«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының



Pdf көрінісі
бет1/28
Дата06.04.2017
өлшемі2,43 Mb.
#11120
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28

Астана  

2008


«Мәдени МұрА» 

МеМлекеттік бАғдАрлАМАсының  

кітАп сериялАры

ҚАзАҚстАн республикАсының тұңғыш президенті  

нұрсұлтАн нАзАрбАевтың  

бАстАМАсы бойыншА шығАрылды



Құл-Мұхаммед М., төраға

Досжан А., төрағаның орынбасары

Асқаров Ә., жауапты хатшы

Қоғамдық кеңестің мүшелері:

Абдрахманов С.

Аяған Б.

Әбусейітова М.

Әйтімова Б.

Әлімбай Н.

Әуезов М.

Базылхан Н.

Байпақов К.

Биекенов К.

Бурханов К.

Ертісбаев Е.

Кенжеғозин М.

Қасқабасов С.

Нысанбаев Ә.

Өмірбеков Б.

Салғара Қ.

Сариева Р.

Сейдімбек А.

Сұлтанов Қ.

Таймағамбетов Ж.

Тұяқбаева Б.

Хұсайынов К.

«Мәдени МұрА» 

МеМлекеттік бАғдАрлАМАсын 

іске Асыру ЖӨніндеГі 

ҚоғАМдыҚ кеңестің ҚұрАМы


46 том

ББК 82.3 (5 Каз)

Б12

«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының 

Фольклортану, әдебиеттану және өнертану секциясының мүшелері:

Қасқабасов С. (төраға), Қорабай С. (төрағаның орынбасары),

Жұмасейiтова Г. (жауапты хатшы), Әзiбаева Б., Күзембаева С., 

Қирабаев С., Мамыраев Б., Қосан С.

Томды басуға М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының 

Ғылыми кеңесі ұсынған



Томның редакция алқасы:

Қосан С. (жауапты редактор), Қасқабасов С., Қирабаев С.,

Алпысбаева Қ., Әлібеков Т.

Томды жүйелеп, ғылыми қосымшаларын дайындағандар:

филология ғылымдарының кандидаттары: 

Алпысбаева Қ. (жауапты шығарушы), Қосан С., Тастанов Қ.



Б12 

Бабалар сөзі: Жүз томдық.—Астана: «Фолиант», 2008.

Т. 46: Батырлар жыры.—2008.—512 бет.

ISBN 9965-35-528-2

«Бабалар  сөзі»  сериясының  46-томына  «Қарасай—Қази» 

эпосының  екі  нұсқасы,  «Төрехан  батыр»  жырының  екі  варианты, 

«Бөген  батыр»  атты  батырлық  жырлары  енді.  Жырдың  сюжеті 

ноғайлы кезеңінің тарихи оқиғалрын баяндайтын қазақ аңыздарына 

құрылған.

Б

4702250205



00(05)—07

  

ББК 82.3 (5 Қаз)



ISBN 9965-35-528-2 (т. 46) 

© Әдебиет және өнер институты, 2008



ISBN 9965-619-60-3 

 © «Фолиант» баспасы, көркемдеу, 2008



ҚұРАСТыРушылАРДАН

М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мемле-

кеттік  «Мәдени  мұра»  бағдарламасы  аясында  жарық  көретін 

«Бабалар  сөзі»  сериясының  жүз  томдық  ғылыми  басылымын 

әзірлеуді одан әрі жалғастырады.

Серияның  бұған  дейін  жарияланған  қырық  алты  томы 

ұлттық  фольклорымыздың  аса  бір  көркем  де  көлемді  саласы 

болып  саналатын  эпостық  шығармаларға  арналды.  Дәлірек 

айтқанда,  бүгінге  дейін  хикаялық  дастандардың  он  үш  томы, 

діни  дастандардың  жеті  томы,  ғашықтық  дастандардың  сегіз 

томы, тарихи жырлардың үш томы, батырлар жырының он төрт 

томы,  сондай-ақ  шежірелік  дастандардың  бір  томы  әзірленіп, 

баспа  бетін  көрді.  Бұл  басылымдардың  он  томы  Қытайдағы 

қазақ фольклорына арналғаны мәлім. Қазақ халқының қымбат 

қазынасы—фольклор  жинақтарының  жоғары  деңгейде  безен-

дірілген  жаңа  басылымын  оқырман  қауым  үлкен  қуанышпен 

қарсы  алды.  Алла  қаласа,  қазақ  эпосының  көркем  үлгілерін 

жариялау осымен шектелмейді.

Оқырман  назарына  ұсынылып  отырған  аталған  серияның 

46-томы батырлар жырына арналды. 

Бұл  томға  «Қарасай—Қази»,  «Төрехан»,  «Бөген  батыр» 

тәрізді  қазақтың  қаһармандық  эпостары  еніп  отыр.  Бұған 

дейін»Қарасай—Қази»  жырының  10-нан  аса  нұсқасы  екі 

томға  жинақталып  баспа  бетін  көргені  мәлім  (41,42-томдар). 

Кезекті  басылымға  жырдың  алғашқы  жинақтарға  енбеген 

таңдаулы  үлгілері  ретінде  маңғыстаулық  жыршы  Қобылаш 

Бекмағамбетов пен аралдық ақын Нұртуған Кенжеғұлұлының 

варианттары ұсынылды. Осы томға «Төрехан» эпосының атақты 

халық ақыны Нұрпейіс Байғанин жырлаған және фольклоршы 

Бисен  Сариманов  ел  аузынан  жазып  алған  белгісіз  жыраудың 

нұсқасы да еніп отыр. 


6

БАТыРлАР  ЖыРы

Сондай-ақ жинаққа көне қазақ-ноғай тарихи аңыздарының 

сарынымен шығарылған «Бөген батыр» эпосының екі нұсқасы 

кірді. Бұл екі нұсқаның жыршысы белгісіз. Өзара аздаған сю-

жеттік айырмашылықтарымен қатар, кейіпкерлердің есімдері 

де  біраз  өзгеріске  түскен.  Жырда  Алтын  орда,  ноғай  хандығы 

тұсындағы  тарихи  тұлғалар  мен  аталған  мемлекеттердің 

аумағындағы Орал, Атырау, Ақтөбе өңірлерінің ежелгі жер-су 

аттары (Жирен—көл, Елек т.б.) ұшырасуына қарап, әдеттегідей, 

бұл  эпостың  қазақтың  батыс  өлкесінде  қалыптасып,  дамыған 

жыраулық мектеп өкілдері шығарып, таратуы әбден мүмкін деп 

санаймыз. «Бөген батыр» жырында қазақ эпосындағы ғажайып 

туу; батырға лайық ат таңдау; қалыңдық үшін күрес; әйелдердің 

күндестігі  т.б.  тұрақты  мотивтер  орын  алған.  Кітапқа  енген 

«Қарасай—Қази»  эпосының  Қобылаш  нұсқасы,  «Төрехан» 

жырының Б.Сариманов варианты және «Бөген батырдың» бел-

гісіз ақын жырлаған екінші нұсқасы бұрын жарияланбаған.

Аталған  эпостардың  сюжеттік  арқауы—XI—XVII  ғасыр 

аралығындағы  ноғай-қазақ  ұлыстарының  басынан  өткен  та-

рихи  оқиғалар,  бұрынғы  Жошы  хан  ордасы  біржола  күйреп, 

ыдыраған кезеңнің дүрбелеңі. Сөйтсе де, қаһармандық эпостың 

мазмұны нақты тарихи оқиғаларымен үйлесе бермейтіні анық. 

Себебі,  қазақ  эпосы  қашанда  дала  жыршыларының  бірнеше 

ұрпақ өкілдерінің қиял елегінен өткен, көптеген жыр мәтіндері 

көне  фольклорлық,  мифтік  сарындармен  толығып,  жаңғыра 

түскен.

Томға  ұсынылып  отырған  жыр  мәтіндері  ӘӨИ  Қолжазба 



қоры мен ОҒК сирек қорында сақтаулы түпнұсқалары  бойын-

ша әзірленді.

«Бабалар  сөзі»  сериясының  негізгі  ұстанымдарына  сәйкес, 

қырық алтыншы том ғылыми қосымшалармен толықтырылды. 

Ғылыми  қосымшаларға  томға  енген  мәтіндерге  жазылған 

түсініктемелер,  сөздік,  жер-су  атаулары,  мәтіндерде  кезде-

сетін тарихи тұлғалар мен діни есімдерге арналған түсініктер, 

эпостың  жинаушылары  мен  оның  жырлаушылары  туралы  де-

ректер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, орыс және ағылшын 

тілдерінде жазылған түйін кірді.

Томның көлемі—32 б.т.


6

Ноғайлының елінде

Талай ерлер өтулі.

Астана, елдің қамы үшін

Дұшпанға қарсы бекінді.

Батырлар шыққан айбарлы,

Айбатына қарасаң,

Арыстан тұлға секілді.

Мінгендері тұлпар ат

Жал-құйрығы күмістей,

Төгілген алтын кекілді.

Халыққа сөзі өтімді

Аш-арығын тойғызып,

Қол астына жинаған

Мүгедек, әлсіз, жетімді

Едіге батыр, Нұрадын.

Ер серігі тұлпары

Мың аршын көкке секірді.

Дұшпанына қарленсе,

Тартқан садақ жебесін

Жеті қырдан өтірді.

Ерлердің мінген тұлпары

Көтерілсе, көкке ұшар

лашын сұңқар секілді.

Өзен-дария кездессе,

Өте шығар, бұрылмас, 

Іздемес өткел-көпірді.

Ноғайлының ерлерін

Халқым, айтып берейін,

Бұйығып тыңда кепімді.

Қарасай—Қази



(Қобылаш Бекмағамбетов нұсқасы)

10

20



10

БАТыРлАР  ЖыРы

10

11

Ата-тегін қозғауға,



ұзаққа кетіп созбауға,

Аудардым соған бетімді.

Ноғайлының елінде,

Атамыз Алаш жерінде

Бір азырақ бастайын,

Қозғалсын әруақ көрінде.

Бес қаруын асынып,

Кіреуке сауыт жамылып,

Дулығасы басында,

Тұла бойы көк жасыл

Оранған ерлер темірге.

Осы айтылған ерлердің

Түп атасы—шөлқайып

Жеті пірден бата алған,

«Әумин» деп қол жайып.

шөлді кезген Қайыпқа

Кездесті сұлу зайыпқа.

Перінің қызы қосылып,

Болды жұптылы лайық.

Одан туған кім десең,

Білдірейін білмесең,

Бабай Түкті шашты Әзиз

Кел осыған тұралық.

Қырық мың үйлі ноғайлы

Әулие батыр шыққасын,

Ел болыпты құралып.

Ескіден қалған құралық

Қанша айта келгенмен

Ең абзалы-үш арман,

Жемісін сөздің бұралық.

Бабай Түкті шашты Әзиз

Одан туған кім десең,

Ала тайлы Аңшыбай.

Ерегескен дұшпанын

Табанға салып жаншыды-ай.

Ашуы ердің тарқамас,

Көк сүңгісін шаншымай.

Сүйген жарын айтайын,

30

40

50



60

10

10

11



ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ

Перінің қызы—Құралай.

Көңілім—теңіз, сөз—кеме,

Жаманы құрысын жан деме.

Қоспағы құрысын мал деме,

Жолдас болсаң жаманмен,

Көңіліңе салар әр неме.

Жақсыдан жаман ұл туса,

Жоғалар, орны бар деме.

Жақсыдан туған кім десең,

Әруақты Едіге.

Едіге ұлы Нұрадын

Тарқатпай жатқан құралын,

Ағызған судың бұлағын.

Қарсыласқан дұшпанның

Сөндірген панар, шырағын.

шын қаһары келгенде,

Жалаңаш қолмен ұстаған

Айдаһар абжор жыланын.

Өтірік емес бұл сөзім,

Сөз есі періден сұрадым.

Қасиетті пір де өткен

Бұйрығыменен Құданың.

Отыз ұлды Мұса хан,

Жасынан Мамай хан болған.

Өлерінде ер Мұса

Ер Сайынды шақырып,

Сонда Мұса сөйледі:

—Құрдасым, Сайын, сен едің,

Тапсырам саған аманат,

Болар қабыл дегенім.

Сен ақылға кең едің,

Артымда Орақ жас қалды,

«Жақсыдан қалған тұяқ» деп,

Сен қолтығынан демегін.

Орақ балам ер жетсе,

Ноғайлыға қамқоршы,

Дұшпанның бұзар көгенін.

Едіге атам бөлесі

Әліптиін қаралар

70

80

90



100

12

БАТыРлАР  ЖыРы

12

13

Ол—періден өнген ұрпақтар.



Аяғы сылтық, көзі жоқ

шәудір шалдың қызы бар.

Қолыңа түссе келінің,

Екі арыстан ұл туар.

Орағыма алып бер,

Өзіне жұпты тең еді.

Батыр аңқау, ер көдек

Айтқаныңды тыңдамас,

Алдап-сулап қолыңа ал.

Батыр Орақ баламның

Ақылы есер, кем еді.

Аманатын тапсырып,

Мұса батыр өледі.

Ер жеткесін ер Орақ,

Атасы Сайын келеді.

Сонда Сайын сөйледі:

—Қарағым, балам, ер жеттің,

Қаптаған қалың жауың бар,

Жан-жағыңа көзің сал.

Елден сұлу таңдасаң,

Мен құсаған қартыңды

Талаптансаң әр іске,

Ер бақыты ашылар.

Орақ пен Сайын қосылып,

Келеді елді аралап.

Кездеседі талай қыз,

Батырға бәрі жарамады.

Мұсаның досы ер Сайын

Батырға сұлу таппады,

Досының ісін ақтады.

«Қарашаш қыз сұлу» деп,

Көпірте Сайын мақтады.

Жалпақ жатқан көп елдің

Бәрін шықты аралап.

Бір жерлерге келгенде,

Байдың қызы кілең мас,

Астына мінген тірәнтас.

Аяғы сылтық, көзі жоқ

110

120


130

140


12

12

13



ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ

Бір қыз келді жалаң бас.

Ол қызға көзін салғанда,

Жек көрінді батырға

Дұшпанындай алдырмас.

Назарын қызға салмады,

Ит тигендей арам ас.

Назарын батыр салмады,

Жаңағы сұлу қыздардың

Ізінен Орақ қалмады.

«Бұл қалайша болды» деп,

шақырып алып ер Сайын,

Жұбатып сөзбен алдады:

—шырағым, әкең ер Мұса

Тапсырған қызы сол еді.

Арғы тегі періден,

Ақсақ, соқыр, нашар деп,

Батырым, бұдан жеріме.

Тірлігінде ер Мұса:

«Екі алып қосылса,

Ер туар деп арыстан,

Қашар деп дұшпан алыстан,

Қарашаш келін, Орақ» деп,

Екеуіңді теліген.

Сенің әкең ер Мұса

Қияметтік дос еді

Айрылмастай менімен.

Бұл тілекті бермесең,

Батыр Орақ, айтайын,

Жарым жасым кеміген.

Мақұл десең, Орағым,

шәудір шалды табамыз

Балық аулап күнелткен

Қара теңіз көлінен.

Әліптейін қара дейді

Таныссаң арғы тегімен.

Сылтық қызда әруақ бар,

Несебі тиген қара тас

Темірдей балқып еріген.

Сонда Орақ сөйледі:

150

160


170

180


14

БАТыРлАР  ЖыРы

14

15

—Әкемнің досы ер Сайын,



Ақсақ, соқыр, мүгедек

Қарасаң маған тең бе еді?!

Байдың қызы кілең мас,

Астына мінген тірәнтас.

Ақсақ қызды мақтадың

Адым жерге жүре алмас.

Оқ жыландай сұлудың

Біреуін алып бермедің.

Қатарымнан кем болсам,

Жақсы болар өлгенім.

Қайтпас батыр ер болып,

Дұшпанға қылыш сермедім.

Бұрылуға шамам жоқ,

Қысылғаннан терледім.

«Атаңнан қалған өсиет» деп,

Өтірік сөзбен өңдедің.

Мүгедек, соқыр алғанда,

Үйді өзім тігем бе?

Қалай әзіл айтармын

Нағашылы-жиенге.

Сыпатты сұлу бойыма

Жеңсіз қамқа кием бе?

Қатар құрбым жиналып,

«Не» деп жауап берермін

Мүгедек соқыр дегенге.

Қажетіме жарамас

Ит тигендей арам ас.

Сонда Сайын сөйледі,

Сөйлегенде бүй деді:

—Қарағым Орақ, құлақ сал,

Алдыңда тұрған қартың көп.

Бір бұтағың мың болар,

Құнарлы жерге тұқым сеп.

Аяғы сылтық соқырдың

Тумалас түбі—ата тек.

Тыңдасаң, балам, осыны ал,

Мал шетіне қоя сал,

Арам астай көрсең жек.

190

200


210

220


14

14

15



ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ

Көктің нұры төгілсе,

Мәуелі жеміс көгермек.

Атаңнан қалған бұл өсиет

Айтылған емес басына.

шәудір шалды табамыз

Балық аулап күнелткен,

Аралда жатқан қосына.

Мендегі арман осы еді:

Қарашаш, Орақ қосылса,

Болмас едім қарыздар

Хан Мұсадай досыма.

шәудір шалға барғанда,

Қарағым, балам, қолын сүй,

Амандасып басыңды іи.

Айбаты күшті қарт еді,

Едіге батыр, Нұрадын

Солардан соңғы арты еді,

Қорқып кетпей есің жый.

Жинауға дүние қызбаған,

шамалы шығар жағдай-күй.

Мың дұшпаннан қайтпаған,

Жалған сөзді айтпаған,

Сөйлесе тақ-тақ тілге би.

Дәу періні табуға

Орақ пен Сайын келеді.

Келе жатқан қос қара

Алыстан шәудір көреді.

Едіге, Мұса, Нұрадын

Ар жағы туыс бөле еді.

Әлқисса,  шәудір  мен  Сайын  қарсы  келіп,  құшақтасып 

көрісіп, балдырған жас бала Орақ батырға назар аударды. Сонда 

Сайын былай деді:

—Кешегі  сенің  әкең  Әліптейін  қара  Едіге  батырмен  бөле 

еді, соның баласы Нұрадын, одан хан Мұса, соның баласы Орақ 

деген  осы.  Сол  уақыттарда  шәудір  шал:—Жақсыдан  қалған 

ұрпағым, көз алдымда шырағым,—деп, Орақты басып құшақтап 

сүйе  берді.  Бір  мезгілде  мауқын  басып,  Сайын  мен  Орақты 

«қонақ болың» деп үйіне ертіп алып барды. Қамыстан тоқыған 

230


240

250


16

БАТыРлАР  ЖыРы

16

17

төсегіне «жоғарылаң, төрлең» деп отырғызып, қонағасым мы-



нау деп бекіре, жайын, шоқыр деп қазан толтыра ас сала берді. 

Қарашаш қазан басында аяғын сылти басып, тамақ  жабдығына 

кірісе бастады. Тамақ жеп болғасын, қонақтар далаға шығып, 

келген жай-жапсарларын сөйлесті. Сонда Сайын құрдасы Мұса 

ханның тапсырған аманатын айта салды.

    


Сол уақытта шәудір шал

Естіп жағдай хабарды,

Иілген белі түзеліп,

Нұрланды батыр ажары.

—Ризамын бөлеме,

Көңілде кірім тазарды.

Артымда қалған бір тұяқ

Қарашаш еді жалғызым.

Бұл қызымда әруақ бар,  

Көтерілсе, көкке ұшады.

Иран менен Бағдаттың

Күні бүгінге дейін

Аралап қайтады базарды.

Оң болар, сірә, сапарым,

Орақ балам, айтайын,

Қасиетті атаң хан Мұса

«шәудір шалға барсам» деп,

Аударған екен назарды.

Қанеки, балам, бері кел,

Берейін бата, қолың жай.

Мың дұшпаным келсе де,

Әл бермессің, алыссаң,

Боларсың алып қажырлы.

Сөйдеді де шәудір шал,

Ауын алып қолына, 

Жүріп кетті теңізге.

Жымиып қартың күледі:

—Екеуіне қарасам,

лайықты жұптыдай

Бірге туған егіз бе?

Мен келермін қазір,—деп,

Қонағыңды жайлай бер,

260

270


280

16

16

17



ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ

Қарашаш балам, айтқаным,

Көргенсіз қыз дегізбе.

Далаға шықты Қарашаш,

Сыпатына қарасаң,

Қайтпас қайсар батырдай.

Ата жауын жаулаған

Қасиетті шәудір шал 

Жасынан қызын баулыған.

Сылти басқан табаны

Бір бағыттан аумаған.

Түзге отыра шыққанда,  

Артынан шықты қонақтар,

Етегін қағып, тез қайтты.

Отырған жерін қарасаң,

Топырақ жанып лаулаған.

Көргесін қыздан қасиет,

Кемітіп жүрген ер Орақ

Тұла бойын тер басып,

ұялып батыр жаураған.

Қайта оралып шәудір шал,

Сөйлейді сонда қартыңыз:

—Жалғыз қызым сен едің,

Отырсың отау шыққалы.

Тартылған көзі бұлақтай

Құлазып қалар артымыз.

Ағайын-тума бізде жоқ,

Әзірше жүрген жалқымыз.

Ақ батамды бергенім,

Орақ батыр, Қарашаш,

Сапарыңыз оң болғай,

Хан ордаға тартыңыз.

Қайырымды ел,—дейді,—

Назарыңды салып жүр.

Ал, балдарым, жүре бер,

Мен қалайын,—деді,—аралда.

Қысылған жерде, балдарым,

Қамқоршы болғай бір Алла.

Орақ балам, айтайын,

Тәкаппар болып аспалап,

2-310

290


300

310


320

18

БАТыРлАР  ЖыРы

18

19

Салмашы көзіңді арамға!



Бізден енді көп сәлем

Ноғайлы жатқан байтақ ел,

Құдамдалы жаранға. 

Күнелтермін осы жерде,

Жасы жеткен қарт едім.

Саған намыс, ар болар,

Қыз, күйеуге барам ба?

Орақ балам, батырсың,

Ерлігіңде шегің жоқ.

Болмас дәулет қораңда,

Екі ұлың, бір қызың

Болады екен, шырағым.

Одан көпті бермеді,

Өлшеп бергені несі екен,

Алланың өзі сараң ба?

Өзіңдей батыр ер болар

Түсімде көрген шын болса,

Қарасай, Қази балаң да.

Ер Сайын шексіз көңілді,

Айтқанына көндірді

Орақ батыр еріңді.

Алтын сарай ордаға

Түсірді келіп келінді.

Сонда Сайын сөйледі:

—Еткеніміз ем болды,

Сындырмас дұшпан белімді.

Дұшпаным қашар алысқа,

Екі арыстан ұл туса.

Хан менен бектер жиналып,

Көбейер досың төріңде.

Айлардан айлар өткенде,

Екі жыл мөлшер жеткенде,

Қарашаш айтты батырға:

—ұсташы менің белімді,

Мысырдың қара тасына

Аңсам ауып мен жүрмін,

Дүниеге келер арыстан

Бір белгісі көрінді.

330

340


350

360


18

18

19



ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ

Батыр Орақ сол жерде

Мысырға сапар шегеді.

Әкелді Мысыр тастарын,

Сол уақытта Қарашаш

Ауызға салып тастарды,

Қашыр-құшыр шайнады.

Болатын болды осы тас

Дертке дұға пайдалы.

Жалғыз көзі сұлудың

шам-шырақтай жайнады.

—Мысырдың қара тасына

Қанды, білем, жерігім,

Ризамын, Орағым,

Жан жолдасым серігім.

Еткеніміз ем болар,

Мен жиені едім перінің.

Сол уақыттары Қарашаш

Жалғыз көзі панардай,

Бөксе жағы самардай.

Қарасай, Қази, Ақ Қибат

Үш перзент көрді батырдан,

Бұған халқым нанар ма-ай?!

Ер құмардан шыға ма,

Барған адам ер екен,

Көргенін айтып жүр екен.

Жолдың өте қиыны

Жалған емес, шын екен.

Ат бауырлап шаба алмас,

Орғал-орғал құм екен.

Құмнан өтіп қарасам,

Терең батпақ сор екен.

Сорға жалғас тас өткіл

Жалғыз аяқ жол екен.

Сордан өтіп қарасам,

шалқып жатқан көл екен.

Көлге жалғас қазулы

Алты қатар ор екен.

Қазған ордың ар жағы

Айналасы айшылық,

370

380


390

400


20

БАТыРлАР  ЖыРы

20

21

Көлденеңі күншілік



Он екі ханның елі екен.

Он екі ханның бастығы

Қарасанның ұлы екен.

Дәрбент деген қаласы

Әр қаладан зор екен.

Баратқанда жолымда

Қырық көмірші тап болды,

Одан әрі бармадым.

Қолыма белгі алған соң,

Не қылсаңда, ер Әділ,

Ендігісін өзің біл. 

Сонда Әділ сөйлейді,

Сөйлегенде бүй дейді:

—Орақтың Қази баласы

Асыл ердің данасы.

Өз басына бермесе,

Не болады жігіттің

Атасы мен бабасы?

Атаң Орақ болса да,

Туыпсың жаман шамасы.

Сенің айдап жүргенің

Қаңғырып жүрген көмірші.

Батыр болсаң сен,—деді,

Қызылбастың елінен

Бір қызды алып келмедің.

Келмегенсін қыз алып,

Кімдер сені ер десін!

Қыз түспесе қолыңа,

Бір батырын өңгеріп,

Қолын байлап құл қылып,

Құлақ мұрын кескілеп,

Денесінің сау жерін

Найзаменен тескілеп,

Құлағын кесіп кұнтитып,

Мұрнын кесіп тымпитып,

Алып неге келмедің?

Айырып беттен пердесін,

Дұшпаның қалсын түңіліп,

410

420


430

440


20

20

21



ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ

Міне туған ер десін!

Сонда Қази сөйлейді:

—Қайдан білдің кемімді,

Көрмейсің бе теңіңді?

Қате айтып сөзіңді,

Қалдырып тұрсың   көңілді.

Ата тегің кім еді,

Тегіңде ерлік жоқ еді.

Сен қайдан таптың ерлікті,

Бересің кімге кемдікті?!

Менің атам—Едіге

Ата жауын жаулаған.

Әруақты туған Едіге

Ерегескен ханды өлтірген,

Басын кескен деп еді.

Сенің атаң—Мұханбет,



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет