«Мәдени Мұра» МеМлекеттік бағдарлаМасының



Pdf көрінісі
бет19/24
Дата21.02.2017
өлшемі1,15 Mb.
#4615
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24

тайбурыл мен торша ат

шын шабуға ашынды.

Қобыландының қонысы

тайбурыл мен торыға

8000


8010

8020


324

325


қобыланды батыр

алыс та болса жақын-ды.

сұлағанда жануар

Құйындай шаңы шашылды.

Қос тұлпармен жолданған,

Өткір найза қолға алған,

торы тұлпар тыңайып,

ер сапарын оңғарған.

елін аман бір көрсе,

тарқар еді арманнан.

Қалың қыпшақ тұтқында

ағайынды зарлаған.

күндіз-түні шабуыл,

дамыл алмай жүреді.

тұман басқан бір күні

Қараңғы түнек түн еді.

ел шамасы жетерге

Жақындаған күн еді.

бір жерлерге келгенде,

екі тұлпар тұрады.

ашуланып Қобыланды

Қамшыменен ұрады.

дыбыстанып адамдай,

екі ат бірдей жылады.

«шу» деп еді жүрмеді,

не болғанын білмеді.

түсе қалып атынан,

Қос тұлпарды сүйреді.

тұяғын жерге ұрады,

Өз-өзінен жығылды,

екеуі де құлады.

адамдай-ақ дыбыстап,

екеуі бірдей жылады.

сипалап жерді қарады,

Қолмен білді Қобыланды

Құлап жатқан қаланы.

тағы қайта сипаса,

алтын қазық табады.

алтын қазық табылды,

Жібектен арқан тағулы.

8030

8040


8050

8060


326

батырлар жыры

Мынау нешік болды деп,

Қобыланды таң қалады.

таң ата тұман ашылып,

Жан-жаққа көзін салулы.

Жирен қопа көлдерін,

иесіз қалған жерлерін,

Қобыланды байқап танулы.

Өзіне қоныс келгенде,

екі тұлпар таныған,

аққұртқадай сұлудың

елік сүтін берген жер.

сусынына бал беріп,

әрбір түрлі дәм беріп,

баласындай көрген жер.

ардақтап тұлпар баққан жер,

Үстіне жұмсақ тисін деп,

Мақпалдан жабу жапқан жер.

Мойнына қатты тиер деп,

Жібектен арқан таққан жер.

Қобылан мен атты тең көрген,

рахатты кең көрген,

баққан тұлпар жер екен,

Жирен қопа көлі екен.

бұзылған тоғай, иесіз көл,

шабылған қыпшақ елі екен.

иесіз қалған көл көрді,

Құлазып қалған жер көрді.

Қыр басында қара жоқ,

Қу дала, иесіз бел көрді.

шабылғанын елдің білген соң,

Хансұлу, Құртқа арудың

терегін іздеп тез келді.

бұтаққа таңған қағазды

Қобыланды батыр көрді енді.

Қағазды жұлып алыпты,

Хатқа көзін салыпты.

көрген тарлық баршасын

сұлу Құртқа жазыпты.

Хатындағы сөзіне

8070


8080

8090


8100

326

327


қобыланды батыр

Қобыланды оқып қаныпты.

Хатын оқып біледі,

шыдамады жүрегі.

осы жауға шабуға

Қызғындады сүйегі.

Халқы көрген қорлыққа

ашуланып күйеді.

Құртқаның берген жай бұлтын

Қоржынынан алады.

Жай бұлтын енді жаяды,

бұлыт қаптап барады.

бірге туған Хансұлу,

Қорлықта жүрген қарағы

бұлтқа көзін салады.

бұлыты деп көкемнің,

езу тартып Хансұлу,

Қуаныш етіп қалады.

не себепті күлдің деп,

отыз төре, қырық бегі

ортасына қамады,

Қыздан жауап алады.

«не нәрсені білдің?» деп,

«Хансұлу, неге күлдің?» деп,

«нені байқап түйдің?» деп,

Қарсылық деп күлгенің

шыбық ұрып сабады.

Жылаған қыздың дауысы 

аналық пен сарбаптың

Құлағына барады.

кемпірлер де жылайды,

көзінің жасын бұлайды.

Жылаған соң Хансұлу,

анасы қайтып шыдайды.

екі кемпір жыласа,

Қыпшақтар жылап шулапты.

тап сол күні күн батты,

алшағырдың ақсары

ұйықтап жатып түс көрді,

әжептәуір түс көрді.

8110

8120


8130

8140


328

батырлар жыры

түсінде көрді төрт бөрі:

Қабағы қалың қас бөрі,

шолақ құйрық ақ бөрі,

азуы шыққан жас бөрі,

салаң құйрық көк бөрі.

ел шетіне келді ғой,

есебі жоқ көп қойға

келе қырғын берді ғой.

ойда жатқан отыз қой,

ойды шауып жойды ғой.

Қырда тұрған қырық қой,

Қына қырғын берді ғой.

Қой ішінде бес қошқар,

бес қошқардың ішінде

шығыршық мүйіз көк қошқар,

таңнан тартып жойды ғой,

шикі майға тойды ғой.

алты бірдей ақ қозы,

алтауы да жас қозы,

Жас сырбазды жеді ғой,

тісіне жұмсақ тиді ғой.

Қой ішінде көп саулық,

көп саулықтың ішінде

ең көсемі көк саулық

Қарынынан жарды ғой.

—ақсары атты бәйбішең

осы түсті көрген соң

ақылынан танды ғой.

патшам, есім ауды ғой,

осы түстің бәрі рас,

төбеден жасыл жауды ғой.

сонда алшағыр сөйлейді:

—Қобыланды келер деймісің,

уайым айтқан нең?—дейді.

атаң әйел, нашарсың,

ақылың сенің кем,—дейді.

Өлгеніне Қобыланның

осы биыл жыл толды,

Өлгені Қобылан шын болды.

8150


8160

8170


8180

328

329


қобыланды батыр

Хан барсаның елінде

сүйегі Қобылан күл болды.

лайықты аққұртқа

алатын күнім таянды.

күндестікпен айтқасын

ниетің сенің арам-ды.

ақсары сонда сөйлейді:

—ей, бейшара алшағыр,

сөзіме құлақ сал, шағыр,

айтқаныма нан, шағыр.

көрген түстің бәрі рас,

ертең тарлық бар, шағыр.

Қобыланды сізге келмесін,

шаһарыңды сырттан көрмесін.

ер Қобыланның білгенмін

Хан барсадан өлмесін.

бұзған шығар барсаның

берік салған ордасын.

Қуаныш шығар көңілі,

ер барсаны жойған соң.

көргенім бекер болмаса,

Жау кеңсеңе төніп тұр.

ақсары атты бәйбішең

түспен көріп, біліп тұр.

Жолда жатқан сансыз қой

көп қалмағың болмасын.

ойда тұрған отыз қой

отыз төрең болмасын.

Қырда тұрған қырық қой

Қырық бегің болмасын.

бәрін қырып, жоймасын,

бегілеріңді соймасын,

ерлердің көзін оймасын.

Қобылан келмей тұрғанда,

неге өлмедім сор басым.

Қой ішінде бес қошқар

бес тумаңыз болмасын.

шығыршық мүйіз көк қошқар

тап өзіңіз болмасын.

8190

8200


8210

8220


330

батырлар жыры

Қой ішінде көп саулық

Қой бастаған көк саулық,

біз пақырың болмасын.

алтауын қырып-жоймасын,

Жас сырбазға тоймасын.

түстің түрі тым жаман,

бұл айтқаным болмасын.

Қорқынышпен айтамын,

бұл жоруым болмасын.

ұйқы қанып, тынығып,

тыңайып әбден алады.

Құртқа сұлу көрсін деп,

Жай бұлтын тағы жаяды.

Қобыланды жайған жай бұлыт

Жайлап қаптап барады.

Құртқа бұлтын көрген соң,

келген екен ерім деп,

ақыл ойлап қарады.

сұлу Құртқа ақылды,

ойлауы ақыл мақұл-ды.

күзетшінің тәуірін

бері кел деп шақырды.

келгенін Қобылан білген соң

Құртқажан қайта ашылды.

Қолына қалам алады,

алшағырға қағаз жазады.

«алшағыр досым сен едің,

сұлу Құртқа мен едім,

Қадірлес қатар тең едің.

әр уақытта тілеген

тілек берсең, алшағыр,

саяға шығып қыдырып,

көтеріп көңіл келемін.

тілекті қабыл көріңіз,

бір тілегім беріңіз.

көптен бері сәнді үйден

саяға шығып жүрмедім.

тәрбиемен жатырмын,

Қасымда жолдас қыздармен,

8230


8240

8250


8260

330

331


қобыланды батыр

самалға шығып күлмедім.

не бар, не жоқ кеңдікте,

еш нәрсені білмедім.

арызымды тыңдасаң,

кең дүниені көрейін.

ермек қылып жолдаспен

даладан тезек терейін.

көп айналмай, кешікпей,

тезірек қайтып келейін».

Хан айтты: «Құртқа, саған сендім,—деді,

ей сұлу, не десең де көндім,—деді.

Қасыңа күң мен құлдан жолдас ертіп,

ұлықсат саған, Құртқа, бердім»,—деді.

алшағыр ғашық көңілі сеніп қалды,

ұлықсат аққұртқаға беріп салды.

Құртқаны өзімсінген алшағыр хан

көңілі жан Құртқаға еріп қалды.

Өзімсінген Құртқаға

көңілі ханның шыдамай,

көңіліндегі мақсатын

аққұртқаның қылады-ай.

ойлаған Құртқа көңілінен

алшағыр хан шығады-ай.

Қапияда ой тапқан

ақылды Құртқа шырақ-ай.

алшағыр хан батырға

арызын айтқан жер еді.

Құртқаның айтқан сөзіне

көңілім сенді деп еді.

Өзімсініп Құртқаны,

не десе де көнеді.

Жеті қыз қосшы береді,

алты күң мен алты құл

бақташыға ереді.

Қапқа салып тезекті,

ермек қылып тереді.

ұлы сәске болмай-ақ,

Құртқа тозаң көреді.

алыстан шыққан бұл тозаң,

8270

8280


8290

8300


332

батырлар жыры

Қобыландының өзі еді.

тозаңды болжап сынап тұр,

сұлу Құртқа жылап тұр,

көзінің жасын бұлап тұр.

Қобыланнан шыққан тозаңдар,

келгенінше қасына

амалсыздан шыдап тұр.

—алыстан шыққан тозаңың,

тозаңға көзім саламын.

ашылар деп ойлаймын

Жабылыңқы қабағым.

түзелер деп ойлаймын

Қайғылы болған заманым.

Жай бұлытын көрген соң,

ойлап едім келер деп,

Қобыланды досым, қарағым.

Қарағым менің келгенше,

сағынғаннан жарадым.

Қобыланды, сені сағынып,

сағынғанмен не қылдым.

сен кеткен соң еліңнен,

Қайғы отына жағылдым.

амалым бар ма, қайтейін,

амалсыз жауға бағындым.

бұрынғы кеңдік күнімнен

бұл заманда тарылдым.

Қысымда тұрған күнімде,

Жан досым Қобылан табылдың.

сөзін айтып болғанша,

Қос тұлпармен желіпті,

Желігіп Қобылан келіпті,

дидарларын көріпті.

Қайғыда жүрген аққұртқа

көзінің жасын еңіреп,

Өксіп, жылап төгіпті.

—сен кеткен соң, жан досым,

заманның көрдім қаранын.

алшағырдай досыңның

айтып едім арамын.

8310


8320

8330


8340

332

333


қобыланды батыр

тарылтқан жоқ па халқыңның

көрген теңдік заманын.

тілін алмай сен кеттің,

ата менен ананың.

Хабартып кеттің көңілін

бірге туған еркежан,

шырағың нашар баланың.

дүниең тәрік, тұл болды,

сексеннен асқан қарт атаң

Қойды бағып құл болды.

алпысқа келген анаңыз

тезек теріп, жүн түтіп,

арқан есіп күң болды.

Қыпшақ деген халқыңа

Қиыншылық түр болды.

Қайғысыз елде адам жоқ,

еліңе қатты кір болды.

ағайының көп қыпшақ

кең заманға мұң болды.

Қасымдағы қыз баллар,

Қыпшақтың қызы жолдасы,

ақылдың сырлас ойласы,

заманы қатар бойласы,

Қобыланды көзі көрген соң

Қыз пақырлар жылайды.

Қуанып тұр көңілі,

ажарланған шырайлы.

азаматын халқының

бар ма деп Қобылан сұрайды.

атаңа нәлет алшағыр

Қайтарған ердің назарын,

Қайырған халықтың қажарын.

Құртқа айтты Қобыланға

естіп көрген хабарын.

кемітті деп халқыңның

бұрынғы қызық базарын.

Құлдар менен күңдерді,

«бермен кел» деп Қобыланды

шақырып қасқа алады,

8350

8360


8370

334

батырлар жыры

Қасына жақын барады.

бейшаралар зар жылап,

көзден жасы ағады.

біреуің шашау шықпа деп,

Қалың ағаш ішіне

Құл мен күңді қамады.

тайбурыл тұлпарға

Қобыланды мініп алады.

Қыздар менен аққұртқа

сол арада қалады.

күңдер менен құлдарды,

торы атты Құртқа бағады.

оқыранып торша ат,

Құртқаны танып жануар,

екі бетін жалады.

Қойда жүрген атасын,

тезектегі анасын

ер Қобылан іздеп барады.

тезек терген аналық

Қуанышты түс көрген,

түсінде сұңқар құс көрген,

Қуанышты іс көрген,

шаһарға жақын құс төнген.

Қырқадан қырқа қараған,

Қырық шалғысын тараған.

аналықтың түсінде

сан жетпейтін көп әскер

Қалмақтың шаһарын ораған.

білікті кемпір озаған,

кетпейтін түсі жобадан.

тезек терген бейшара,

кетпейтін көзі даладан.

тозаң көрді, шаң көрді,

Қобыланым болар бұл шаң деп,

шаңға қарап жүгірді. 

сасқалақтап, қуанып,

етегіне сүрінді.

Маңдайдан аққан қара тер

Қойынынан құйылды.

8380


8390

8400


8410

334

335


қобыланды батыр

Қобыланды көрді анасын,

анасы көрді баласын.

аттан түсіп жүгіріп,

Құрмет етті анасын.

Қуанғаннан шығарды,

кемпір кепкен мамасын.

тұла бойы шымырлап,

емшегі иіп ағады.

—Жалғызым, келдің сен,—деді,

Қайғы көрген аналық,

сенің анаң мен,—деді.

сен кеткен соң шырағым,

көрген күнім кем,—деді.

тұла бойым еріді,

тас емшегім иіді,

шырағым Қобылан, ем,—деді.

—аналықтай анам-ай,

Өтінем, анам, саған-ай.

ауыр болар ақ сүтің,

ем деме, анам, маған-ай.

көрген зәбір баршасын,

шешесі айтып тұрады.

Жай, мәністі Қобыланды

анасынан сұрады.

көрген қорлық баршасын

айтып баян қылады.

Халқының қиыр шетінен

Қабақтың күнгей бетінен,

Мың сарық сақтап шығады.

Мың сарықты көреді,

көрген соң айтқан сөзі еді,

—сексеннен асқан қарт атам,

ақсақал қайда?—деп еді.

—атаң киген шарық деп,

Қорлығы көрген анық деп,

беткейден шыққан осы қой,

атаң баққан сарық деп.

сен кеткелі бейшара

еш көрген жоқ жарық деп.

8420

8430


8440

8450


336

батырлар жыры

Қойды баққан қарт атаң

тоқтарбай атты кәріп деп.

—Қорлықтың көрген талайын,

Қарт атама барайын.

дидарласып көрісіп,

әкемнің қолын алайын.

сәлем беріп бабамның

енді көңілін табайын.

ашу қысқан балаңмын,

сонан соң жауға шабайын.

деп қойға қарап жолданды,

ашу тұтып долданды.

дидарын қарттың көруге

батыр Қобылан ойланды.

тоқтарбай да баласын

анадайдан көрді енді.

Жалғызынан айрылған

Қайғыменен шерленді.

тайбурылы астында,

Жақындап Қобылан келді енді.

анадайдан аталап,

Қартқа сәлем берді енді.

Қу таяғы қолында,

беті-аузын шаң басқан,

көзден аққан жасынан

Қарттың бетін қан басқан.

Өзі кәрі, қайғылы,

ақылынан алжасқан.

сексеннен жасы асқанда,

Қой бақтырып зарлатқан.

көрген қорлық қисапсыз,

кекті дұшпан қалмақтан.

бурылдан түсе қалады,

аталап қолын алады,

Қобыландыға қарады.

танымады бейшара,

Қобыланды қайтып танысын,

алшағыр берген қорлықтан

ақылынан ауады.

8460


8470

8480


8490

336

337


қобыланды батыр

—тоқтарбай әкем сен,—деді,

Жалғызыңмын мен,—деді.

танымаған нең?—дейді,

тоқтарбай жылап еңіреді:

—кеткелі Қобылан көп болды,

келуден Қобылан шет болды.

Қобылан деп атын атасам,

ішім толы дерт болды,

көкірегім өрт болды.

барса қалмақ жауынан,

шырағым Қобылан мерт болды,

Қобылан деген бұл сөзің,

Өкпемнен өткен оқ болды.

Қайдан келсін Қобыланды,

барса келмес жауында,

шырағым менің жоқ болды.

Жеткен екен аналық

бүкең-бүкең жүгіріп,

буыны кетіп бұтаға,

сүрінгенде жығылып.

Қуанғаннан жөнінен

кемпірдің жаны қыдырып,

Қобыландыны көрген соң,

тұрмаған байғұс кідіріп.

көтеріліп, тыңайып,

келген екен сыдырып.

—о, тоқтарбай, тоқтарбай,

Қамауда қыпшақ халық тұр.

аққұртқадай шырақты

алшағыр хан бағып тұр.

Хансұлудай қалқамның

зауалға басы қалып тұр.

Қобылан келді, тоқтарбай,

Жаның шықпай неғып тұр?!

—Қой, аналық, аналық,

Құлыным Қобылан келген жоқ,

Қобыланды көзім көрген жоқ.

Қобылан келсе егер де,

Қайта жасар тоқтарбай,

8500

8510


8520

8530


338

батырлар жыры

бұл қартыңа өлмек жоқ.

танымаған бұл қарттың

анығын кемпір сынады.

сасып тұрған Қобыланнан

белгіңді бер деп сұрады.

ортасында жауырынның

алақандай меңі бар.

арқасын Қобылан ашқан соң,

Қарт қуанып тынады.

баласын енді таныды,

Қуанғаннан бейшара

естен ауып құлады.

суық бұлақ суымен

Қобыланды мен аналық

шалдың үстін жуады.

ет салқындап, ес кіріп,

Жатқан жерден тұрады.

Қобыландыны көрген соң

аналық пен тоқтарбай

біткен жері мұрады.

кемпір менен шалынан

ұлықсат бер деп сұрады.

ұлықсат берді Қобыланға

атасы мен анасы.

тайбурылдай тұлпарға

Мінгенге ұқсайды шамасы.

алыс емес қасында,

алшағырдың қаласы.

Қалаға жақын төнеді,

ер жақындап келеді.

Қарындасы Хансұлу

сөндіріп жүр шылымды.

сөнбей қалып бір шылым

отыз төре, қырық бегі

шыбық соққан жер еді.

шырылдап, жылап қыз бақыр

Өксіп жасын төгеді.

шырылдаған дауысы

Жақындаған Қобыланның

8540


8550

8560


8570

338

339


қобыланды батыр

Құлағына келеді.

бурылға қамшы басады,

даусын танып шырақтың,

отыз төре, қырық бектің

ордасына шабады.

Қылышты қанға малады,

келе ойран салады.

әне-міне дегенше-ақ,

бәрінің басын қағады.

әбігер болып қалмақтар

алшағырға барады.

Қобыланды келді дегенде,

Қалмақтың ханы алшағыр

Өзін-өзі жарады.

көше аралап барады,

кездескенін қалмақтың

Қылышпенен шабады.

алшағырмен бір туған

бес інісін табады.

Қарсыласар адам жоқ,

бұлардың басын қағады.

ақсарыдай сұлуды

Қанжарменен жарады.

бұлар тапты қазаны,

алты бірдей ақ қозы,

алтауы да жас қозы,

алты ұлы еді патшаның,

оған да берді қазаны.

Қалмақтардың талайы

Жеткен күні ажалы.

әйелдер менен жас бала

тек солар аман қалады.

Қапаста жүрген қыпшақтар

кеңдік көрген жер еді.

Қорлықтағы халқының

теңдік көрген жері еді.

Қыпшақтың көрген тарлығы

Қараңғы түнек түн еді.

Қалмақтардың қыпшаққа

8580

8590


8600

8610


340

батырлар жыры

берген қорлық шын еді.

күңдік пенен құлдықта

күн өткізіп жүр еді.

Мойнынан бұғау түсірмес,

Жоқ еді кескен срогі.

Қабыл болған бейшара,

бұл қыпшақтың тілегі.

Қобыланды батыр келмесе,

Жаудан қорғап алатын

бұл қыпшақты кім еді.

Қатты көрген қорлықтан

зар еңіреп жүр еді.

Қабыл болып көз жасы,

Қараңғылық түн кетті,

Қыпшақтан қайғы шын кетті.

Жарқырап жарық таң атып,

Халқына тегіс нұр жетті.

Қобыланды есен келген соң

Мұратқа елі шын жетті.

Халқыңа түгел мал бітіп,

ажарсыз бетке қан бітіп,

тәрбиеменен сән бітіп,

естен ауған халқына

ақыл мен ой һәм бітіп,

ел қалыпқа келеді.

Қайғылы болған қыпшақтар,

Мақсатқа жеттік деп еді.

Халық үшін ар-арлап,

барса келмес, алшағыр,

Жауын шапты деп еді.

Мақсатқа елін жеткізіп,

ерегіскен дұшпанын,

тамам қылған жері еді.

әлқисса, Қобыланды батыр егескен жауын алады. айнала торлаған 

көп  қалмақты,  жаулықпен  қазақ  елінің  жерін  басып  алған  жауларды 

өзінің жеріне көшірмек болады. Қобыланды осы ойға алғанын істейді. 

сөйтіп, әрбір жерге өзінше ат қояды. Қобыландының ат қоюы.

8620


8630

8640


8650

340

341


қобыланды батыр

алған жауы көп еді,

алмаған дауы жоқ еді.

Жолдастары қасында,

талай жерді кезеді.

алалайды анда алып, 

бұлалайды мұнда алып.

Хан, бектерді өлтіріп,

бостырды жауды деп еді.

алшағыр ханды өлтіріп,

Қашырып жауды жойған деп,

талайын бітеу сойған деп,

көздерін жаудың ойған деп.

Қыпшақ келіп қонған деп,

ойып қоныс алған жер,

«ойыл» аты болсын деп,

Мұны қойған Қобыланды ер.

тұлпарменен желген жер,

Жерді кезген Қобыланды ер,

ұйқысы келіп түн қатып,

тұлпарға жем берген жер.

ұйқысынан оянып,

Маңын байқап көрген жер.

теңізге құйған ұлы су,

«Жем» болсын деп су аты,

Мұны да Қобылан қойған жер.

орғып атқа мінген жер,

Қару-қапшық ілген жер.

аң қаққандай Қобыланды,

Қалмақты іздеп жүрген жер.

аттың басын бұрған жер,

ат тізгінін жиған жер.

Қарашоқы басынан

Қарауыл қарап тұрған жер.

Қара адырдан жау көріп,

атқа қамшы ұрған жер.

«Қарауыл келді» болсын деп,

Мұны да Қобылан қойған жер.

көз алысқа жеткен жер,

Қайтпайтын терең өктемдер.

8660

8670


8680

342

батырлар жыры

алыс жерден сағыздай

созылып жауға жеткен жер.

Жауды әлек еткен жер,

«сағыз» аты болсын деп,

Мұны да Қобылан қойған жер.

Жау іңірде қашқан жер,

ымырт татып асқан жер.

Қырылғаны қырылып,

тірісі жаудың сасқан жер.

елең-алаң таңертең

ербең елес еткен жер.

Қашып кеткен көп жауды

тура қуып жеткен жер.

«ебейті» аты болсын деп,

Мұны да Қобылан қойған жер.

Қасындағы қырық ноғай,

шаттанып демін алған жер.

тыным алып Қобыланды,

аты көде шалған жер.

«ноғайты» аты болсын деп,

Мұны да қойған Қобыланды ер.

Қалмақтардың тірісі,

Жаны қорқып қашқан жер.

тітіреп жаудың сасқан жер,

Жауды қайғы басқан жер.

Құтылдым деп Қобыланнан

аяғында ойылдың,

тыным алып жатқан жер,

Қан жылатып шапқан жер.

тамағына тай сойып,

Қобыланды ер асқан жер.

бір жолаушы тап болып,



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет