83. ОДҒҰРМЫШТЫҢ ШƏКІРТІНІҢ ӨГДҮЛМІШКЕ КӨҢІЛ
АЙТУЫ
Қолбаласы көңіл айтты, жұбатты:
—
Хақ үкімі, бұр тіл, ділің, құлақты.
Баршаны өлім алар күні алар-ды,
Ол өлді, өзің ойлан енді ажалды.
6295 Текке, ай, ұл, еңсеңді езіп, тарылма,
Кім бар қорлап, ұрып-соққан — шағылма!?
Алла өзі шыбын жанды сыйлады,
Беріп өзі қайта алды, қимады!
Қайта бермес, сенбе тағы келер деп,
Безер түбі бізден, сенен, менен де!
Зииарат қылып қабірінің басына,
Көріп аттан, бойыңды жи, жасыма!
84. ӨГДҮЛМІШТІҢ ЕГІЛІП ОДҒҰРМЫШТЫ ЖОҚТАУЫ
Қабіріне барып көріп, құлады,
Жерді құшып, зар еңіреп жылады.
6300 «Жан бауырым! Бас көтеріп, қарашы,
Бір көрінші, қайғы-шерім тарасын!?
Үміттеніп келіп едім көргелі,
Жаптың неге жүзіңді, мен келгелі!?
497
Жайсаң жаның жаныма пір, тірегім,
Сенсіз енді қалай тірі жүремін?!
Көрген түстей, бір елестей көріндің,
Көзімді ашсам — жоқсың, жас боп төгілдім!
..............................................................................*
Достарыңызбен бөлісу: |