Бейнет, кесел түссін менің басыма.
Ай, елші ұлық, жасап баққын бағыңды.
469
Бір тілегім бар өзіңде, сенгейсің,
Сүйінішті түйіп ішке, бергейсің.
Бектер кімді жақын көрсе, білесің,
Соны ел сөгіп, қатырарын сілесін.
(Білесің, бек тапса сенер адамын,
Күллі ел соның кем-кетігін санарын!)
5860 Мені қанша жақсы көрсең, бағала,
Шырай берме ғайбатшыға, жалаға.
Батыр ердің сөзін тыңдап көргейсің,
Есті сөзге ықыласты бөлгейсің:
«Жүрек — бір ет, ет бұзылар, білгейсің,
Ай, батырым, сақтап, бағып жүргейсің!
Көнбеген ер қанша ғайбат, жалаға,
Құлақ түрер, өсек кірсе араға.
Қанша ақылды, берік бегің, қарасаң:
Жалақорды жақындатса-ақ адасар!
5865 Тəн-жаның — құл, көңілің — бек, сыз батар,
Сөз көңілді бір жылытып, бір мұздатар!
Бар тəніңнің төрт белгісі арбасқан*,
Шаттандырып, енді бірі зарлатқан.
Ширатар да, енді бірде бүлдірер,
Жылатар да, енді бірі күлдірер.
Сүйініш күт: күйініш кеп — қашарсың,
Күйініш де, сүйініш кеп — сасарсың!»
Именерім — Елік, құлақ түрерсің —
Бұл жалақор иттен жаман, білерсің!
5870 Көңілің қалса, түңіліп мін тағарсың,
Еңбегің еш болар, теріс қарарсың.
Тілегім һəм өтінішім: Кімде-кім,
Жала жапса — жөн өзімнен білгенің!
Түгел сұрап, талдап-тергеп, тексергей,
Неге шағым қылса, соны ескергей!
Шағымшының сөзін тыңдап, талдағын,
Айырып біл шындығын һəм жалғанын.
470
Жақсы айтыпты бұрынғылар алдыңда:
«Сөзді тыңда, көңілде дық қалдырма!»
5875 Бұдан ұтқыр сөз бар, тыңдап көрерсің,
Ішке түйіп, істе көңіл бөлерсің:
«Керегіңді ал, күллі сөзді тыңда да,
Керексізден қаш, малданып жырғама!
Бəрін тыңдап, ақ-қарасын аңдағын,
Шыншылын ал, жазала да жалғанын.
Өтірікші дүниені күйретер,
Ай, қолы ұзын, шыншыл өрге сүйретер!»
Достарыңызбен бөлісу: