«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Өгдүлміштің Елікке жауабы



Pdf көрінісі
бет215/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   247
Байланысты:
2 5188235762453185852

Өгдүлміштің Елікке жауабы

 

Айтты Өгдүлміш: — Осы  сөзді  жария,



 

Сөйлеп едім, ай, білімі дария!

 

Тілімді алмай, деді үйіңе жет, кері,



 

Сөз қайырып көрдім, күшім жетпеді!



Еліктің Өгдүлмішке жауабы

6245  Елік айтты: — Тəңір өзі қолдасын!

 

Шипа беріп, тұрғызсын да, оңдасын!



 

Ол Аллаға жан-тəнімен берілген,

 

Оу, ұл, бір хақ жафа қылмас тегіннен.



 

Егер де құл барлығынан  түңілсе,

 

Жаратқанға жалбарынып, жүгінсе.



 

 Шүбəсіз, хақ оны сақтап қолдайды,

 

Жақсы ат беріп, тілектерін оңдайды.



 

Мұны мегзер сөзді тыңдап көрерсің,

 

Ойға түйіп, істе көңіл бөлерсің:



6250 «Бəрінен без, бір хұдаға жалын да,

 

Көңіл, қылық, тілді пəк тұт, арыл да!



 

Алла берер саған барша тілекті,

 

Сайтанды қу, беріп хаққа жүректі!»



 

Бекін! — деді, — Өгдүлміш, ес жина да,

 

Қайғы-мұңмен жүрегіңді қинама!



 

Жақсы кісі ол, жақсылықты таратқан,

 

Егер өлсе, қолдар өзі жаратқан!



 

Ай, бек, бұл күй келер енді бізге де,

 

Не өмір болмақ! Бұйырады бізге не?



6255  Өтті  текке  жас, жігіттік  күніміз,

 

Бір оңбады ақылымыз, діліміз.



 

Кешкен тірлік көрген түстей болып тұр,

 

Қалай өтті? Айту қиын соғып тұр.



 

Қалған күнді енді зая қылмасақ,

 

Құмарлыққа текке көңіл бұрмасақ!




 494

 

Алады ақыр, ажал айыл жимайды,



 

Өлім келсе, мың өкініш қинайды!

 

Бүгіннен сен сырттан бағып бəрін де,



 

Халық күйін көр, сүйініп, қадірле!

6260  Құтқар мені, өзіңді де азаптан,

 

Адал жолын берер, бəлкім, жаратқан!»



 

Не дейді есті, сөзін адал кісінің,

 

Хақтың күллі құлын сүйген түсініп:



 

«Кім жақсылық етсе,  қайтар қарымы,

 

Тəңір көзін ашып, шығар қарығы!



 

Кім зұлымдық етсе — өзін буады,

 

Зұлымдықтан тек зұлымдық туады!



 

Қалағаның жамандық па, жасағын,

 

Ұлырсың тек, өзің тартып азабын!»





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет