Өгдүлміштің Елікке жауабы
6265 Айтты Өгдүлміш: — Осылай сен əрқашан,
Баршаға ақыл-кеңесіңді арнасаң.
Күллі жұртқа заңың əділ болғай-ды,
Бектігіңді Алла қолдап, қорғайды.
Құттың құтын көруі үшін əмірдің,
Жан-тəнімді қиюға мен əзірмін!
Жақсы аттан артық не бар өлгенге,
Атын мəңгі қалдырса хақ, көмгенде.
Бір тұтсам деп, өлім сені бағып жүр,
Ұйықтап кетпе, басыңды аман алып жүр!
6270 Біліктінің тілі əдемі айтыпты,
Бұл сөз, бақсаң, шындығымен айшықты:
«Тасадан кеп аңдып тұрар сұм ажал,
Қапы кетер тұсты бағып, сығалар.
Жақсы-жаман болар бəрі қара жер,
Тура келсе, ажалға жоқ түк амал!»
Достарыңызбен бөлісу: |