«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


 ЕЛІКТІҢ ӨГДҮЛМІШКЕ КӨҢІЛ АЙТЫП ЖҰБАТУЫ



Pdf көрінісі
бет220/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   247
Байланысты:
2 5188235762453185852

85. ЕЛІКТІҢ ӨГДҮЛМІШКЕ КӨҢІЛ АЙТЫП ЖҰБАТУЫ

 

Естіді де, сарайынан келді Елік,



 

Көңіл айтып, жұбатты күш, дем беріп.

6305 «Ай, Өгдүлміш!  Есіңді жый, — деді Елік,

 

Дұға оқып, өлген ерді жебегін!



 

Одғұрмышты жарылқап хақ, қолдасын!

 

Күнəларын кешіріп һəм  қорғасын!



 

Қайғың үшін бергін алда адал жол,

 

Хақ рахымы түссін, өзің аман бол!



 

Жүз жасырып, қойып ауыз ашқанды,

 

Жолды кесіп, бекітіпсің қақпаңды.



 

Жараспайды, бұл қылығың болмайды,

 

Жөн-жосыққа, ақылға еш қонбайды!



6310  Айтшы, маған: кім жəбірлеп, күштеді?

 

Кім кек түйіп, кімдер қастық істеді?



 

Бір  Алланың бұйрығы — адал қазасы,

 

Құлқыңды оңда, ауыр жанның азасы.



 

Неге сонша зарлап, сорлап шағылдың,

 

Жақсы құлық емес мұның, сабыр қыл!



 

Туған — өлер, анық ұшқан — құлары,

 

Берген — алар, ал жүрген бір тынады!



 

Өлім де бір ғибрат, сабыр сақтағын,

 

Қант-шекер болсын енді татқаның!



6315  Өлім көріп тірі жүрген адамдар,

 

Ғибрат алсын, өлім жайлы бағамдап.



 

Өлген пенде айтар: « Маған қараңдар,

 

Өлім тұтты — кеттім,  келер саған да!»



 

Мұны мегзер бəйітті енді оқып ал,

 

Оқып ұғып, көңіліңе тоқып ал:




 498

 

«Ерте өлгендер сені қапы қалар деп,



 

Ғибрат берер: «Маған қара, маған!» — деп.

 

Ғафыл  жүріп көп өкіндім тірімде,



 

Өлім тұтты — кеттім, келер саған!» — деп.

*  *  *

6320 — Қалай өлді Одғұрмыш? — деп сұрады,

 — 

Білгеніңді  айт, сөйле,  сенде құлағым.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет