«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Өгдүлміштің Елікке жауабы



Pdf көрінісі
бет221/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   247
Өгдүлміштің Елікке жауабы

 

Айтты Елікке көргендерін тағдырдан,



 

Өсиетін өлерінде қалдырған.

 

Құмыра мен таяқ алып, тақалып,



 

Мұрасы деп қойды алдына апарып.

 

«Осы, — деді, — одан маған тигені,



 

Бар мұрасы, мүлігі осы үйдегі.

 

Жəдігерге алсын Елік біреуін,



 

Құтайтқай бұл,  түгенделсін тілеуің!»

6325  Елік асатаяқты алды қолына,

 — 


Құтайтсын! — деп, — құт берсін деп жолыма!

 — 


Құмыраны ал, — деді, — өзің жабығып,

 

Аңсағанда, қолға аларсың сағынып!



 

Құмыраны алды Өгдүлміш ұмсынып,

 

Көңіл босап, жасы саулап, тұр сұлық.



*   *   *

 — 


Бұл ғибрат, —  деді, — өлім жайында,

 

Ғұмыр мəнін ақылыңмен  пайымда!



 

Өмір сүрді бұл жалғанды малданбай,

 

Қалды жаһан. Өтті арбалмай, алданбай!



6330  Сөзін тыңда ақылды, ойлы кісінің,

 

Санасымен жөнін тапқан ісінің.



 

«Бұл дүние көп болса да — жарытпас,

 

Аз дүние — табар жөнін, арытпас!



 

Дүниенің лəззаты бір — мұңы мың,

 

Қалай кешсең, солай өтер ғұмырың!



 

Байлығыңның пайдасы не өлген соң,

 

Рахатын өзге көрер, көрген соң!»




 499

 

Ағаң күллі дүние-малдан безінді,



 

Шоқпыт киіп, арпа жеді, көз ілді.

6335  Солай тірлік кешті, өліп қалмады,

 

Байлықты емес, кісілікті таңдады.



 

Күні-түні жүк көтеріп, қарманып,

 

Өтті артып ел азабын малданып.



 

Атқарды ісін, құтылды енді, тыншыды,

 

Біздің іс қой, түйін-түйін қырсығы!



*   *   *

 

Айтты түгел Елік ізгі ақылын,



 

Жаныменен ұғып түйген асылын.

 

Қайтты сонсоң сарайына өзінің,



 

Ауыр ойдың салмағынан езіліп.

*   *   *

6340  Өгдүлміш те көп күн қара жамылды,

 

Тірлік жеңді, жан жарасы жазылды.



 

Ұмытылды қайғы-шері, күйігі,

 

Ішті, жеді, күлді қайта сүйінді.



 

Жақсы айтыпты ер халықты басқарған,

 

Білігімен ел-жұрт ісін атқарған:



 

«Қайғы сені бусын, қанша алаңда,

 

Жылаған көз күлер сонша табанда!



 

Бұл  жалғанның ережесі ежелгі — 

 

Тұрмас, өтер жақсылық та, жаман да!»



6345  Өгдүлміш те қайғы-зарын түгесті,

 

Ісін бағып, қызметіне кірісті.



 

Құштарланып, күш-жігерін үстеді,

 

Таңды — күнге ұрып ісін істеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет