«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының



Pdf көрінісі
бет19/28
Дата06.04.2017
өлшемі2,43 Mb.
#11120
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   28

Қазынасы, таласын!

Менен тірі қалуды

Көп кідірмей ойласын!

Әділханды байламай,

Қонақ қылып жайласын!

Күнқияштай ханшасын

Өз қолымен ұзатып,

Бәйгеге тіксін бір басын!

Дарбазасын өзі ашып,

Даярласын ордасын.

Бұл айтқанды қылмаса,

Қанын төгіп Қарасай,

Қолымен өзі бұзғасын!

Ертең сәске болғанда,

Қақпадан ағам кіреді

Ертіп әскер, жолдасын!

Деп айтты маған дәл былай:

«Қырық мың жатқан қалмағың

6380


6390

6400


6410

306

306


307

ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ

Барабар соған салмағың,

Халық қылам десе қалғанын,

Осы айтқан тілді алсын!»

Жөнін айтып білдірді

Ноғайлы деген ел екен,

Арғы атасы халқына

Атағы шыққан пір екен.

Өз әкесі ер Орақ

Қайраты асқан ер екен.

Бұл баласы болса да,

Тап Орақтың өзі екен.

Қазанбасты өлтірген

Орақ өлді дегенмен,

Әлі тірі жүр екен.

Әйеукені өлтіріп,

Қалмақты солар бүлдірген.

Сол Орақтың баласы—

Қарасай, Қази екеуі

Қайтпайтұғын қанды көз

Туысы артық ер екен!

Хан кеңесі құрылса,

Отырар жері төр екен.

Жау кеңесі құрылса,

Жасқанбас батыр дер екен.

Көргенім жоқ Орақты,

Айтуынан байқасам,

Әкесіндей зор екен!

Өгіз осындай болып келіп және қайғылы сөз айтқан соң, ел екі 

жақ  болды.  Біреулері:—Өгіздің  айтқанын  қылайық,  қақпаны 

ашып,  бітімшілік  жағын  сөйлесейік,—деді,  Енді  біреулері:—

Не айтып тұрсың өзің, аштан өлейін деп жүрген ноғай қақпаны 

бұза  алатын  ба  еді?!  ықтап  тұрып-тұрып  қайтып  кетеді.  Бұл 

ұйықтап қалып қол-аяғын кестіріп жүрген адам ғой!—деп ашу 

шақырып жатты. Сөйтіп жүргенде, таң атты. Зауал ауып, түс 

те қайтты.

Әділхан кешеден бері байлауда жатыр. Беденіне арқан бат-

ты. Ноғайлыдан хабар жоқ, қимылдауға мәдер жоқ. Өлер әлетке 

келіп  жатқанда  бір  топ  көк  кептер  ұшып  келіп,  Әділханның 

6420

6430


6440

308

БАТыРлАР  ЖыРы

308

309


тарыққан  кеулін  дәлбеп:  «уа,  дарих!  Менің  жайымды  білер 

жан  қайда?  Жасарал  мен  Қарасай,  Қазиға  менің  сәлемімді 

жеткізіңдерші?!  Ноғайлыларға  сәлем  айтыңдаршы!»—деп, 

кептерлерге тіл қатып жатқаны:

—Көк кептер, көкке ұшып қанат қаққан,

шарық  ұрып қалықтайсың сен шаттықтан.

Жатырмын жаным сүйіп қимылыңды,

Ойымның қылын шерткен көп аптыққан.

Әуелеп емін-еркін ұшып жүрсің,

Байланып мен мүсәпір жерде жатқан.

Дұшпанның қанын төгіп, қылыш ұрып,

Ер едім мініп тұлпар ойнақтатқан.

Тақ мініп, тап билеген адам едім,

Төрелік айтып тура шариғаттан.

Таңдаған су тұнығын құлан едім,

Су ішкен  тұнба қара тас бұлақтан.

Ақбөкен ар тұтынып кесе ортады,

Ол жүйрік жер жүзінде айуанаттан.

Ерегіс екі талай болған екен,

Кездесті сүрікті күн, құрған қақпан.

Көкке ұшқан көтеріліп, көк кептерлер,

Сен хабар білесің бе әскер жақтан?!

Білсең де, білмесең де дос тұтындым,

Күтпеймін еш жақсылық мен қалмақтан.

Су ішіп, дәнге тойып шалықтамай,

Сәлем  айт ноғайлыға біз тараптан!

Сәлем айт Жасаралдай асылыма,

Күн қайда аман жетер қосыныма?!

Жасарал жанын жылау қылмас па еді,

Көзімен куә болса осыныма.

Ары ұшын ноғайлының аңдамадым,

Білмедім өз пайдасын  басымның да.

Арман жоқ арым үшін өліп кетсем,

Ит қалар қамын ойлап басының да.

Қамалдан халқым хабар ала алмады,

Жасарал қала қойса мендей болып,

Мен қамалға түспес пе едім тұрған шыңда.

Сөзіне Ахметтің ерегісіп,

6450

6460


6470

308

308


309

ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ

Ерлік пен қатар қысып ашуым да.

Даңқ болып қалса ісім болады дағы,

Күш жетпей, жеңбесем де қасымды да.

Ер Әли—Жаратқан Хақ шын шерісі,

Ажалы құлдан болған ақырында.

Көк кептер, Жасаралға сәлемімді айт,

Жатыр деп жан жолдасың қайғы-мұңда.

Көк кептер, бұл сөзімді ал жадыңа,

ұмытып кетіп жүрме сен жайыңа.

Қазиға Қарасаймен көп-көп сәлем,

Сүйеніш болып жатыр ойларыма.

Атасы асыл туған абзал еді,

Ноғайлының бас байлаған боларына.

Бақытын Қарасайдың көркейтпекке,

Еш пайда ойламадым өз арыма.

Қалмақтан халқым қылған пайдасы жоқ,

Пайдасын Еділ көрген қашанында.

Қалмақты Орақ, Мамай қамап шөлге,

Дінсіздің басып қонған шағанына.

«Әділхан жаудан қайтпас ер еді» деп,

Сөз қалса келешекке болады да!

Үміткер екеуінен болып едім,

Кірер деп бұзып қалмақ қамалына.

Сөткіге мен кеткелі жақындады,

Барады күн кешкіріп, зауал ауа.

ұран жоқ Едігедей егеулі ерден,

Келмейді ешбір хабар құлағыма.

шалқамнан қалмақ халқы салды байлап,

Әлім жоқ жан-жағыма қарауыма.

Жандарын жан қалтаға сала берсін,

Тұрмайды сүрік бітсе амалына.

Олардан күдер үзер уақыт болды,

Сиынып шарықтаған шаттаныппын,

Қарамай басымдағы уайымға,

Келмейді еш жақсылық құлағыма.

«Әділхан ерлігі артық ер еді» деп,

Сөз қалса келешекте болады да.

Айуан адамзатты есіркей ме,

Сүйінбе, ұшқан құстың хабарына!

6480


6490

6500


6510

310

БАТыРлАР  ЖыРы

310

311


Көк кептер, аунақшыған ұшып көкке,

Сүйініш сөзім дағы айтқан текке,

Айтайын ойдағыны ойыма алған,

ықтияр, істің еркі Құдіретте!

Жарар деп жастайынан қосшылыққа,

Әбдіні Әділханның ізіне ертті.

Жас бала он алтыда не қылады,

Жұмысы ат ерттеген қызыметте?!

Көк кептер, сәлем айтсаң оған да айт,

Қалдырма, Әбдіжанды аттап өтпе!

Жақында жай білетін жараным жоқ,

Айтамын қиял таулап тек ермекке.

ұшқан құс, артықсыңдар осы күнде,

Түсесің, сұңқар кезіксе, қандай күйге?!

Көргенде ақсұңқарды көк аспанда,

Тығылып қашпас па едің кіріп үйге.

Сонда да менен сенің ойың толық,

Ойының әсер берді кеуіліме.

Әбдіге бір аманат тапсырайын,

Айтарсың барсаң ұшып жылдам-демде.

Бұл күнде көзің көріп жүрген шығар,

Қамалған қамалыңда әскерлерді.

Әбдіге айнытпастай айтарсыңдар,

Тапсырып айырықша мына сөзді:

—Сауарын Нартайлақты екі мезгіл,

Қоржыннан қос уыстап берсін жемді.

Сипасын сәске уақытта жабу алып,

Күймесін, абайласын, түгі күнге!

Басталған тап осы уақ күздің айы,

Жабуын айырмасын күндіз-түнде.

Құлыннан қолдан баққан Нартайлақты

Көксейді көкірегім бір мінерге.

Кеудеде жаным жатыр, көремін де,

Кім білед, көз жеткен бе ілгеріге?!

Егер де жазатайым болып кетсем,

Беде жем кім береді ол бедеуге?!

Тұғыр мен тоқалжалды бірдей болып,

Жалаңаш жайылады-ау боз көдеге.

Айтайын олайынша уайымды,

6520


6530

6540


6550

310

310


311

ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ

Жатыр ғой әзірінше жан кеудеде.

Сыналар жұмыс болды біздің елге,

Бұл жұмыс сын болып тұр туымды ерге.

Әділхан, Құдайға сен, құсқа сенбе,

уайым олай-бұлай барма сөзге!

Қарасай, Қази менен Жасаралға—

Жұмысым қиын болды-ау үшеуіне!

Ахмет абыройсыз, күле қарар

Есітсе сенің жатқан бұл күйіңе.

Дұшпанға сыр бермейтін сыпайы едің,

Туғаннан туымың бар бір кеуілде.

Жақында дұшпан тыңдап тұрған шығар,

Қиялым ере берме бос сөзіңе.

Айтты деп құстан сәлем күлкі қылар,

Бір ноғай ауып есі өлерінде.

Әділхан  кептерлерге  кеуіліндегі  мұқтажын  айтып  жата 

берсін.  Енді  қақпаны  бұзып  жатқан  Қарасай  мен  Өгізді 

масқаралап  жіберген  Қазидан,  қаланың  ішіндегі  қалмақ  пен 

сыртындағы ноғайлыдан айтайық.

Қалмақ халқы қайғырды,

Өгізді көріп айбынды.

Таң сарғайып атқанда,

Күн шашырап шыққанда,

«Ашайық,—деп,—қақпаны»

Бүкіл қалмақ ой қылды.

Бұлар бүйтіп жүргенде,

Қарасай да балталап,

Бір жапсарын күл қылды.

Сияр аяқ Сұркөкті

Жетелеп ішке кіргізді.

Белдемшесін белденді,

Ісін аман көрген соң,

Көкірегі желденді.

Қатуланған Қази да

Бір жапсарын бұл бұзды.

Жетелеп атын кіргенде

Бір суынып, бір қызды.

6560


6570

6580


312

БАТыРлАР  ЖыРы

312

313


Екеуінің ізінен

Қорықпайтын ноғайлының

Ішіне кірді ерлері.

Қалай қалсын далада

Жау іздеп келген бектері.

Кірген соң тұрсын несіне,

Аянар емес түрлері.

Қарасай, Қази—қос жетім

«Едігелеп!» ұрандап,

Жүре берді ілгері.

Қамалып тұрған қалмақтың

Аш бөрідей тайсалмай,

Арасына кірді енді.

Ту көтеріп Жасарал,

Ілгері жүріп қас қылды-ай.

Қарасай мен Қазидың

Көзі ешнәрсе көрмеді,

Қойға тиген қасқырдай.

Атақты ері қалмақтың

Өгіз еді қошқардай.

Қази оны жіберген

Бүгін етіп масқара-ай.

ұрыса берді қалмақтар,

Бас амандап қашпады-ай.

Бесінге дейін ұрысып,

Қайрат қылды жасқанбай.

Намаздыгер болғанша,

Кіргенменен қақпадан

Көшенің жолын ашпады.

Қанша қайрат қылғанмен,

Кіре алмады көшеге.

Қази ойлап бір ақыл,

Былайша ұрыс бастады:

«Едіге!» деп ұрандап,

Қази шапты айнала

Адамсыз жермен қалаға-ай.

Қарасай өтеді көшеге

Кеш болғанына қарамай,

Сияр аяқ Сұркөкті

6590


6600

6610


6620

312

312


313

ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ

Сауырына қамшылай.

ұмтылады ілгері

Түн болса да Қарасай.

Байлауда жатқан Әділхан

«Едіге!» деген ұранды

Есітеді құлағы.

Сол уақытта күн батып,

Сам жамырап қарады.

«Едіге!» деген ұранға

Тұла бойын тасқындап,

шексіз күш билеп алады.

«Я, Құдайлап!» бұл дағы

Қатты айқай салады.

Байлауда жатып жұлқынып,

«Тұрамын!» деп ұмтылып,

шіреніп кеп қалады.

Байлаған бұны алты арба

Тегермеші теңселіп,

Біріне-бірі соғады.

Айнала шапқан бала Қази

Айқайлаған дауысымен

Мұны тауып алады.

Әділхан мен ер Қази

Ақмоншақ атқа мінгесіп,

Қақпаға қайта барады.

Ту көтерген Жасаралға

Әділханды әкеліп,

Қази былай сөйледі:

—Ту көтерген, Жасарал,

Не ойлап тұрсың, сен?!—деді.

Біздің мынау Қарасай

Кеудесінде жаны жоқ

шын ақиқат ер!—деді.

Осы жүрген бетімен

ұрыса береді бұл!—деді.

Елден шыққан ноғайдың

Кейін қайтып көбісі,

Аз қалыпты ел,—деді.

Әділханнан артық па

6630


6640

6650


6660

314

БАТыРлАР  ЖыРы

314

315


Бір адамның ерлігі.

Жүз адамды өлтіріп,

Байланыпты, көр!—деді.

Мұның мұндай болғаны—

Қасында адам кем!—деді.

Қарасайды қайырып,

Далаға қайта жүр!—деді.

Осы түннің ішінде

Бізге керек нәрсені

Қалмақтың өзі береді,

шамамызды көрді енді.

Ақылы асқан патшасың,

Абыройды аласың,

Осы түннің ұрысын

Сұрай келдім мен!—деді.

ұрысуға болмайды,

Алдымыз болды түн!—деді.

Біз төртеуміз болмасақ,

Көптің жайы белгілі,

Бұл да тайпа халық қой.

Екі аяқты, бір басты,

Қанша айтқанмен бұлардың

Саны бізден артық қой.

Көшесінің ішінде

Неміз бар біздің соншама,

Одан да тыңда, сен!—деді.

Ойлап тұрмын бір ойды,

Жасарал патша, мен!—деді.

Қырым менен Еділден

Аттанды қалмай ел,—деді.

Жоқтап шықтық ар-намыс

Атадан қалған бір кекті.

Сары ноғай табында

Бәрі қайтқанға ұқсайды,

Ахметтей ер менен

Жәнікедей би кетті.

Ойлаған шығар қайтқандар:

«Әділхан, Қази өліп қап,

Қарасай мен Жасарал

6670


6680

6690


6700

314

314


315

ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ

Алды да мойнына бейнетті».

Сіз бенен бізге сәл бүгін

Құдай берді абырой,

Абыройсыз олар кетті.

Бергені емей немене,

Бұздық мынау Дербентті!

Бұл бір арман болып ед,

Әділхан аман қосылды,

Көмектескен оған Құдірет-ті.

«Қалмақтың Өгіз батырын

Масқаралады» деген сөз

Қаланы бүкіл тітірентті.

шыға алмады жекеге

ұмытқан шығар тірлікті.

шықпағаны ұрысқа

Бірдеңеге ілікті.

Ендігі қалған Күнқияш

Келмес пе екен таң ата,

шамам менің ретті?!

Қайырмасаң, Қарасай,

Өзі біліп қайтпайды,

Нағыз жансыз ер,—деді.

Өзі өлмей біреуден,

Не қалдырмай Сұркөкті.

Қаласында неміз бұл көпті?!

Құрта алмаспыз бұл көпті?!

Өстіп жүріп біз әлі

Қозғармыз,—деді—бұл жұртты.

Мәнжүрдің елі есітсе,

Қытай, қалмақ екеуі

Бір ұстаған діңгекті.

Біз келгелі қалаға

Бірталай күн мен түн өтті.

Онан келсе көп қалмақ,

Жақтаса қойса қытайлар

Да бізге сын жетті.

Ойлап қара, Жасарал,

Осы бүгін далаға

шығумыз керек-ті.

6710


6720

6730


6740

316

БАТыРлАР  ЖыРы

316

317


Бүгін жатсақ далада,

Қорқа қойса бұл қалмақ,

Күнқияштай қызымен

Сөйлесер патша бір кепті.

Мал-дүние аямай,

Көрсетер ертең зейнетті.

Ойыма менің бұл дұрыс,

Не ойлап тұрсың сен енді?!

Қазидың айтқан бұл сөзін

Жасарал патша «жөн» деді.

Сонымен Жасарал Қазидың бұл сөзін мақұл көріп, Қарасайды 

қала ішіндегі ұрыстан әрең дегенде далаға алып шықты. Күндегі 

қос  тіккен  жеріне  барып,  ноғайлылар  жата  берді.  Қаланың 

қақпасы  бұзылған  соң,  ноғайлылардың  Дербентті  алмай  тын-

байтынын  біліп,  «Өгіз  болса,  мынадай  халде,  енді  Күнқияш 

ұрысқа шыға ма екен, шықпай ма екен?» қалмақтардың жасы 

үлкендер жиналып Күнқияшқа келді.

Күнқияш:—Қарасайдың  артынан  қуып,  мені  жолдан 

алып қайтқаннан бері мен мұсылман дініне кіруге ант берген-

мін.  Әрі    Қарасай  қалайда  өзі  келіп  алып  кетер  деп  жүр  едім. 

Сондықтан мен оларға қарсы шыға алмаймын!—деді. Сонан соң 

қалмақтар:—Қарауымыздағы дүние-малды алып бітімшілікке 

жүр, халқымыз аман қалса болар,—десті.

Ноғайлыларға  баруға  келісіп,  олар  Күнқияшты  қаладан 

тысқа  шығарды.  Енді  оның  қасына  бір  кісіні  қоспақ  болды. 

Күнқияшты  қаладан  тысқа  шығарып  қойып,  кімге  айтса  да 

ешкім  баруға  батыл  көрсетпеді.  Адам  шықпаған  соң,  «өлсе  ит 

терісі,  өлмесе  қой  терісі»  деп  Өгізді  қосты.  Күнқияш  пен  Өгіз 

ноғайлылардың қосынына келіп, Қазиды тауып алды. 

Өгіз кідірмей, Қазиға тіл қатты:

—Жатырмысың, ер Қази,

Келді мына соғымың!

Ханға айттым қалдырмай,

Бірде-бірін сөзіңнің.

Қақпаны бұзып Қарасай,

Істеді бүгін білгенін.

шамалап айтып болмайды

6750


6760

316

316


317

ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ

Халықтың бүгін өлгенін.

Біздің халық қорықты,

Бұл да сенің жеңгенің.

ықтияр болып байлады

Күнқияштай хан қызын,

Бұл олжаға көнесің.

Жылқы, түйе аласың,

Біз бергенмен алмайсың

Сиыр мен қойды сен өзің.

Қаладан тысқа шығарады

Дүнияны тайлатып,

Аласың содан керегің.

Қоймаймын десең өзің біл

Дербенттегі қалмақтың

Бұл жалғанда дерегін.

Онымен қалмақ құрымас,

Мәнжүр деген жерімде

Хабарсыз жатыр көп елім.

Оған хабар беруге

Арланып едім мен өзім.

Қайтарамыз еліңе

Тұрсаң айтқан уәдеме,

Тек таңы атсын Тәңірдің.

Айтарсың және, батырым,

Кемісі болса кебімнің.

Бәрі бітті ойлансаң,

Бұл қалмақтан керегіңнің.

Орыны толды ортаймай,

Мұсылманның кегінің.

Бұл жалғанның жүзінде

Бейшара болып мен қалдым,

Орны бітпес кемімнің.

Бағана ғана кесілген

Айтары осы Өгізіңнің.

Біздің елде қалған жоқ

Қарасай, Қази арманың.

Атаң кеткен бұза алмай,

Бұл да абырой емес пе

Дербентті бүгін алғанның?!

6770


6780

6790


318

БАТыРлАР  ЖыРы

318

319


Күнқияшты және алып,

Қазына, дүния, сыйларын,

Айдап қайтсаң малдарын?!

Құрта алмассың қалмақты,

Төккенменен қандарын.

Мұсылмандыққа сай келмес,

Қырсаң енді балдарын.

ұрысқа келген кешегі

Бір ардақты ханыңа 

Көрсетем деп қорлықты

Алты арбаға байладым.

Ізіне ерген жүз адам

Бәрін де өзім жайладым.

Өлтіре алмай тек оны,

Ойымда кетті арманым.

Құлақ пен қолым кесіліп,

Тек тілімменен сайрадым.

Көрсетіп қойдың азарды

Мен секілді батырға,

Тарлығын қылып жалғанның.

Елді саған тастады

Тесіктен шығып қашқанда

Мәнжүрға қарай хандарым.

Аты шыққан адамдар

Еркін берді шолаққа

Осы бүгін мал-жанның.

шұнақ пен шолақ болсам да,

Бақыт болып қонып тұр.

Қази маған қылғанын

Көрдіңдер ме, батырлар,

Жасарал мен Қарасай?! 

Осындай етті ер Қази,

Жолығысып оңаша-ай.

Осы айтып болғаным,

Көп ноғайлы баласы-ай.

Мұнымды қалай көресің,

Сөзімнің осы сарасы-ай.

Өгіз айтты осылай

Ноғайлыдан көргенін.

6800


6810

6820


6830

318

318


319

ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ

Бітім айтып араға

Баяндады жүргенін.

Ноғайлы бұрын білген  жоқ,

Қазидың қорлық бергенін.

Айтқанда Өгіз бұл жайды

 «Қалмақты алған Қази! деп,

Қайратыңа пәли!» деп,

Паш етті оның ерлігін.

Қази сонда сөйледі:

—Жасарал мен Қарасай,

Және басқа ерлерім!

Қалай дейсің, көпшілік,

Күнқияш пен Өгіздің

Бітім айтып келгенін?!

Мұны мақұл көрсеңдер,

Қабылдайық сөздерін.

Қайырайық бұлардың

Бізге келген еңбегін.

Туған жұрты болған соң,

Қырғызсын қалай елдерін?!

Менің ойым осылай,

Абайласам жөндерің.

Бұған жауап беріңдер,

Қырымнан келген ерлерім!

Қази  мұны  айтқан  соң,  Жасарал:—Қалмаққа  бітісуге 

өзің  бар,—деп,  Қазиға  рұқсат  етті.  Қази  Өгіз  бен  Күнқияшты 

шығарып  алып:—Сіздер  бізге  деген  дүние-малды,  адамдар-

ды  ертең  күн  шыққанша  дайындаңдар!—деп,  екеуін  еліне 

қайтарды. Олар қайтып кеткен соң, Жасарал Қазидың айтқан 

сөзінің орынды жеріне жұмсалғанына, бүгінгі соғысты тоқтату 

жөніндегі кеңесіне риза болып «егер хан қойса, ағасы  Мамай-

дан кем болмас» деген қиялға тоқтады.

Сөйтіп, көпшілікті шақырып алып, Қази жайлы өз пікірін 

бастан-аяқ  баяндап,  «Кемеңгерлік  сөз—балдай  тәтті»  деген 

халқымыз. Қази сондай кемеңгерлік көрсетті. Сондықтан оның 

атын  алдағы  уақытта  «Бал-Қази»  деп  атайық  деді.  Барлығы 

бұған  келісті.  Өгізді  көзімен  көргендер  Қазидың  ерлігі  мен 

еңбегін мақтаныш етті.

6840

6850


6860

320

БАТыРлАР  ЖыРы

320

321


Енді екі жақты келісімнің немен біткенін баяндайық.

Халайық, тыңда отыр құлақ салып,

Таң атып осыменен болды жарық.

Баршасы аттаныпты ноғай халқы,

«Қалмақтар ұрысар» деп қылмай қауіп.

Қалаға бір шақырым жақын келіп,

Төрт жерден ту көтеріп тұрды барып.

Қалмақтар Күнқияшқа еркін берген,

Өгізді жолдастыққа жүрген алып.

Ішінен шаһарының дүние-малды

Қойдырған түніменен бұл шығарып.

Жасарал ноғайлының падишасы,

Халықта артық мұның даражасы.

Еділдің ноғайлысы елге қайтып,

Бөлініп қалған мұнда көп тамасы.

Мамайдан бері қарай қоңсы болған,

Және де Қарасайдың шын жолдасы.

Қырымнан келгендердің кеткені жоқ,

Һәммесі түгел тұрған кәрі-жасы.

Көп түйе, сансыз жылқы иіріпті,

Жайнаған үюлі тұр дүниясы.

Қалмақтың бастан кетіп ықтияры,

Жеңіліп, жер таянған бұл шамасы.

Жасарал көзін салса сол олжаға,

Мал-дүния он шақырым айналасы.

Жасарал қарап тұрып жан-жағына,

Ойлады: «Қалмаған,—деп,—жылқы малы!»

Түйенің түр-түрінен айрықша көп,

Тай-тай ғып буған және үюлі тұр

Көз тартқан не сан жиһаз, дүниялары.

Күлім көз, оймақ ауыз, айдай көркем

Он қыз тұр мол дүнияның дәл қасында.

Ақша бет, қиылған қас, жазық маңдай,

Күнқияш күндей балқып ортасында.

Жасаралдың көзі тойды көп олжаға,

Аз емес мұнша сыйлық ноғайлыға.

«Қызды алдық, қамал бұздық—бұл абырой,

Қосылды аман келіп Әділхан да.

6870

6880


6890

320

320


321

ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ

Болады да осы абырой бір сапарға,

Бір елді мұнан артық құртпақ бар ма?!

шамасын дүниенің айтып болмас,

Мал саны жетіп қалар жетпіс мыңға.

«Қалмақтың мұнысына қанағат!» деп,

Ноғайға Жасарал хан айтты сонда:

—уа, халқым, мына олжаны азсынбаңдар,

Абырой берген бізге Қадір Жаппар!

Аман-сау елге қайтсақ болар енді,

Көп шүкір Құдіретке төкпеген ар!

Сүрігі, демі біткен уақытында,

Адамның ажалдысы өлген шығар.

Қыз алдық, қамал бұздық,  дүния алдық,

Есесі ерегістің келген шығар.

Сөзінен Бал-Қазидың шықпағаным

Парасатты данышпаным білген шығар!

Артыңдар дүнияны нарға тайлап,

Жылқыны шығарыңдар жылдам айдап.

Он  қызды бөлек алып жағдай жаса,

Жылқыдан жорға мінгіз сайлап-сайлап.

«Қос табар керек кісі» деген мақал,

Тұрмайық енді мұнда көп қарайлап.

Кекті жау келе жатқан бұл қашаннан,

Кім білсін, жатқан шығар амал ойлап.

Қайратты қаһармандар халқымдағы,

Тұрыңдар сыртқа қарап, бек абайлап!

Ноғайлының Жасаралда тізгін-еркі,

шықпайды айтқанынан Қырым жұрты.

Тұрсын ба енді әскер, айдады мал—

Қалмақтан олжа болған түйе, жылқы.

Он қыздың олжабасы—ханның қызы,

Кигені бәрінің де ылғи құлпы.

Ноғайлы осыменен елге қайтты,

Қалмақтың олжа қылып дүние-мүлкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет