«Мәдени Мұра» МеМлекеттік бағдарлаМасының



Pdf көрінісі
бет16/24
Дата21.02.2017
өлшемі1,15 Mb.
#4615
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24

5980

270

271


қобыланды батыр

—Жолсыз жерге бармаймын,

Жолсыз кезек алмаймын,

уәдемнен танбаймын.

Жасың үлкен, ер барса,

кезекті сізге арнаймын.

Жасың үлкен сен едің,

Жасы кіші мен едім.

бұрын туған ер едің,

кезекті сізге беремін.

аман қалса бір жаның,

артын күтіп көремін.

—сөз айтайын, Қобыланым,

шоңғара мен Қаршыға,

Халқымның ері қорғаным.

ерімді қойдай сойғаның.

сан жетпейтін халқымның

талайын қырып жойғаның.

Қара ниет қыпшақсың,

Қан ішуге тоймадың.

Қалмақтың басы барсаны

аламын деп ойладың.

дендеген Қобылан есерсің,

ақылың жоқ бекерсің.

Қара таудай барсаға

нешік қайрат етерсің?

Жанған оттай жас жансың,

кешікпей бәлем өшерсің.

әлек еттің елімді,

еліме бердің зәбірді.

елге қорған өлтірдің,

Қаршыға мен шоңғара

екі бірдей ерімді,

еріні қанды бөрімді.

азаматымды өлтіріп,

Жылаттың қызым, келінімді.

Өзіңе де зауалды,

Өлерің жақын абайла,

кешікпей-ақ алармын,

сенен түгел кегімді.

5990

6000


6010

6020


272

батырлар жыры

талай жайсаң, жақсымнан

Қатын, бала арылды.

Мейірімсіз Қобылансың

Мың да болса  құртармын,

кеудедегі жаныңды.

дүниемнің бәрі болды әлек,

кетірдің Қобылан сәнімді.

азаматым арылған,

Жетім бала, жесір көп,

Халқымның күні тарылған.

кек алмайды деп пе едің

Қара ниет залымнан?!

неше күндей ұрысып,

белшемізден батысқан,

екеумізге көп болды,

аттан түспей алысқан.

Мен барса едім қашаннан,

талайды таптап жанышқан.

екеумізге жол болар,

Қылышпен кезек шабысқан,

кел қызыққа батайық,

кезектеп садақ атайық.

айбалтаны алайық,

кезектесіп қарайық.

болаттан соққан ақ балта,

кезек-кезек шабайық.

Қызық көрдік алысып,

Жеңдірмеске қарысып.

аударысып күрестік,

Жеңіспедік қарысып.

кел қызыққа баталық,

найзаменен шанышып,

айтқанына барсаның

ер Қобыланды көнеді.

кезегіңді ал деп еді,

барсаға кезек береді.

Қылышын қайрап безеді,

кезегіңді ал деп қарысып,

Қарсы алдына келеді.

6030


6040

6050


6060

272

273


қобыланды батыр

тасты кескен алмасты,

Мойнынан шауып сермеді.

Жасық пышақтай көрмеді,

ер арыстан Қобыланға

барсаның кезек бергені.

бұ да алмасын алады,

Қара обадай батырды

иықтан тартып қарады,

айбатын шашып шабады.

тасқа тиген немедей

Жылжып қайтып көк алмас

сағақтан сынып қалады.

айдаһардың тіліндей,

шанышса, кеткен білінбей,

ақ найзаны сермеді,

Қу қурайдай көрмеді.

екі батыр соғысып,

Қуаты асып өрледі.

найзаменен салады,

Жасыған жездей майрылып,

ортасынан қайрылып,

Қармақ болып қалады.

бірін-бірі кезектеп,

балтаменен шабады.

Қатты сермеп ұрады,

ұңғыдан балта сынады.

Қарудан қару қалмады,

шегінісіп тұрады.

садағын ерлер кезеді,

сарыжаға безеді.

сарыжаның көбесін

толғағанда сөгеді.

шіренісіп тартысты,

тасқа тиген немедей,

шақ етіп кейін қайтысты,

ер қызыққа батысты.

Қой боғындай қорғасын

Жалғыз оқты мылтықпен

екі батыр атысты.

6070

6080


6090

6100


274

батырлар жыры

Өздерін-өзі өктеді,

Қарудан қару қалған жоқ,

біріне-бірі қос жайсаң

біріне залал етпеді.

аянып жүрген күші жоқ,

бір-біріне әлі жетпеді.

екеуі де батырдың

бір-бірін аңдып бағады.

Қолдарындағы алмастың

тұтамдай сабы қалады.

біреуінің біреуі

Қаруын жұлып алады.

тағы екеуі алысты,

тағы күрес салысты.

алысумен шалысты,

шаршағаны анық-ты.

Хан барса ердің данасы,

алысқанға екеуі

Жеті күн болды шамасы.

кім мықты да, кім осал,

айрылған жоқ арасы.

—бір сөз айтам мен, Қобылан,

сөзімді тыңда сен, Қобылан,

айтқаныма көн, Қобылан.

тоғыз күн болды соғысқа,

барсаға ұлықсат бер, Қобылан.

тоғыз күннен бері қарай

әлі ұйықтаған қабақ жоқ,

әлі ішкен тамақ жоқ,

баруға пұрсат заман жоқ.

екеуіміз де таралық,

тамаққа Қобылан баралық,

тамақтанып алалық.

суық көлден су ішіп,

екеуіміз де қаналық.

Жеңемін деп қуанып,

тұрмысың, Қобылан, мерейіп.

тамақ ішіп, Қобыланды ер,

Қуаттанып келейік.

6110


6120

6130


6140

274

275


қобыланды батыр

екеуміздің пайдамыз

бір-біреуге көнейік.

ұлықсат берсең, Қобыланды,

бүгін соғыс қоямын,

ашуды бүгін жоямын.

Қарным ашқан барсамын,

екі өгіз соямын.

Мешкей еді тамағым,

Мен тамаққа барамын.

екі батпан наным жеп,

екі көлдің суына

шөлдеп ішсем қанамын.

көптен бері ұйқы жоқ,

Қатып тұр, Қобылан, қабағым.

Жау да болсаң жолдассың,

тілегімді бер, қарағым.

—сенде де, барса, тамақ жоқ,

Менде де ішкен тамақ жоқ,

баруыңа сабақ жоқ.

кел ұрысқа кетейік,

тексеріп тұрған адам жоқ, 

есеп алған санақ жоқ.

кел ұрысқа кетейік,

біраздан бері алыстық,

Қайсысымыз жеңсек те,

бір мақсатқа жетейік.

ақылдың Қобылан данасы,

тоқтарбай қарттың баласы.

барсаның айтқан сөзінен

білінді ердің шамасы.

кім мықты да, кім осал,

Мағлұм болды арасы.

тамақ ішіп келем деп,

барса батыр жалынған,

Өтінішін қарашы.

тамақтанып келуге 

Қобыланды рұқсат берген жоқ,

айтқанына көнген жоқ.

Жіберуім бекер деп,

6150

6160


6170

6180


276

батырлар жыры

барса қашып кетер деп,

ер барсаға сенген жоқ.

барсаға пұрсат бермейді,

айтқанына көнбейді.

«Қашып кетер батыр» деп,

Хан барсаға сенбейді.

—Мықты барса сен болсаң,

Меніменен тең болсаң,

алысайық кел,—дейді.

екі батыр алысты,

Жібермен деп намысты.

Қара тастар күл болып,

талқан болып қалысты.

он екі күн болыпты,

күн тал түске толыпты.

бірін-бірі ала алмай,

екеуі де торықты.

бірінен-бірі қауіп етіп,

ерлердің көзі қорықты.

күндіз-түні тыным жоқ,

алысумен зорықты.

есіне түсіп тайбурыл,

Қобыланды атқа қарады,

атына көзін салады.

тұла бойы қызыл қан,

тұяғынан ағады.

басына көзін салыпты,

басында аттың тері жоқ,

Хан барсаның аласы,

терісін жұлып алыпты,

ерін тері қалыпты.

аяғына көз салса,

сирағында тері жоқ,

төрт тұяғы қалыпты.

ер барсаның аласы,

сауырға ауыз салыпты.

арқа тері бәрісін

ала ат жұлып алыпты.

тұла бойдың сауы жоқ,

6190


6200

6210


6220

276

277


қобыланды батыр

Жал-құйрығы қалыпты.

атын көріп Қобыланды

Мынау қалай болды деп,

батырдың көңілі тарықты.

Хан барсаның ала аты

талағаны анық-ты.

алаға көзін салады,

көзін салып қарады.

шүмектеп қаны ағады,

басына көзін салады,

ақсиып тісі қалады.

ерін тері, бас тері

Қобыландының тайбурыл

баршасын жұлып алады,

ақсиып тісі қалады.

Мойынына көз салса,

бас, мойнында тері жоқ,

тері қалған жері жоқ.

тайбурылы тұлпардың

ат сияғы жөні жоқ.

Қираған ала жағы жоқ,

сан терісін сыпырған,

төрт тұяғы тағы жоқ.

талағаны тайбурыл

бұл аланы анық-ты.

Жалы менен құйрық жоқ,

тек сүйегі қалыпты.

Қалмақтың ханы ер барса,

алаға көзін салыпты.

ала атты көзі көрген соң,

іші өрттей жаныпты.

тұлпарын ала көріпті,

ала тұлпар өлед деп,

әбден сынап, зар жылап,

көзінен жасын төгіпті.

—таудай ала ат сен,—деді,

батыр барса мен,—деді.

бурылдан болдың кем,—деді,

таланған мұнша нең,—деді.

6230

6240


6250

278

батырлар жыры

таланыпсың жаман,—деп,

саған келген қара түн

ертең келер маған,—деп,

Жақын шығар маған,—деп,

алыс емес ажал,—деп,

атаңа нәлет Қобыланды

тарттырмаса игі еді жазам,—деп,

Жетпесе игі еді қазам,—деп,

еңіреп барса жылап тұр,

көзінің жасын бұлап тұр.

Өзі өлерін хан барса,

көңілмен байқап сынап тұр.

есін танып тайбурыл

Жақындап келді Қобыланның

оқыранып қасына.

«Жануарым, бурыл» деп,

сипап қойды басына.

сипаған соң тайбурыл

ортаға келіп желулі.

ер барсаның ала атын

Қос аяқтап тебулі.

сандалып жүрген жануар

тепкі тиіп өлулі.

Жығылғанын ала аттың

барсаның көзі көреді.

—Қолдаған тұлпар алам,—деп,

ажал жетті саған,—деп,

саған жеткен бұл қаза

ертең келер маған,—деп,

алыс емес жақында,

таянды маған ажал,—деп,

Өкірді де, жылады,

Маңдайға өзін ұрады.

көзден аққан ыстық жас,

көкірегін жуады.

ала тұлпар өлген соң

барсаның бағы сынады.

«әуре болдым бекер,—деп,

ойлап едім әуелде-ақ,

6260


6270

6280


6290

278

279


қобыланды батыр

Масқара Қобылан етер деп,

Халқым түгіл өзімнің

Қобыланды басым кесер деп.

Өмірім қаран, өшер деп,

әуелден қаупім көп еді,

Мақсатына жетер деп.

Қайғыменен көзімнен 

Жас төгілді нөсерлеп.

он үш күндей алысқан,

Қырық беске келгенде

Маған пәле жабысқан.

Өзіне-өзі сенбесе,

келе ме іздеп алыстан.

сескеніп едім әуелде-ақ,

Қобыланды деген дабыстан.

Қайғылы көңілім қуанып,

Маған кеңдік болар ма,

Қисайған ісім оңар ма?!

бұл секілді Қобыланды ер

Мені еркіме қояр ма?!

Қолындағы көк найза

Жан шығармай болар ма?!

ала ма деп қорқамын,

Қобылан менің жанымды.

Қор қылар деп қорқамын

Жеті мүше тәнімді.

ағызар деп қорқамын

кешікпей қызыл қанымды.

алыстан келген Қобыланды

кетірді менің сәнімді.

о, дариға, заман-ай,

дәуренім бастан арылды.

амалым жоқ көнбеске,

ұсындым басым өлмекке.

шапшаң бермен кел, Қобылан,

ер барсаны еңіретпе.

он үш күн болды арасы,

осы бүгін тапа тал түс,

Мықты менен осалдың

6300

6310


6320

6330


280

батырлар жыры

айрылар күн арасы».

Жүгіріп келіп барсамен

ер Қобыланың алысты,

бір-біріне жабысты.

Қаһарланған ер барса,

көтеріп Қобыландыны алыпты.

Үйіріп алып батырды

Қара тасқа салыпты.

Жығылатын Қобылан ба,

тіке түсіп қалыпты.

екпінімен аяқтың

Қазандайын қара тасты

ортасынан жарыпты.

күндіз-түні екеуі

Жағаласты салады,

Қатты жүдеп азады.

Қанша мықты дегенмен

Қобыланды ер де талады.

Қуат қашып ер Қобылан

Қатты жүдеп барады.

Жүдегенін барса біледі,

Қуаныш етіп Қобыланды

көкіректен тіреді.

Қалмақтың күші үдеді,

сонда Қобылан жылайды,

көздің жасын бұлайды,

пірлерден тілек сұрайды:

—әуелі жәрдем тілейін

Жан жаратқан панадан.

екінші жәрдем тілейін

Жәрдемші ата-бабадан.

сендер жәрдем қылмасаң,

таршылық болды заманам.

перзентіңнен хал кетті,

күш-қуат пен әл кетті.

ақша беттен қан кетті,

ажар мен көрік, сән кетті.

Қобыландыңнан әл кетті,

пірлерім жәрдем болмасаң,

6340


6350

6360


6370

280

281


қобыланды батыр

Мына барса меңдетті.

әл-қуатым кері кетті,

таршылық жерде ер бабам,

балаңа жәрдем бер,—депті.

Қиядан шықты төрт бүркіт

оң жағынан шығады.

ақ шалғылы көк бүркіт

еңсесінен төнеді.

Үйіріліп бүркіт келеді,

Қарысып жүрген барсаны

Жауырынға тебеді.

бүркіттің болған себебі,

сиынған ердің бабасы

тар жерде тиді себебі.

ер тарыққан күнінде

Қуат берген жер еді.

Қуатқа келіп күйленді,

ажарға келіп түрленді.

ашаң жүзі көркейіп,

Қуатын байқап білді енді.

көңілі өсіп ер Қобылан

Миығын тартып күлді енді.

«Мықты барса келің,—деп,

енді өлетін жерің,—деп,

теңім бе едің менің,»—деп,

Жүгірісіп алысты.

алдырман деп хан барса

Қарсыласып қарысты,

Жібермен деп намысты.

Қатуланған Қобыланды

көтеріп барса қарады,

Жылжымады табаны.

Мәлім болып Қобыланның

Қайрат пенен қажары,

барсаның кетті ажары.

Қобыланның жүзі нұрланып,

алмадай беті қызарды.

найзаның сабы шынар-ды,

бұрынғыдан өзгеше

6380

6390


6400

6410


282

батырлар жыры

Қайратты Қобылан шығарды.

—Қуат бердің маған,—деп,

Жетті, барса, қазаң,—деп,

кекті дұшпан сен едің,

Қалмақ сенің жазаң,—деп.

тәніңде мың жан болса да,

Жетеді бүгін қазаң,—деп.

шалқаңнан барса салайын,

бәлем, сені шабайын,

Жеңуім болды тағайын.

көтеріп ырғап алады,

әп дегенде барсаның

Жоғары шықты аяғы.

Қаңбақ құрлы көрмеді,

Үйіріп кетіп барады.

барсаны жеңбей не қылсын,

Қорушы сүйеу бес бүркіт

Жәрдемшісі еді манағы.

айналдырып басынан

шалқасынан салады.

былғап жерге ұрғанда,

Жер солқылдап барады.

сонда барса жылады,

аз ғана мұрсат сұрады.

сөйлегенше барсаға

Мұрсат беріп тұрады:

—Қиындық беріп өлтірме,

Өтініш етем өзіңе.

ықылас ет, Қобыланжан,

барсаның айтқан сөзіне.

Қаһарлансаң кім шыдар

ашуланған кезіңе.

Үстімдегі бек сауыт

шешпесең қару өтпеген.

батыр едім мен барса

ешкімнің әлі жетпеген.

Қалмақтағы арлы едім,

елімнің арын кектеген.

алшағырдай залымның

6420


6430

6440


6450

282

283


қобыланды батыр

әперем деп намысын,

енді өттім өктемен.

Құрмет етіп барсаға,

досым Қобылан сыйла да,

Қорлықпен жаным қинама,

кекті дұшпан қалмақ деп,

ендігі жерде қорлама.

Үстімдегі бек сауыт,

Қобыланды, шешіп тастайын.

сыр айтпайтын жерім жоқ,

неге сұмдық сақтайын.

Қаруым қалды далада,

сауытты шештім жана да.

ерік бердім, Қобыланды,

білікті батыр данаға.

Жалаңаштап алмаспен

Мені өлімнен аяма.

аянар жерім қалған жоқ,

бұл сөзімде жалған жоқ.

Жап-жалаңаш тұрайын,

тезірек өлсем арман жоқ.

Қобыланды сөзін естіп көрген жері,

тілегін нән барсаның берген жері.

екеуі берік байласып, жауаптасып,

байласып уағдаға сенген жері.

Өлімнен барса қорқып саспады енді,

ажалдан тура төнген қашпады енді.

кигені үстіндегі кілең сауыт,

сыпырып батыр патша тастады енді.

—Қобыланды сізге қонды бақ,—деп айтты,

Мен болдым бұл дүниеден жат,—деп айтты.

Жыланға анам жеріп тапқан екен,

тәнімде мықты жерім бас,—деп айтты.

биліктің еркіменен бәрі өзіңде,

Жеріңнен сіз қалаған шап,—деп айтты.

ашуланып долданды,

семсер қылыш қолға алды.

шабайын деп оңдалды,

біразырақ толғанды.

6460

6470


6480

284

батырлар жыры

батырға да жан керек,

барса да жылап зарланды.

тұла бойы дірілдеп,

олай-бұлай сандалды.

алмасты жанып алады,

Мойынынан шабады.

тасты кескен ақ алмас

бұл барсаның тәніне

төрт-ақ елі барады.

айдаһардың тіліндей,

шанышса, кеткен білінбей.

Қара тасты шанышса,

Өтуші еді кідірмей.

салған жерден таяды,

Қармақ болып қалады,

балтаменен ұрады.

сағақтықтан шарт етіп,

ұңғысынан морт етіп,

балтаның сабы сынады.

Мықты барса әлсіреп,

дір-дір етіп тұрады.

барсаның шойын шоқпармен

көтеріп алып Қобыланды

тас төбеге ұрады.

бас айналып құлады,

Мініп алып кеудеге

аузына құм құяды.

он алты күн дегенде,

тынысынан тынады.

Жұлдыз шыға батырдың

азар жаны шығады.

барса менен Қобыланды

он төрт күн соғыс салғанда,

Қобыланды шаршап әлсіреп,

ақылынан танғанда,

Қайғымен болып арманда,

Қылышынан қан тамды.

көлдегі жолдас қырық жігіт

Қатты сасып сандалды.

6490


6500

6510


6520

284

285


қобыланды батыр

«Қобыланды өліп кетті-ау» деп,

Қырқы жылап зарланды.

Қобыланның айтқан сөзі бар,

Жылауы бөтен емес-ті.

бұл іс қалай болды деп,

Қырық батыр кеңесті.

Қартқожақ ер сөйлейді:

—төрт-бес күн күтіп қаралық,

Қылышты тағы бағалық.

Қалайынша іс болар,

кеңесіп ойды табалық.

Қылышты бес күн бағады,

алтыншы күн болғанда,

балдақтан бал тамады.

Қайғылы болған қырық жігіт

Қуанысып қалады.

Өлтірген соң барсаны

Қобыланның көңілі өсіпті.

Қара обадай барсаның

кеудесінен кесіпті.

ат көтіне сүйретіп,

Қалаға келіп жетіпті.

тірі қалған қалмақтар

алдынан шулап шығады.

Қол қусырып шуласып,

Жан сауғалап тұрады.

не айтқанын қылады,

айтқанына көнеді.

не десең де көндік деп,

уағдасын береді.

Қобыландыны бағады,

Құрмет етіп қарады.

Қызметі қалмақтың

Қобыландыға жағады.

ынтымақты ел болды,

Жақсы менен жаманын,

әйел, еркек адамын,

—тілегің бірге тең бол деп,

ынтымақты болың деп,

6530

6540


6550

6560


286

батырлар жыры

Жамандықтан, қалмақтар,

басыңды бағып, қорың деп,

барсада тұрған тұрмыстан 

ендігі жерде озың деп.

Мен еліме барармын,

барып қағаз жазармын,

Хат пенен хабар алармын.

тентек болсаң, қалмақтар,

ақырында қарармын.

айтқан тілімді алыңдар,

Жадыңа алып қалыңдар.

ел бастаған азамат,

Жетім-жесір, нашарға

назар көңіл салыңдар.

Халықты дұрыс бақпасаң,

нашарларға жақпасаң,

тағы айналып келермін,

Халықты келіп көрермін.

Жауыздықты ел болсаң,

Қандарыңды төгермін.

сазаңды сөйтіп берермін.

бек сауытты белсенген,

ұрысса, жауды еңсерген,

Қобыланды ерің мен,—дейді,

Жақсы бол, қалмақ ел,—дейді.

Менің айтқан мұныма

ризалықпен көн,— дейді.

азаматы қалмақтың

Қобыландының сөзіне

ықыласпенен көніпті.

бәрі уәде беріпті,

біріне-бірі сеніпті.

осылайша келісті,

ұлықсат беріп халқына

Өрісін елдің кеңейтті.

—достыларым, сен,—дейді,

шын көңілменен көн,—дейді.

Қасымда жолдас қырық жігіт,

Жіберемін тез барып,

6570


6580

6590


6600

286

287


қобыланды батыр

Қызмет етіп көр,—дейді,

керегі болса бер,—дейді.

басшылары қалмақтың

Жасы менен кәріміз

Құрмет етеміз бәріміз,

біздің осы шаһардан,

керегің болса алыңыз.

Қасымдағы қырық жолдасты,

ертеңгі күн көрерсіз,

айтқанына көнерсіз.

не десе де сенерсіз,

білімді болса бересіз.

Өсиет бұл халыққа айтып кетті,

осылайша еліне тәртіп етті.

кеудесін ер барсаның жоғары іліп,

Жолдас жатқан көліне қайтып кетті.

Жолдасқа көлде жатқан Қобылан келді,

Қауышып жолдастарын аман көрді.

Қартқожақ, нұрғожа мен жасы үлкендер

еңкейіп батырларға сәлем берді.

Қалмақтан аты арып аман барды,

есендесіп жолдастың қолын алды.

Қобыланды аман-есен келгеннен соң,

көрісіп, қуанысып, айқай салды.

Қобыланды кеш болған соң келіп қонды,

Өзінің қостасына қонақ болды.

таң атып, сәске мезгіл болған шақта,

сөйледі жолын айтып көрген жолды:

—Қасымдағы жолдастар,

тілегі бірге құрдастар,

киюіңе бек сауыт,

белдерінде алмас бар.

біріңнен-бірің қалмастан,

Қырқыңда жалғас бар.

патша барса өлген соң,

бағынды бізге қалмақтар.

Үш күн мұнда қалайын,

тамақтанып, күйленіп,

Мен тыңайып алайын.

6610

6620


6630

6640


288

батырлар жыры

сендер бар да қонақ бол,

тап бес күн дегенде,

Мен де артыңнан барайын.

Қырық ерім, бағың бар,

Қонақ болып қалмаққа

Құрмет көріп қалыңдар.

алтын, күміс олжадан

керегінше алыңдар.

Қырық батыр қуанып,

күлісіп атқа мінеді.

ер қаруы—бес қару,

Қаруларын іледі.

көк зеңгінің тауына

Жүруге маңдай түзеді.

ертең сәске болғанда,

тау басына барады,

батырлар шаһарға қарады.

дарбазаның аузында

Қалқан киген бір нән тұр,

Жүрмей тұрып қалады.

Қартқожақ сонда сөйлейді:

—байқаңдар, жолдас, сен,—дейді,

уайым еттім мен,—дейді.

дарбазаның аузында

Қалқан киген батырды

көзбен байқап көр,—дейді.

кеудесіне қарасам,

келбетті туған ер,—дейді.

алданбайық, жолдастар,

ақылдасып көр,—дейді.

сынауым бөтен болмаса,

Өлмеген, барса тірі екен,

есігінде қақпаның

Қарауыл қарап тұр екен.

Өлтірдім деп келгені

Қобыландының кім екен?

сонда айтты жолдастар:

—Қобыланға қайтып баралық,

Қарауыл қарап тұрғанын

6650


6660

6670



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет