495
* * *
Сөзін үзіп, Елік үнсіз бөгелді,
Өгдүлміш те тұрды орнынан, жөнелді.
6275 Тағы арада күндер өтті тізіліп,
Жүрді Өгдүлміш қайғы жұтып, түңіліп.
Ағасы үшін уайым жеп, қуарып,
Шөгіп кетті, сарғайды өңі суалып.
Шыдамады, тағы хабар алмаққа,
Белін буды ағасына бармаққа.
Ханға барды, жаны мұңға көмілді,
Шақырды Елік, кірді алдына, көрінді.
Өгдүлміштің Елікке сауалы
Өтінді: — Елік, ағайыма барайын,
Зииарат етіп, халін біліп алайын.
6280 Халі қандай екен, көріп қалайын,
Тірі ме екен, қайран менің ағайым!?
Достарыңызбен бөлісу: