Еліктің Өгдүлмішке сауалы
Сұрады Елік Одғұрмышты арнайы:
—
Есен-аман бар ма? — деп, һəм жағдайын.
Ала ма екен дұғасында мені еске,
Жанды қорғар хақ дұғасы емес пе!?
Дұғасымен кісі ізгілік көреді,
Дұғасымен жұмаққа да енеді.
Жақсы дұға жоқ болса бұл жаһанда,
Ерлер туа жерге кірер қашанда!
Өгдүлміштің Елікке жауабы
5835 — Дұрыс айттың, — деді Өгдүлміш, — өзің де,
Білікті, оңды, еш жалған жоқ сөзіңде.
Жалғыз қалды ол, қайтарды да інісін,
Дұға қылып, мұңлық болып біз үшін.
Бізден басқа кімнен күнə шығады?
Біз күнə істеп, сол оқиды дұғаны!
Елік үшін жан ұшырып, табынып,
Дұға оқып жүр, жан-тəнімен жанығып.
Мейірбанды одан ешкім аспаған,
Біз үшін ол өз қайғысын тастаған!
5840 Бізден осал кім бар, Елік, білмедім,
Қол тимейді, өтті текке күндерім.
Мал-дүние, қу тілекке семіріп,
Рахатта құр жатыппыз керіліп.
468
Тəніңді құрт-жылан жер, бір өлерсің,
Жан шығарда — бəрі өкініш, көнерсің!
Есті сөзді естіп, ұғып аларсың,
Содан, қозы, сен шапағат табарсың:
«Жылан, құрттың жемісің — көп семірме,
Қонар-кетер қонақсың — көп елірме!
5845 Көрген түстей өтер-кешер тірлігің,
Белгісі оның қуған күндер бір-бірін!»
Достарыңызбен бөлісу: |