«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Одғұрмыштың Өгдүлмішке сауалы



Pdf көрінісі
бет194/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   247
Байланысты:
2 5188235762453185852

Одғұрмыштың Өгдүлмішке сауалы

5685  Сұрады ол: — Бауырым, не болды? — деп, —

 

Ай толған жоқ, жолыққалы соңғы рет.



 

Көңілің пəс, басыңқы үнің — қарасам,

 

Қызыл жүзің сұп-сұр тартқан — қарасам.



 

Қандай қайғы аш бөрідей торыған,

 

Сырыңды аш, арыл күдік торынан.



Өгдүлміштің Одғұрмышқа жауабы

 

Айтты Өгдүлміш: — Бауырыңның денесі,



 

Жарақатты, тиді тағдыр жебесі.

 

Уақыт жылтып, жарық берсе — қан жүрер,



 

Өлген көңіл, сөнген тəнге жан кірер.

5690  Өзім ғафыл, ұйқыда еді көңілім,

 

Мені оятты түртіп тағдыр, өмірім.



 

Көңіл көзі, ой көзімен барладым,

 

Өз  жолымды өзім аңдап, таңдадым.



 

Жүгім ауыр, тірлік өтіп кетіпті,

 

Күнəдан жан өртенер кез жетіпті.



 

Қызыметпен қайран өмір ағыпты,

 

Ғафыл боппын, тəңір жолы қалыпты...




 459

 

Бұл дүние келер, тірлік көшеді,



 

Дүние қалар, қайран тірлік өшеді.

5695  Тірлік үшін тіледім жер-жаһанды,

 

Керегі не, енді тірлік тақалды.



 

Өткізермін бүгінгі бұл күнімді,

 

Көре алам ба, білмен, келер түнімді.



 

Шашым жазғы солған шөптей ағарды,

 

Лашын түстес күлгін тартты сақал да.



 

Əзірленсем: артым — түнек, қайғы — алдым,

 

Ай, ақылды ер, ертеңімді ойға алдым.



 

Мұны меңзер келді сөздің кезегі,

 

Бұл сөзді тұт, іске кебі келеді:



5700 «Өкінемін — өтті ғұмыр, көнеміз,

 

Енді қанша қалды дейсің, сөнеміз.



 

Зая кетті жігіттік шақ, дəуренім,

 

Келер түнім тек кетпеске, əуремін!» —



 

Есімде айтқан біліктінің кеңесі,

 

«Бүгінгі істі — тындыр, келер — келесі!..»



 

Қапы қалма, іссіз текке теңселме:

 

Бүгінгі ісің — даярлығың ертеңге!



 

Іштім, жедім, жүрдім малдай бекерге,

 

Құр өтті өмір болмаған соң жетеңде!



5705  Дүние, тілек көптігінен семірдім,

 

Арықтайтын кезім келді, жеңілдім.



 

Рахатқа бөкті тəнім ылжырап,

 

Аяқ басып, тік тұратын туды шақ.



 

Көп адамды қас қып алдым шіреніп,

 

Көңілдерін хош қылайын түзеліп.



 

Кісіге көп тигіздім тіл, қолымды,

 

Құзыр сұрап, табайын оң жолымды.



 

 

Кісілерді көп қорладым, басындым,



 

Енді өзімді айыптайын, ақылдым!

5710  Хақтан безген күнəһармын, наданмын,

 

Күллі күнə, кінə көмген һараммын.




 460

 

Бүгін оған тəубамен мен барайын,



 

Иемнен мен пұрсат тілеп қалайын.

 

Тəу етейін жаным бойдан ұшқанша,



 

Мұрша бермес, өлім тұтса мыстанша!

 

Не дегенін, тыңда, ғалым көреген,



 

Ай, тасбауыр, бұл саған да өнеге:

 

«Ажалды ойла, Алланы ойла тіріңде,



 

Өлім тұтса, опынарсың түбінде...

5715  Тəуба қылып, бұл тірлікті бағамда,

 

Қапы қалма, өлім қолы жағаңда!



 

Жігіттікте қызмет ет, қайраттан,

 

Қарттық келсе, қаларсың күш, айбаттан.



 

Өмір барда мекерліктен қашарсың,

 

Өлімді ойлап, тірлік қамын жасарсың.



 

Өлім келмей, ояу, сақ бол қалайда,

 

Өлім жетсе, амал болмас, абайла!»



 

Осы оймен келдім саған, білгейсің,

 

Өзің  ақыл-кеңесіңді бергейсің.



5720  Жан бауырым, қан-жаны бір, сенерім,

 

Не істейін, ақылыңды бер, ерім!





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет