Өгдүлміштің Одғұрмышқа жауабы
Сүйінішпен айтты Өгдүлміш: — Қандасым,
Сондай болмақ кісіліктің арнасы!
Келісті айтқан сөзіңе жан сүйінді,
Шешіп бердің шешілмейтін түйінді.
Перде жапқан сөздің мəнін, астарын —
Ашып бердің, пердені алып тастадың.
Өзім енді бұл тілекті қояйын,
Қолдап жүргей мені лəйім құдайым!
5820 Жаппар ием сақтасын һəм қорғасын,
Қылық-құлқым, пейілімді оңдасын!
Дұғаңда атап, медет беріп, демегін,
Мені ұмытпа, сенсің тірек, сенерім!
* * *
Сөзін үзіп, тұрды, шықты ақырын,
Қош айтысып, басын бұрды атының.
Келіп түсті, кірді үйіне жадырап,
Асын ішіп, демін алды азырақ.
Зеңгір аспан қара киім киінді,
Шашын жайып, жарық жүзі түйілді.
5825 Өрген шашын жазғандай күн, құлпыртып,
Дүние ішін жапты түсі бұлғынның!
467
Төсек салды. Жатты, біраз керілді,
Сонсоң тыншып, тəтті ұйқыға көмілді.
Оянды да, қарады ашып қабағын,
Қыздай күліп көрсетті аспан ажарын.
Күн шықты да, алтын шапақ таралды,
Күллі жаһан аққу құстай таранды.
Тұрды Өгдүлміш, жуынды да тазарды,
Намаз оқып, асын ішті азанғы.
5830 Атқа мініп хан сарайға барды да,
Келіп кірді тура Еліктің алдына.
Достарыңызбен бөлісу: |