсаң — жебейді:



 

«Көтерме иық сен бектікке мақтанып,

 

Артық көкірек керме, өзіңді сақтағын!



 

Бұл жалғанды ұмыт, ойдан шығарып,

 

Анда Алла берер немəт басқа мың!»



 

Таңдап, Елік, тауып ал үш кісіңді,

 

Тапсыр сонсоң соларға істер ісіңді:



 

Бірі — қазы, таза, зерек, пəк болсын,

 

Өзі сақи, халыққа өзі жақ болсын.



5330  Екіншісі — халифа, бек сай болсын,

 

Өзі жайлы, халқы аман, сай болсын.



 

Үшінші — асқан сара уəзір керегі,

 

Не келсе де елге содан келеді.



 

Болса осы үш кісіңіз сайлаулы,

 

Барақатта елдің күні жайнайды.




 436

 

Ел жетіліп, халық байып,  көгерер,



 

Елік, саған дұға қаулап жөнелер!  

 

Бұл үшеуі — жайсыз болса, сол — қайғы,



 

Барша елдің күнкөрісі оңбайды!

5335  Мұны мегзер сөз реті келіп тұр,

 

Есті сөзді естіп алғын, көріктім!



 

«Уəзір — бектің жетекшісі, демеуші,

 

Елді бағып, бектік ісін жебеуші.



 

Егер жолдан тайса уəзір жетегі,

 

Мен айтамын, түгел кері кетеді!»



 

Дүние, бейне, мол жайылған дастархан,

 

Кісі соның дəмін татып, ас тартар.



 

Бізден бұрын талай жандар келген-ді,

 

Жеді, тойды, қанды, өліп жерге енді.



5340  Ұлы тойға — жатыр күтіп, шақырып,

 

Барамыз, көр, еш шүбəсіз, ақыры...



 

Тағы бір əулет, ол — қарында жатқандар,

 

Бізден кейін дəм татуды баққандар.



 

Кетуімізді күтіп отыр бұлар да,

 

Келуімізді күтіп жатыр олар да...



 

Дастархан дəмі бүгін бізге бұйырды,

 

Қанша киіп, жейміз... айту қиын-ды.



 

Өлгендер де шақырып: «Кел, тез!» — дейді,

 

Қарындағы (қулар) «Тұр!» — деп, мегзейді.



5345  Бірі шақырып, бірі қуып бағады,

 

Екі ортада кім рахат табады?!



 

Ғафыл болма, Елік, ұзақ толғанба,

 

Ұзақ ғұмыр жоқ, қорған, сен қорғанба!



 

Харамға, Елік, жақындама бір қадам,

 

Көңіліңді қарайтады бұл харам!



 

 

Сақ болайын десең, Елік, зарардан,



 

Халалды же, үлес көтер халалдан.

 

Не дейді екен халал жеген күшті адам,



 

Сақи басы, адал сөзді ұстаған:




 437

5350 «Адал жесең, жоқ тəңірге жазығың,

 

Адал болсын ертең де жер азығың!»



 

Кімнің таза болса ауызы, тамағы,

 

Күнəдан пəк болар, таза жаны, ары!



 

Тазалық қусаң, таза болсын тамағың,

 

Құлқын таза — теңіз пайда — аларың...



 

Ел пайдасын көзде, пайда түсірме,

 

Өз пайдаң бар, ел пайдасы ішінде.



 

Не дейді,  есті, ұлық, бегі шаһардың,

 

Күллі істе парасатты ер атанған:



5355 «Халыққа құт беру керек, сол құт — бек,

 

Құтайса елі, елдің қарны тойсын бек...



 

Бектер — теңіз, түбінде інжу-маржаны,

 

Байыр адам жақындаса болғаны!



 

Алтын-күміс кеніндей бұл бектерің,

 

Кен қазғандар көрдік байып кеткенін.»



 

Бектер жомарт болу керек, қолы ашық,

 

Жаһан халқы тоқтық көрсе, жаны ашып.



 

Жайна, ел бегі, күндей сəуле түсірген,

 

Халық сеніп, тапсын сенен ішіп-жем.



5360  Хақ мойныңа аманатты жүктеді,

 

Сұрар сенен, сақтан, дайын күт  тегі!



 

Елік, өзің өзіңді көр шамалап,

 

Қанша нəрсе жисаң саған жарамақ.



 

Теңіздегі гəуһар бітпей, қоймассың,

 

Түбіндегі інжу бітпей тоймассың.



 

Жер астынан алтын-күміс қазасың,

 

Қазынаны жиып-теріп аласың...



 

Тау қойнынан шығар гəуһар, көп алмас,

 

Ай, ер саған қазып түгел бере алмас.



5365  Қара жерде өніп-өскен дəнді бар,

 

Қазынаңа жиып түгел алдырар...



 

Ұшқан, жүрген, суда жүзген балық та,

 

Құтылмас, кеп түсер тулап ғарыпқа.




 438

 

Керуен кезіп əлемде елдер арасын,



 

Жібек, сусар, тиін жиып аласың.

 

Дүние таңсығы Руми, Үнді жібегін,



 

Қазынаң толмас жатқанымен жіберіп!

 

Кəвал тазы, бүктəл, тағы , арғымақ* —



 

Қораң толды, толмас сұқтық ал, бірақ!

5370  Таңдаулы, көп, мың-мың түйе жиылған,

 

Жайылымда — ат, ақырда — өгіз, сиырлар.



 

Қырда-тауда қойың жатыр мыңғырып,

 

Күң, құлың жүр, əй, мəрт, істі тындырып.



 

Қалың қодас жүр құзыңда, əнеки,

 

Сиыр, өгіз жүр түзіңде жəне де.



 

Киік, теке қияларда секірген,

 

Ер бек, сенен құтыла алмас шетінен!



 

Бұғы, марал, теңбіл киік, ор киік,

 

Жеп тауыса алмассың бек, ол қиын.



5375  Құлан, бұлан, көк теке ме керегі,

 

Ай, бек, ұстап алдыңа əкеп береді.



 

Қасқыр, түлкі, арыстан, аю, доңыз да,

 

Құтыла алмас, өлер сенің торыңда.



 

Аққу, қордай, болсын тырна, иə йуғақ,*

 

Той, тұт, йүгдүк, иə тодлыш, иə қақ.*



 

Қара құс та самғап ұшқан көктегі,

 

Сенен қашып құтылмас, ей, көк бөрі!



 

Алғыр құсың ұшқандарды ұшырмас,

 

Жортқан барыс, иттеріңнен құтылмас!



5380  Аталылар жалғыз қалар атасыз,

 

Аналылар жетім қалар анасыз.



 

(Жалған дүние ата-анадан асыл ма?!

 

Тұқымың да қалар жүрген қасыңда...)



 

Бүтін жаһан бұйырмайды, ойласаң,

 

Құдіретті ер, тойдырмас сен тоймасаң!



 

Аз болғандай киім, ішер тамағың,

 

Бар дүниені тердің, өлсең — қалады.




 439

 

Пайдасы не, тердің дүние, малыңды,



 

Тамырды үзіп, терер ажал жаныңды.

 

Қарап тұрсаң, сұғанақ көп жалаңдар,



 

Қалай тойсын сұғанақ сұқ адамдар.

5385  Тыңда, көзі тоқ кісі не деді екен,

 

Көз тоқтығы — байлық көзі, береке:



 

«Қолға алса да, сұқ көз түгел жаһанды,

 

Бай деме оны! — деген еске ал мақалды.



 

Кедейлерді кім кемсітіп: «Кедей!» дер,

 

Бай болса да, сұқкөздер шын кедейлер!



 («Кедей!» деп, кім айтсын кедей пақырға,

 

Ашкөзді бай — сол кедей де, тақыр да!)



 

Баюдың да сұқкөзге жоқ пайдасы,

 

Ай, тоқ көңіл, жарылқашы, ойлашы!



 

(Сұқкөз — жұт көз, Байыса да: «Жоқ түк!» — дер,

 

Жарылқап сұқты, көңіліне тоқтық бер!)



 

Ашкөздерге дүние жетпей жылмаңдар,

 

Бақыттылар, беу, қанағат қылғандар!



5390  Сұқкөз көзі тоймас дүние-малға онша,

 

Аясына топырақ толып болғанша!»



*  *  *

 

Осылар еді, Елік, менің білгенім,



 

Ұққанымды айттым, беріп тілге ерік.

 

Сен естідің, мен сөйледім ашына,



 

Ұқсаң ойлап, көңіл-көзің ашылар.

 

Себі тиер сөзімді ұғып, құптасаң,



 

Өзіңе жүк болар, егер тұтпасаң.

 

Ақылды ер не дейді екен, құлақ сал,



 

Саған үгіт-насихат ол, ұнатсаң:

5395 «Пайдасы көп берер кеңес-ақылын,

 

Кеңес тілеп тұрса ғана, ашылғын.



 

Сөз  қадірін білмесе егер, ояу ер,

 

Араласпа, күйсін отқа, қоя бер!»



 

(Айтқаныңды түсінбесе, жасқама,

 

Күйсін өзі, жайыңа кет, таста да!)




 440



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет