«Мәдени Мұра» МеМлекеттік бағдарлаМасының



Pdf көрінісі
бет18/24
Дата21.02.2017
өлшемі1,15 Mb.
#4615
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24

7360

306

307


қобыланды батыр

Үйдің ішін қарасаң,

Жарқыраған сары алтын,

алтын заңдас түрі бар.

тәрбиемен жайнатқан,

неше түрлі гүлі бар.

керектің бәрі жайнап тұр,

алшағыр бәрін сайлап тұр.

бақша ішінде бұлбұл құс

неше түрлі сайрап тұр.

Құрмет үшін келтірген,

Қалмақтың сұлу қыздары

неше түрлі ойнап тұр.

әнші, өлеңші, жыршысы

ішінде гүлдің толғап тұр.

сәнді, сұлу қыз келді,

ойынның сәнін келтірген

көрікті, сұлу ұл келді.

есігін қорғап, бағуға

Жиырма төрт құл келді.

Құртқаға тәрбие етуге

тап он екі күң берді.

керегінің баршасын

даярлап патша пұл берді.

айтқанынша Құртқаның

керегін даяр үлгерді.

Құртқаның жатар үйіне

көрік берді, түр берді,

Құртқаға хабар жіберді:

—уәдеге келсін,—деп,

тәрбиелі үйін көрсін,—деп,

Қыпшақтардан сұлу қыз,

Жолдасы бірге ресін деп.

Құрмет еттім Құртқаға,

Мұным мақұл көрсін деп.

Қыпшақтардың қызынан,

Өзіне керек сәндісі

артында кейін қалмасын.

аққұртқам мұнымды андасын,

сұлу қыздар қалмасын.

7370

7380


7390

308

батырлар жыры

тоқтарбайдың жалғыз қыз—

Хансұлуды алмасын.

ертсін қыздың өңгесін,

Құрметті, сұлу Құртқажан

тастамасын теңдесін.

Қыпшақтардың қыздары

басы қылсын Құртқадай

Қадірлес қатар жеңгесін.

тоқтарбайдың Хансұлу

Қасына еріп келмесін.

Құртқа досым жаран деп,

сәлем айттым саған деп,

не десең де сөзіңді,

аққұртқа, қабыл алам деп.

Өтінбеңіз, Құртқа, сен

Қайын сіңлің Хансұлу

Жолдастыққа алам деп.

амалсыз Құртқа тұрады,

тұрады да жылады.

Хансұлудай шырақты

ерітпесін біледі.

сырласы да, жолдасы,

ақылдасы, шырағы

көңілі суып тынады.

сыр білдірмей қалмаққа,

Үй ішіне қоштасып,

Өп-өтірік күлімдеп,

ажарланып шығады.

Қызмет қылған Хансұлу

Қайғылы еді бұрын да.

сұрайын десе амал жоқ,

сөндіріп жүр дамылсыз

күні-түні шылымды.

ақылды Құртқа айлалы,

ажарланып, жайнады,

Жүрегі қорқып таймады,

саспай ақыл ойлады.

Қыздан алып жолдасты

барарын біліп болжады.

7400


7410

7420


7430

308

309


қобыланды батыр

асыл киім киінді,

дестелеп шашын түюлі,

кететінін білулі.

төрт ай пұрсат алған соң

Қуанышпенен күлулі.

Қыпшақтың қызы қасында,

алшағырдың үйіне

сұлу Құртқа жүрулі.

ырғала басып, теңселіп,

Үйі ішіне кірулі.

Үй алдында көп қалмақ

Қыз Құртқаны көруге,

таң қалысып тұрулы.

алтынменен қаптаған,

Жібектей шаш бұрымды.

Үй ішіне көз салса,

тәрбиесі жайнап тұр.

бір жағында бақшасы,

бұлбұл, тоты сайрап тұр.

Қалмақтың сұлу қыздары

тап алдында ойнап тұр.

әншісі мен сәншісі,

Жыршылары толғап тұр.

есік алдын құл бағып,

бөтен жанды кіргізбей,

Қатты бағып қорғап тұр.

Жолдас қызы қасында,

айдан ару Құртқаға

осындай құрмет қылады.

тәрбиенің ішінде

бағында Құртқа тұрады.

ойын, күлкі кемі жоқ,

Қызметі алшағыр

көңілінен шығады.

алшағырдың баққаны

аққұртқаға жағады,

Құртқаның ойын табады.

күнде қызық, мереке

сұлудың көрген заманы.

7440

7450


7460

7470


310

батырлар жыры

төрт ай еді алғаны,

алыс емес жақында

сол төрт айдың аяғы.

Мерекенің ішінде,

тек осы тапқан амалы.

ойында Құртқа қалады,

ақылға асқан кең еді,

төрт айдың ішінде,

шын тілеген мақсатқа

бір жетермін деп еді.

кеңінен ойлап Құртқаның

пұрсат алған себебі.

ойын-күлкі ішінде,

Құртқаның қалған жері еді.

әлқисса, алшағыр хан Қарақыпшақ елін шауып, тоқтарбайды қой 

соңына,  аналықты  тезекке,  жүн  түтуге,  Хансұлуды  отыз  төре,  қырық 

бегінің тартқан шылымын сөндіруге қояды. Құртқаны енді төрт айдан 

кейін алмақ болып, оны басқа бір жайда бөлек тәрбиелейді, қыпшаққа 

қатты  қысым  көрсетеді.  сұлу  Құртқа  өзімен  бірге  қыпшақтың  тәуір 

қыздарын Қобланды келгенше қорғап бағайын деген мақсатпен қасына 

жолдас етіп алады. күн осылай өте береді. санаулы күн бітпейді, күн 

сайын  алшағырдың  қара  қыпшақ  еліне  көрсеткен  зәбірі  ұлғая  түседі. 

ендігі сөзді Қобыланды батырдан есітіңіз.

Қобыланды батыр хан барсаның елін өзіне қаратып, еліне қайтуға 

бет  алады.  барсаның  еліне  бастық  сайлап  кетеді.  Халыққа  кетерінде 

жақсы, тату тұрыңдар деп үгіт айтады. Қобыланды ертең елге жүремін 

деген түні түс көреді:

ұйықтап жатып түс көрді,

сол күні көрген түсінде

Құлазып жатқан жер көрді.

ылайланған көл көрді,

шаңы шыққан бел көрді,

Қайғылы болған шер көрді.

Жаман түсті көрді енді,

иесіз қалған секілді

Қоныс еткен жерлері.

еңіреулі көрінді,

7480


7490

7500


310

311


қобыланды батыр

Қарақыпшақ елдері.

Құлазып жатыр елінің

биік, жалас белдері.

сол түн көрген түсінде

Қиындық, қысым көргені.

көп қыпшақтың адамы

еңіреп, өксіп жылап жүр.

Жылқыдағы жүйрігін 

әркім мініп бұлап жүр.

сол күні көрген түсінде,

еңсесі биік боз орда

еңсеріліп құлап тұр.

Халықты көріп жылаған,

Жылқысын көрді түсінде

әркім мініп бұлаған.

еңсесі биік боз орда

еңкейе барып құлаған.

лайытып жатыр көлдері,

шаңы ұшып жатыр жерлері.

Құлазып жатыр Қобыланның

байтақ жер, жалас белдері.

осы көрген түсінде,

Қиындық болды көргені.

еңіреген зар көрді,

Халқының күнін тар көрді.

Қарақыпшақ елінде,

Жирен Қопа көлінде,

Қапа жауған қар көрді.

шауып алған қыпшақты

сансыз әскер жау көрді.

сол күні көрген түсінде

Қыпшақтың соры қайнап жүр.

тоқтарбайдай әкесі,

Қу таяғы қолында,

Мың сарықты айдап жүр.

Қайғыға іші қайнап жүр,

Мұңын айтып толғап жүр.

былтыр кеткен Қобыланды

келер ме деп ойлап жүр.

7510

7520


7530

312

батырлар жыры

ажары кетіп жүдеген,

Қасірет шалға орнап жүр.

ақ таяқты қолға алып,

Мың сарығын бағып жүр.

Қиынға басы қалып жүр,

Қайғы отына жанып жүр.

тор етінен айрылып,

тек сүйегі қалып жүр.

Қиындық шалдың басында,

Өлмей тірі неғып жүр?

алпысқа келген аналық,

Қорлығын айтып қаралық.

тоқтарбай тұрсын сонымен,

аналыққа баралық.

алшағырдың көңілінде

аяйын деп ойламас,

көкірегі қаралық.

екі қабы иінде,

дамылсыз тезек тереді.

термесіне амал жоқ,

бақташы жүр соңында.

Қартайған байғұс отырса,

аяқпенен тебеді,

осындай қорлық көреді.

атаңа нәлет алшағыр

Мейірімсіз неме еді.

кешке келсе үйіне

арқан есіп, жүн түт деп,

Қолына жұмыс береді.

күндіз тезек теріп жүр,

Қатты қорлық беріп жүр.

термеске тезек амал жоқ,

шоқпарлары қолында,

екі шал ғазап беріп жүр.

арқан есіп, жүн түтіп,

Өлуіне таянып,

ажал жақын төніп жүр.

түсінде көрді білімді,

таң мезгілі уақытта

7540


7550

7560


7570

312

313


қобыланды батыр

Қобыланға бұл түс білінді.

ардақтаған Хансұлу

Қалың жаудың ішінде

сөндіріп жүр шылымды.

түстен қорқып түңілді,

Қайтам деген Қобыланға

бұл ишарат білінді.

аққұртқадай алғаны,

Жайлап төсек салғаны,

бұл жырдың жоқ жалғаны.

Қобыланды қашан келер деп,

көңілде мүдде, арманы.

сол түні көрген түсінде,

аққұртқа сұлу зарлады.

зарлағанда дауысы

ұйықтап жатқан Қобыланның

Құлағына барғаны.

ұйқыдан шошып оянып:

—Қартқожақ!—деп ақырды,

—нұрғожа!—деп шақырды.

шақырды қырық батырды,

сескеніп түстен сасулы,

Қобыланның көңілі жасулы,

батырдың өңі қашулы.

—нұрғожа мен Қартқожақ,

бүгінгі көрген түсімде,

түсінде Қобылан қысылды,

Қатты көрдім қысымды.

алтын Қобылан мен едім,

шығармаса игі еді,

елімді шауып мысымды.

көргенім шайтан болмаса,

Қобыланды жаудан өлді деп,

берді-ау елге қысымды.

Құртқа тіккен боз ордам,

Құлауыңқы көрінді.

Хансұлудай қарағым

Жылауыңқы көрінді.

Жылқыдағы жүйрігім,

7580

7590


7600

7610


314

батырлар жыры

бұлауыңқы көрінді.

Жирен Қопа көлдерін

балшығы шығып, сор басып,

лайыңқы көрінді.

бұл не болар, қырық жігіт?!

Құлап жатыр қаламыз,

еңіреулі ата-анамыз.

Қыпшақ деген елімде,

Жылайды шулап баламыз.

ойға салып қараңыз,

осы көрген қиын түс

Қалайша деп табамыз.

Халқыма зәбір беріп жүр,

түсім шайтан болмаса,

Қыпшақ қорлық көріп жүр.

көп сарықтың соңында,

әкем сорлы еріп жүр.

алпыстан асқан аналық,

екі қабы иығында, 

сорлы тезек теріп жүр.

бейшара болған кемпір-шал

балам қашан келер деп,

ыстық жасын төгіп жүр,

бұл не болар, қырық жігіт?!

Хансұлудай қарағым

Жау қоршалап қамап жүр,

зар еңіретіп сабап жүр.

Ханшадай менің қалқамды

кілең иттер талап жүр.

Жамандықтан қорыңдар,

Жақсылыққа жорыңдар.

Жамандық болса егер де,

Маңдайда қалың сорым бар,

бұл не болар, қырық жігіт?!

Мен түс көрдім қиядан,

аққұртқа менің алғаным

ақ мұнара басында,

ер Қобылан деп жылаған.

Мен түстің түрін байқасам,

7620


7630

7640


7650

314

315


қобыланды батыр

Қалмаққа елім шабылып,

ақылы көп аққұртқа 

Қалмақтан пұрсат сұраған.

елімді шауып ұрғанды,

Қас масқара қылғанды.

срок алып аққұртқа

басын бағып тұрған-ды.

Қартқожақ батыр айтады:

—нұрғожа қосшым—сен,—дейді,

Қартқожақ басшың—мен,—дейді.

Қобыланның көрген бұл түсін,

нұрғожам, жорып бер,—дейді.

Жақсылыққа жорыңыз,

Жамандықтан қорыңыз.

түс түлкінің боғы еді,

Жақсылық айту жол,—дейді.

елін барса шапқан соң,

сапарымыз оң,—дейді.

Қайғыланба, Қобыланды ер,

әр ісіміз оң,—дейді.

нұрғожа сонда жырлайды,

Қарт екеңнің айтқанын

көңілін салып тыңдайды.

тілегі бір бәрінің, 

тату досы ыңғайлы.

—түсіңді айттың сен,—дейді,

Жоримын түсті мен,—дейді.

түске жасыр болар ма,

сіз секілді ер,—дейді.

Жақсылыққа жоримын,

Қобыланды, тыңдап көр,—дейді.

бүгін көрген түсіңде,

еңсесі биік боз ордаң

Құлауыңқы көрінсе,

сен кеткелі көп болды,

бұрынғыдай келетін 

Қатар, құрбы адам жоқ.

Қарақыпшақ елінде

бұрынғы дәуір заман жоқ.

7660

7670


7680

316

батырлар жыры

еңсеріліп тұрған-ды,

Құрметтейтін ешкім жоқ,

Үйге келген мейманды.

батыр Қобылан ерімсің,

бұл түсің соған көрінсін.

Қайғылы болса елдерің,

Қарақыпшақ халқыңның

Қысым болса көргені,

таршылықпен зарығып,

сағынған шығар елдерің.

Қобыланды атты ерімсің,

бұл түсің соған көрінсін.

еңсесі биік боз ордаң

Құлауыңқы көрінсе,

Жылқыдағы жүйрігің

бұлауыңқы көрінсе,

кеткеніңе көп болды,

көптен сізден шет болды.

кемпір, шалдың көңілі

сағынғаннан өрт болды,

сағыныш қайғы дерт болды.

Қорғайтұғын сен кетіп,

Қайғыңмен халқың мерт болды.

Қобыланды атты ерімсің,

бұл түсің соған көрінсін.

Жылқы жатқан Жирен көл

лайыңқы көрінсе,

Жылқыдағы жүйрігің

бұлауыңқы көрінсе,

Жасы жеткен кемпір, шал

Жылауыңқы көрінсе.

Жылқышы жылқы баққан-ды,

күннің ыстық күнінде,

көлге айдап жапқан-ды.

шөлдеп жылқы су ішіп,

Қайсысы аунап жылқының

көлге түсіп жатқан-ды.

Қобыланды атты ерімсің

бұл түсім соған көрінсін.

7690


7700

7710


7720

316

317


қобыланды батыр

атаңа нәлет алшағыр,

тура жорып берейін,

Халыққа бүлік салған-ды,

біз кеткелі көп болды,

алты ай срок біткен соң,

алдап жүрген алшағыр

Қыпшақты шауып алған-ды.

еркіндегі халықтың

Қайғыға басын салған-ды.

еңсесі биік боз орда

Құлауыңқы көрінсе,

боз орданы құлатып,

білгенін елге қылған-ды.

Қыпшақ деген халықты

шауып алып ұрған-ды.

ойлаған кекті алшағыр

Қас масқара қылған-ды.

Жаратпадым бұл түсті,

Қобыланды, көрдің бұл істі.

біз кеткен соң алшағыр,

салған екен бүлікті.

Жаратпадым түсіңді,

Қайғылы халқың күйікті,

Құлазып жатса жеріңіз,

лайланса көліңіз,

шабылған қыпшақ еліңіз.

шапқан соң иесіз қалған-ды,

Жылқы жайған беліңіз.

Қайғыланба, Қобыланды,

Қалмаққа кетер деймісің,

көрген зәбір, кегіміз.

сабыр ет, батыр, өзіңіз,

сексеннен асқан тоқтарбай

Жасы жеткен бабаңыз,

ақ таяғын қолға алса,

Қой соңында сорлы шал

Жалғызым деп зарласа,

елді қалмақ шапқаны.

Қу таяқты қолға алып,

7730

7740


7750

7760


318

батырлар жыры

әкең сарық баққаны.

Өзіміз аман қайтқан соң,

уайым етіп саспалы.

бұл арадан аман-сау

Жатырмыз елге қайтқалы.

Өз еркінде болған соң,

Қаны қара алшағыр

Мақсатына жеткені.

кемпір менен шалыңа

Қатты қысым еткені,

Қорлығы жаудың өткені.

Қатты қысым тәртіппен,

тезек теріп, жүн түтіп,

бейнет шығар шеккені.

бұл қорлыққа шыдамай

көзінің жасын төккені.

бір жыл болды, Қобыланды,

біз халықтан кеткелі.

шулап қыпшақ жыласа,

Қайрылмай кеткен халқыңа,

Қыпшағың сізге өкпелі.

Қол жеткенге әл жеткен,

Халқыңа жаудың өктемі.

Қобыланды атты ерімсің,

бұл түсің соған көрінсін.

Хансұлудай баланы

Жетпіс қалмақ қамаса,

он шыбық ұрып сабаса,

Қобыланды, түсің тамаша.

Қалмақ биік, көп халық,

Қыпшақ жаудан аласа.

Өзің сына, шырағым,

Қобыланды батыр мұнымды.

Хансұлудай баланың

Өсірдің сипап тұлымды.

көрген түсің шын болса,

Қарақыпшақ бүлінді.

Қобыланды жаудан өлді деп,

ата менен анаңыз,

7770


7780

7790


7800

318

319


қобыланды батыр

Құртқа менен Хансұлу,

Халқың сізден түңілді.

ардақтап жүрген шырағың,

бірге туған Хансұлу

отыз төре, қырық бегі

сөндірген болар шылымын.

сөнбей қалса бір шылым,

шыбық соғып айыпқа,

алған шығар тынымын.

осы түстен сынаймын,

Жаудың салған бүлігін.

отыз төре, қырық бегі

Хансұлуды қамаған.

алтын тарақ қолында,

Жібектей шашын тараған.

салтанатты Хансұлу,

алған болар бұл қалмақ

зәбірін көрген баладан.

түсіңнің түрі тым жаман,

дәлеліменен нашарға

айыптап шыбық сабаған.

Қобыланды атты ерімсің,

түс жорыған жерімсің.

ауызға толы сөзімсің,

кегің кетер деймісің,

кек алатын өзіңсің.

Қисық жауды түзетер,

Жауға құрған тезімсің.

Қобыланды атты ерімсің,

бұл түсің соған көрінсін.

Қыз жолдасы қасында,

Қобыланды арнап түс көрсең

аққұртқадай асылға.

алғаным деп жыласа,

алтын сырлы орданы,

ақ мұнара басынан,

ойлап амал тапқан-ды.

ұлықсат алып патшадан,

Өзін таза баққан-ды.

7810

7820


7830

7840


320

батырлар жыры

Қыпшақтың қызы жолдасы

досым аман келер деп,

сауықпенен жатқан-ды.

келеріңді білген-ді,

ишарат көріп түйген-ді.

кеткеніңе көп болды,

сағынып Құртқа жүрген-ді.

ару Құртқа айлалы,

амал, тәсіл сайлады.

көрген түстен меңзеймін,

төрт айға деп қалмақтан

алдап пұрсат алған-ды.

Жорудың жоқ жалғаны,

ақылы артық аққұртқаң

алшағырды арбады,

амалға ақыл жалғады.

сен келгенше Құртқаның

көңілінде көп арманы.

ақылды Құртқа ойлады,

көрген түстен сынасам,

Өзі түгіл Құртқажан

Қыпшақтың қызын қорғады.

Өзің аман қайтқан соң,

Қосылар күнің болғаны.

Халқыңның болмас арманы,

Жорудың жоқ жалғаны.

Қысым беріп халқыңа,

Ханның тәртіп салғаны.

Қобыланды, өзің ойлап көр,

Жорудың бар ма жалғаны.

Жорып бердім түсіңді,

енді жолдан қалмалы.

сонда Қобылан сөйлейді:

—Жоруыңның бәрі жөн,

Мінейін атқа енді мен.

Қасымдағы қырық жолдас,

шыны достым, құрбы тең.

бір тәуекел етейін,

артым тар да, алдым кең.

7850


7860

7870


320

321


қобыланды батыр

аттарыңды күйлеп бақ,

Жаратып аттың күйін тап,

осы көлге бес күн жат.

күйлендіріп тұлпарың,

Жолдастар болсын көңілі шат.

тайбурыл күйінде

арықтады-ай торы ат.

Қолтығында қос қанат,

орта жолда болдырып,

торыға келер жаман ат.

тәуекел етіп жүрейін,

екі атпен өзім саламат.

ал, жолдастар, жүрейін,

бек сауытым киейін.

тас кесетін алмасты

балдағынан ілейін.

аман жүріп, сау барсам,

Жаушылық қылса хан досым,

осы бойда-ақ тілейін.

 бек сауыт киіп белсенген,

Жау көргенде еңсеген.

ақылың болса айтыңдар,

Қобыланың сасып теңселген.

сүйдеді де Қобыланды:

—достарым, аман бол,—деді,

болсын сапар оң,—деді.

Қайырлы болсын жол,—деді.

болмасын жауға қор,—деді.

дұшпандық қылса алшағыр,

Өзіне құрған тор,—деді.

тайбурылға бөктеріп,

азығын артып алады.

Қырық жігіт сол жерде

Қош айтысып қалады.

ат сыншысы ер Қармыс

Қырық аттың жақсылап,

кешікпей күйін табады,

күндіз-түні шабады.

тайбурыл ат жетекте,

7880

7890


7900

7910


322

батырлар жыры

батыр туған ер Қобылан

тобығы меңді торымен

Жалғыз кетіп барады.

ұйықтайтұғын ер емес,

ұйықтауы ердің жөн емес.

Қос тұлпардың екпіні

ұшқан құстан кем емес.

Қос тұлпармен сырлатып,

Қобыланды шауып жөнелді,

шабысты тұлпар перенді,

Жалықпайтын ер енді.

ұйқы келіп қалғыса,

айғайлап айтты өлеңді,

батыр еді өнерлі.

тұлпарменен күні-түн

шаршамастан жорытты,

күні бес күн болыпты.

намаздыгер шамаға

күн шамасы толыпты.

шабуымен тыным жоқ,

арықтаған торы аттың

болдырар күні болыпты.

борбайында қоңы жоқ,

Мойынында жалы жоқ.

енді шабар әлі жоқ,

Жүруге аттың халі жоқ.

Қалта қарап тұрады,

ашуланып Қобыланды

Қамшыменен ұрады.

бауырдан аққан қара қан

төрт тұяғын жуады.

ұрғаны қатты Қобыланның

Жануар торы ат құлады.

тұлпар деп сені нетейін,

торы ат басың кесейін.

енді қалған жеріме,

Қарақыпшақ еліме

тайбурылмен жетейін.

7920

7930


7940

7950


322

323


қобыланды батыр

осы жерде аққұртқаның: «торының бір жасы кем, сол бір жерлерге 

келгенде сені ашуландырар, бірақ ашумен басын кесіп тастап жүрме» 

деген сөзі есіне түсіп, ұсынған қылышын қынабына қайта салады.

ағытып айыл қарады,

бауырының терісі 

айылмен кетіп барады.

ағытқанда тарпасын

төс терісі торының

айылмен кетіп барады.

Құйысқанын ағытты,

сауырының терісі

Құйысқанмен барады.

Өмілдірік ағытса,

омыраудың терісі

Өмілдірікпен барады.

сағалдырық алады,

сағағының терісі

бірге кетіп барады.

сыпырып жүген алады,

тұла бойын қызыл қан

Жануардан ағады.

Қызыл жолақ ат болды,

шыбын қуып барады,

Қалың сона талады.

бір балшық көл табады,

аунап, жатып қалады.

сонадан қалың жануар,

торы ат тыным табады.

Үсті-басы көк балшық,

кеш салқыны түскен соң,

оттауға кетіп барады.

Қабағы қатқан Қобыланды ер,

Үш күн ұйықтап қалыпты.

күні-түні алты күн,

ат тыңайып қалыпты.

Мойынына жал бітіп,

борбайына қоң бітіп,

оңалғаны анық-ты.

7960


7970

7980


7990

324

батырлар жыры

Жауыр жерге ақ жарғақ

тері бітіп қалыпты.

тайбурылдың қасына

тобығы меңді торыша

оқыранып барыпты.

күйіне түскен қос тұлпар

Қобыланды ерді айналып,

екі ат ойын салыпты.

Құлындай ойнап жануар

екі тұлпар қағысты.

дүбірінің күшімен

ұйықтап жатқан Қобыланды

көтеріп басын алыпты.

ұйқысынан оянып,

Қос тұлпарға барады, 

Үстіне тоқым салады.

ерді ерттеп, тұлпардың

Үстіне мініп алады.

торышаның үстіне

Қоржын жүгін таңады.

торы тұлпар жетекте,

тайбурыл мен Қобыланды

енді жүріп барады.

күйіне түскен жануар

Құлаштап бауырын жазады.

тимеді жерге аяғы,

Қазандай жатқан қара тас

екпінімен тұяқтың

басып кетсе жарады.

шапқан сайын ашылды,

Үстінен аққан қара тер

тау суындай шашылды.

екі көзі жарқылдап,

ауыздығын басулы.

ырғып, шұлғып жөнелді,



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет