«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Еліктің Өгдүлмішке жауабы



Pdf көрінісі
бет201/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   247
Байланысты:
2 5188235762453185852

Еліктің Өгдүлмішке жауабы

 

Жауап беріп, Елік айтты: — Ей, ерім,



 

Тілеуің — оң,  сөзің — рас, сенемін!

5880  Алла саған кісілік пен бақ берді,

 

Көңіл, тіл һəм қылық, дұрыс ат берді.



 

Қалай шықсын сенен зұлым, жамандық?

 

Сүтпен сіңген ізгі қылық, адалдық!



 

Сені сөгіп сөйлер болса кімде-кім,

 

Ол маған  жау, біліктім, жөн білгенің!



 

Аз сөйлер һəм көп сөйлер бұл ағайын,

 

Олардың құр сөзін қалай алайын!



 

Ұлық болдым, несін билеп жаһанды,

 

Айырмасам күллі жақсы-жаманды!?



5885  Бек атанып: қалай елді билемек,

 

Оң-теріске есі жетпес күйгелек!



 

Қашан елге дұрыс билік құра алған,

 

Сынаса ол кісілерді сыналған?



 

Заң түзуші қай мұратын табады,

 

Айыра алмай тұрса ақтан қараны?



 

Хақтың берген шын сыйысың бүгінгі,

 

Шештің күллі шешілмейтін түйінді!



 

Жан-тəніңмен қызмет еттің, сенемін,

 

Тұз-дəмімнің хақын адал төледің.




 471

5890  Қызмет еткен өміріңе тегінде,

 

Жақсы жауап бергенім жөн менің де!



 

Тыңда сөзді қасиетті ер  таратқан,

 

Адалдықпен елді аузына қаратқан:



 

«Кішілікпен ұқсаң кісі бағасын,

 

Ізгі кісі — кісі ішінде данасың!



 

Кісілікке кісілікпен бер жауап,

 

Сол үшін де,  кісі атанып қаласың!»





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет